Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет10/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

3-4 АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 
Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз,
Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.
Рудаки
• Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Жеті сұраққа жауап
(Үзінді)
Мамытбек Қалдыбай
... Баукең тұнжырай ойға еніп:
– Сұрағың болса, бер, – деді жөткірініп.
– Бауке, сіздің өміріңіз өте күрделі болды ғой. Әр түрлі оқиғаны 
бастан кештіңіз, әр түрлі кісілермен кездестіңіз. Бір білгім келетіні, 
адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?
– Адамгершілікті, намысты жоғары бағалаймын. Ой, мынау адам 
емес екен деген, түсінсең өте ауыр. Намыс деген сөз өз орныңды білгін, 
қатарыңнан қалма, қолыңнан келсе, жақсылық істе, мысал боп жүр, 
жамандық істемегін деген сөз.
– Е, намысы жоқ, арсыз екен. Бірге өсіп ек, намысым келіп отыр, 
– деп ыза болатындар бар. Бұл – дұрыс. Біреулер намыс деген жалғыз 
соғыста керек деп ойлайды. Ол – қате.
– Адамның қандай қасиеттерін жек көресіз?
– Ең кешірмейтінім – опасыздық, тұрақсыздық.
Оны кең түсіну керек. Өмір мың құбылмалы. Қиын жағдайда ол 
тұрақсыз болып шығуы мүмкін. Опасыздық – сұмдық сұмпайы іс.
Опасыздық та отбасынан басталады. Отбасындағы ырың-жырыңнан 
қай бір дені түзу адам шығады. «Қыз күнінде қыздың бәрі жақсы» 
дегендей, бала кезде баланың бәрі сүйкімді. Өскенде өзгереді. Кейбіреу 
туған баласының алдында аталық, аналық парызын орындай алмай 
жүр. Ол бүгін де ғана емес, бұрын да болған.
– Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің қызметін қалай бағалайсыз?
– Жүрек істемесе, бас та істемейді. Онсыз организмге қайдан 
күш кірсін. Сондықтан адам біткен атам заманнан бері жүректі бірінші 
санайды. Жүрегім өйтті, жүрегім бүйтті деп оны алдымен атайды. 
Әдебиет – халық өмірінің айнасы десек, онда да жүрек көп жырланады. 


16
Ол қуанышта да, қайғыда да үлкен 
рөл атақарады. Неге десең, жүрек 
қан бермесе, дене жұмыс істемейді. 
Жүрек – мотор. Мейірбан, әділетшіл, 
арлы адамды жұрт жүректі кісі екен 
деп бекер айтпайды, оны бекер мақтан 
етпейді. Бұл – табиғи шындық.
Жүректі адам (шын жүректі болса) өсек-өтірікке, қулық-сұмдыққа, 
алданыш, айнығыш сезімге бармайды, ал барғандары жүрегі жоқтар.
... Ақыл деген нәрсе, қарағым, ол да табиғи құбылыс. Бірақ өмір 
көп нәрсеге үйретеді. Адам жас күнінен бастап жақсы мен жаманды 
салыстыра, байқай келіп, жіберген қателерінен тиісті қорытынды 
шығарып, өмір сүруге үйренеді. Бейнелеп айтқанда, бір жығылып, бір 
тұрып, тәй-тәй басқан жас бала секілді ақылдылыққа бірте-бірте бой 
ұрады. Ақыл қашқанға да, қуғанға да қызмет етеді. Ақыл, қысқасын 
айтқанда, орынды ойлана білу, орынды жерде ойыңның қортындысын 
айта білу. 
Қайрат деген негізінде екіге бөлінеді. Бірінші, ақыл қайраты. 
Қарсыласыңды сөзбен, логикамен жеңуің керек. «Сөз тапқанға қолқа 
жоқ» деп қазекең тегін айтпаған. Екінші, күш қайраты. «Ақылыңа 
қайратыңды 
жолдас 
ет, 
қайратыңа ақылыңды жолдас 
ет» деген де сөз бар. Оның 
мағынасы, қара күшім бар 
деп менменсіне бермегін, 
ойлан деген сөз. Тағы да 
«Білегі жуан бірді жығады, 
білімі күшті мыңды жығады» 
дейміз.
Ақылы мен қайратын 
қатар ұстай алмаған жігіттерді 
қазақтар: «Ардың-күрің, есерсоқ, құдай күш берсе де ақыл бермеген 
екен» дейді.
– Сіздің ұрпағыңыз көп қиындықты жеңе білді. Жоқшылықты, 
соғысты жеңді. Ал енді кейінгі ұрпақ арасында тоқшылықты жеңе 
алмай жүргендер бар. Бұған қалай қарайсыз?
– Нысапсыздық, өзімшілдік деген нәрсе әркімнің, әр жәндіктің 
бойында бар. Соны ауыздықтай білу керек. Әділдік әркімнің қолынан 
келе бермейді. Әрине, келетіндер де аз емес.
– Бауке, кейбіреулер малды ауылда тұрса да ерініп, қымыз, айран 
әзірлемейді. Бұл – бойкүйездік қой. Бойкүйездікке қарсы қалай күресу 
керек?
Мейірбан, әділетшіл, арлы 
адамды жұрт жүректі кісі 
екен деп бекер айтпайды, 
оны бекер мақтан етпейді. 
Бұл – табиғи шындық.
АДАМНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ 


17
– Күресу бар, бірақ біреуінен нәтиже шығып, біреуінен нәтиже 
шықпай жатады. Бұл да тәрбиеге байланысты. Пәленшенің баласынан 
кем болмасын деп, балаларды жаман үйретіп аламыз. Қарапайым, 
сыпайы, еңбекқор бол деуден гөрі, үлде мен бүлдеге бөлейміз. Тегін 
нәрсенің қадірі жоқ, оны жерден тауып алғандай көреді. Мысалы, 
жап-жаңа киімді тазалап кисе, көпке дейін жарайды. Жаңа, сәнді киім 
керек деп, ескісін менсінбей, кесапатқа ұшырап жүрген балалар аз 
ба? Ондайлардың ертеңі қандай болмақ? Ондай мінез көрсеткендерге 
үлкендік орнымызды пайдаланып, «олай емес, былай істейсің, істемей 
көр!» дей білуіміз керек...
• 
Мәтіндегі Бауыржан Момышұлының «Біреулер намыс деген 
жалғыз соғыста керек деп ойлайды. Ол – қате» деген ойын 
қалай түсінесіздер?
• 
Бауыржан Момышұлы қандай адамдарды «жүректі кісі» деді?
• 
Бауыржан Момышұлы неліктен қайратты екіге бөліп 
қарастырды? 
• 
Ақыл мен қайратты қатар ұстау адамды қандай игіліктерге 
жеткізеді?Неліктен?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет