107
•
Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен оның шынайы
көшбасшы болуы арасында байланыс бар ма? Сіздің ойыңыз
қандай?
•
Өзіңіздің ең асыл, маңызды арманыңызды атаңыз. Өмірде неге
қол жеткізгіңіз келеді?
•
Өз өміріңізде үлгі алатын шынайы көшбасшыңыз (туыс-
туғандар, мұғалімдер, достарыңның арасынан және т.б.)
туралы айтып беріңіз.
В.Гюгоның «Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын өзі
орнатады, ал мүсінін болашақ соғады» деген ойын тақырып
етіп алып, пікір алысу ұйымдастырыңыздар.
Кез-келген қоғам жүрегі ашық, қоғамға адал қызмет ететін,
білімді адамдарды қажет етеді. Ойлары, сөздері және істері
ізгі, адал адам нағыз көшбасшы бола алады. Ондай адамдар
қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті болады.
Өйткені олар өзгелердің мақсат-мүддесін
толық сезініп,
қорғай білетін, бойына адамдыққа лайықты қасиеттерді жия
білген тұлғалар.
***
Қайрат Әлімбеков
Мен –
өмірді жас зерттеуші, жас ғылым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір – кітап, түсінуі
тым қиын,
Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,
Ойланумен өтеді ылғи оңашам.
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
Маржан іздеп терең теңіз түбінен,
Күн батарда атар таңға үңілем,
Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,
Жақсы адамға айналармын түбі мен!
КӨШБАСШЫ БОЛУ