9
2-тапсырма.
Берілген
мәтіндерді оқып, оған өз пікірлеріңізді
білдіріп, ой қорытындысын жасаңыздар.
1. Тобықты елімен көршілес төлеңгіттен шыққан Меңаяқ би
қайтыс болғанда, жиналған елге Абай:
– Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, – дейді. Азалы
елдің бір үлкен адамы:
– Абай ау, сен дана емес пе едің. Ол не дегенің?! Меңаяқ өз атын
ғана алып жүрген емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған
Абай:
– Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенге бақ
көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай
алмай, абыройын шашатындар көп. Меңаяқ содан аулақ жан еді. Оның
зор адамдығының өзі сонда еді, – депті. (Ел аузынан).
2. ... Өмірдің алдында бәріміз шәкіртпіз.
Адам деген атқа лайық өмір сүру үшін адамға білім керек, ыждаhат
керек, білік керек. Оны игеру үшін ғасырлар бойы аузы дуалылар жақ
жаппай баршамыз үшін – бүгін жер басып жүргендеріміз үшін де,
бұл дүниеге бізден соң келетіндер үшін де қапы жібермей қадағалай
тыңдайтындай ғып айтып келе жатқан ғибрат сабағын бойға сіңіру
керек. Есті құлақ замандастарының ауызына, есті көз бұрынғылардың
жазуына үңіліп, оны талдап-түсіне білгенде жетілу келеді. Өмір
ғибраттарын танып-білу арқылы өзін-өзі тану бір басын емес, көптің
қамын қамдай жүретін қайырымды пиғыл иесіне тән келеді. (Әбіш
Кекілбаев).
Достарыңызбен бөлісу: