Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет68/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

• 
Автордың «Болат кездік қын түбінде жатпайды» дегендей, 
ол жастайынан қынаптан суырылған қылышқа ұқсады, әуел 
бастан-ақ мұзжарғыш кемедей қай ортаға барса да сыйып, 
сіңіп жүре берді» деген сөздерін қалай түсіндіңіз? 
• 
Елбасының «…Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге 
тіккен адаммын...» дегенде не айтқысы келді деп ойлайсыз? 
Нақты мысал келтіріңіз.
• 
«Президентті қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, 
қолдайтын да өзінің туған халқы» деген жолдардан халықтың 
қандай қасиеттерін байқауға болады?
• 
Жүсіп Баласағұнидің «Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-
парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен 
өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек 
сақтамайтын жан болуы шарт» деген тұжырымын оқылған 
мәтін мазмұнымен байланыстырып, жауабыңызды дәйектеп 
айтыңыз.
• 
Сіздің ойыңызша, көшбасшының бойында қандай қасиеттер 
болуы керек? Нақты мысал келтіріп, өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
• 
Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен оның көшбасшы 
болу қабілеті арасында байланыс бар ма? Сіздің ойыңыз қандай?
• 
Өз өміріңізге қатты әсер еткен адам болды ма? Неліктен, 
қалай, қандай жағдайда?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет