-
- Өзін-өзі тану пәні бойынша
- 9-сыныптың “Адам әлем аясында” тарауындағы
- “Адам мен отбасы”
- атты сабақтан үзінді
Тақырыбы: Мақсаты: - Баланың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін отбасының ролін көрсету. Баланы мейірбан, ақылды, қайырымды, әдепті бала болуға үйрету, жақсылыққа тәрбиелеу, саналы азамат болу үшін жақсылыққа жанастыру, дағдыландыру, ішкі сезімдерін арттыру
-
- Кім сендерді балалар сүйетұғын,
- Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
- Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
- Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
- Кім сендерді, балалар тербететін,
- Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
- Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
- Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
- Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
- Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең,
- Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
- Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
-
-
- «Отбасы жарастығы», «отбасы бақыты», «Отбасы қуанышы» деген ойларды қалай түсінесің?
-
- Адам отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?
- Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата-анаңмен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласыңба?
- Ата – анаңды қуанышқа бөлеген кездеріңді айтып бер?
-
- Ж. Солтиева
- Мен оны пір тұтамын (Әңгіме)
-
-
- «Жеті атамызды білемізбе?» тақырыбына генеалогиялық тізбе жаса. Өзіңнің ата-әжелерің туралы шағын әңгіме жаз.
- Отбасының өнегесі – Отан өнегесі.
- Б. Момышұлы
-
- Ұлағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсіндір.
- Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
- Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
- Қорқыт ата
-
- Ұлт болам десең, бесігіңді түзе! М. Әуезов
- Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана жанұялық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады. Н.К.Крупская
- Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю Б. Момышұлы
- Шынында, отбасы — ол да бір шағын мемлекет. Отбасының берік болуна, ар-намысын сақтауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбие - леуде әке мен ананың орны ерекше. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.
- З. Жұманова
- Туған күн (Әңгіме)
- Әке туралы жыр сөзі: М.Шаханов әні: Н.Тілендиев
- Жас едім өмірге еркін бойламаған, Күні ертең не боларын ойламаған.
- Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,
- Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
- Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
- Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
- Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
- Күш алып мақсатыма аттанамын
-
- .
- Жан әке, шертіп сезім домбырасын, Кеудемді қуанышқа толтырасың. Арманның асқарына құлаш ұрсам, Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
- Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
- Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
- Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
- Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
Баламен қарым-қатынаста қаталдау болуға қорықпаңыз,сонда ғана бала өз орнын анықтауға үйренеді. - Баламен қарым-қатынаста қаталдау болуға қорықпаңыз,сонда ғана бала өз орнын анықтауға үйренеді.
- Балаға досыңыздай қараңыз,сонда балаңда шынайы дос болуға тырысады.
Баланың адалдығына күмән келтіре бермеңіздер,онда бала өтірік айтуға үйренеді. - Баланың адалдығына күмән келтіре бермеңіздер,онда бала өтірік айтуға үйренеді.
Баладан талап етпесең бұрын өзіңізге көз жүгіртіңіз,бала ата-ананың айнасы екенін ұмытпаңыз. - Баладан талап етпесең бұрын өзіңізге көз жүгіртіңіз,бала ата-ананың айнасы екенін ұмытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |