11
тани білу үшін де көреген көз керек, өмір мұхитына үңіле қарай білетін,
адам жанының сырсандығына, адам деген құдіретті жаратылыстың
тұңғиық тереңіне сүңги
білетін көреген көз, сезімтал жүрек керек.
Жақсы адам... Бақытты адам... Бақыт...
Қандай жақсы ұғымдар. Тек солар жайлы ойлағанның өзінде
жаныңды әлде бір жылы сезімдер баурап өткендей болады.
Жақсы адам, бақытты адам деп кімдерді айтуға болады?
Былай қарасаң, бұл сұрақ өте
оңай, қарапайым сияқты көрінеді.
Бірақ ол алғашқы, алдамшы әсер
ғана. Ойланып, толғанып, нақты
жауап іздей бастасаң, бұлардың
оңайлығы да,
қарапайымдылығы
да сағымдай бұлдырап, алуан
ойлардың орманына әкетіп қалады.
Кейде, біз, жақсы адам дегенде,
айналамызға, төңірегімізге қарамай,
әлдебір алыстан, ғайыптан іздегендей, бөгде бөтен жаққа көз тігетініміз
болады. Қасымыздағының бәрі қарапайым, елеусіз, ешқандай кереметі
жоқ дегендей қомсынамыз ба, қайткенде, оны аттап өтуге бейім
тұратынымыз бар. Расында, өмір барлық жерде өмір, өмірдің, елеусізі
де, ерекше кереметі де кез-келген жерде, барлық жерде болып жатады.
Шынтуайттап келсек, бағдарлап, бағалап көре білсек,
әлгі біз іздеп
жүрген кереметтердің бәрі тап өзіміздін, қасымызда, көз алдымызда
болып жатады. Айтып жүрген жақсы, бақытты адамдарымыз да
жанымызда, өз арамызда жүреді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін мен өзім
білетін біраз адамдардың өмірінен мысалдар келтірейін.
Мен олардың әрқайсысымен әр кезде әр түрлі жағдайда кездескенмін.
Олардың әрқайсысы әр түрлі мамандықтың иелері. Ешқайсысы да
елден ерекше туған жандар емес, қарапайым елеусіз көптің бірі. Бірақ
әрқайсысының өзінше жақсы қасиеттері бар деп ойлаймын. Өз басым
бұлардың қай-қайсысын болмасын тамаша адамдардың қатарына
қосамын.
Бұл жерде менің айтайын деп отырғаным – біздің айналамыздың,
өміріміздің тамаша адамдарға толы екендігі. Бұларды ажырату үшін
айналамызға сәл ғана ойлана көз жіберсек болғаны,
олардың қаптап
жүргенін көреміз.
Расында, біздің арамызда тамаша адамдар көп. Мен солардың кез-
келгенін тоқтатып, әрқайсысының бойынан асыл қасиеттерді тауып бере
алар едім деп ойлаймын. Бірақ соларды көріп, тани білу керек, сүйе білу
керек. Бұлардың бәрі дерлік асқақ арман, ізгі мақсат қуып өмір сүреді.
Расында, біздің арамызда
тамаша адамдар көп.
Мен солардың кез-келгенін
тоқтатып, әрқайсысының
бойынан асыл қасиеттерді
тауып бере алар едім деп
ойлаймын. Бірақ соларды
көріп, тани білу керек, сүйе
білу керек.
АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ
12
Осыларды ойлай келе, мен, шынайы бақыт – ізгі мақсатты адамдардың
ғана еншісі емес деген тұжырымға келдім. Бақытты болу үшін адам
алдына асқар да зор, ізгі мақсаттар қоюы қажет. Асыл арман, ізгі мақсат
көздеген адамның өмірі қызықты, әрі терең, мазмұнды болатыны сөзсіз.
... Міне, осындай ұлы адамдардың өміріне қарап отырып, мен жақсы
адам, бақытты адам болу үшін адамның қиыншылықсыз-азапсыз, аста-
төк молшылықта, рахат өмір сүруі міндетті емес деген ойға келемін.
Себебі, өз басым, аталған адамдардың қай-қайсысын болсын тамаша,
бақытты адамдардың қатарына қосамын. Олардың бақыты – мағынасыз-
мақсатсыз
өмір кешпегенінде, олардың бақыты – өздерінің өмірімен
адамзат үшін игілікті, өнегелі өмір сүргендігінде. Олардың бақыты
– адам деген атты жоғары ұстап, адамзат алдында, болашақ ұрпақтар
алдында құрметке ие болуында.
Кейбір тоғышарлар ойлайтындай, асыра ішіп, артық дәулет іздеп,
ойын-сауықпен ғана дәурен сүру сияқты арзан бақытты алданыш
тұтпайды олар. Сондайлық өмір қиындығы мен қысымын, азап-
тақсіретін тартып өмір сүргеніне
қарамастан, олар өмір зая кетті-ау
деп әсте өкінбейді. Егер өмір екінші рет берілер болса, тап сондай
соқтықпалы-соқпақсыз өмір жолын таңдауға әзір екендігін айтады олар.
Міне, өмірдің мәнін, бақыттың мағынасын мен осы тұрғыда түсінемін:
Достарыңызбен бөлісу: