Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»


бақыт тек ізгі мақсатты адамдардың ғана еншісі



Pdf көрінісі
бет8/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

бақыт тек ізгі мақсатты адамдардың ғана еншісі 
дейтінім содан.
Ал арам ниетті көздеген, теріс, пасық пиғылды жаман адамдар 
ешуақытта бақытты болмақ емес. Олардың бақыты алдамшы, көбіне, 
шалажансар, жарымжан бақыт. Олар кейде өмір дастарқанынан көбірек 
қарпып, тіршіліктің қайсыбір игіліктерін көбірек пайдалануы да 
мүмкін. Бірақ олардың сол арзан бақытының өзі де шынайы бақытпен 
қоңсы қонуға жарамайтын, көмескі, жалтыраса да жарқырамайтын, 
жарқыраса да жылытпайтын, базарсыз, баянсыз бақыт. 
• 
Мәтіндегі «көреген көз», «сезімтал жүрек» деген сөз тіркестерін 
қалай түсінесіздер? Ол қасиеттер адамдармен қарым-қатынас 
жасауда не үшін қажет?
• 
Адамдар неліктен жақсы адамды басқа жерден, алыстан 
іздейді деп ойлайсыздар?
• 
Жанымызда жүрген жақсы адамдарды көріп, байқау үшін 
адамға қандай құндылықтар мен қасиеттер қажет?
• 
Адамды жақсы ететін қандай қасиеттер?
4-тапсырма. 
Абайдың «... Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: 
ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» сөзін басшылыққа 
алып, төмендегі жағдаятты шешіңіздер. Сахналау 
ұйымдастырыңыздар. 
АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ


13
Ол 100 теңгесін мұқтаж жанға қимайды, бірақ сол 100 теңгеге 
дүкеннен онша қажет емес бірдеңе алғысы келеді…
Ол күнделікті үй тапсырмасын дайындауға кететін 2,5 сағатын 
көп көреді, бірақ теледидардан жәй бір кино немесе ойын қарауға одан 
да көп уақыт жұмсайды…
Футбол ойнауға, дүкен аралауға қосымша уақыттың болуына 
қуанады, ал сабақтың, пайдалы ақпараттармен танысудың қосымша 
бірнеше минутқа созылғанына ашуланады…
Ол білім іздеп, кітапханада кітап оқығанда уақыт тоқтап 
қалғандай болады, бірақ теледидар, компьютер алдында қанша сағат 
отырса да уақыттың зымырағанын сезбейді…
Ол жақынына жәй ғана қолұшын
7
 беруге уақыт таппайды, бірақ 
өзіне барлық уақытын арнайды ...
Ол рухани әңгімелерді тыңдауға, айтуға қызықпайды, бірақ 
қауесетті тыңдап, басқаға айтудан ешқашан жалықпайды...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет