2. Өзін-өзі тану кабинетін безендіру талаптары. 2.1.Өзін-өзі тану кабинетін безендіру үшін ұсынылады:
2.1.1. С.А.Назарбаеваның рухани-адамгершілік білім беру жобасы авторының қоғамдық еңбегі туралы баяндайтын стенд
2.1.2.стендте туған өлкенің табиғатын көрсететін балалардың суреттері мен фотолары
2.1.3. өзін-өзі тану сабағындағы балалардың еңбегін көрсететін сынып бұрышы, туған күн иелерін құттықтау.
2.2. оқу-тақырыптық жоспардың бөлімдерімен оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай өзін-өзі тану кабинетінің қабырғасын безендіру.
2.2.1.мектепалды даярлық тобының балалары үшін қабырғадағы суреттерде, панноларда өзін-өзі тану пәнінің мазмұны көрінуі тиіс;
2.2.2 бастауыш сынып оқушылары үшін балалардың шығармашылық жұмыстары тольырылған стендтар мен паннолар ұсынылуы тиіс;
2.2.3. арнайы стендта өзін-өзі тану пәнінің рухани-адамгершілік бағытындағы ата-аналармен жұмыс көрінуі тиіс.
2.3.Кабинет саны:
2.3.1. оқушылардың шығармашылық жұмыстары презентациялары мен жұмыстары үшін тақталар мен флипчаткалар, магнит ұстағыш;
2.3.2 белсенді жұмыс аймағында 4-6 адамға арналған дөңгелек және доғал формадағы үстелдар;
2.3.3.оқушылар үшін жеңіл пластмасса үсталдер;
2.3.4.жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін офистік жартылай жұмсақ орындықтар;
2.3.5. рухани-адамгершілік жөніндегі кітапханалық, шығармашылық жұмыстар, дидактикалық және әдістемелік материалдар, бейне және бейнематериалдар, кеңсе жабдықтарын сақтайтын шкафтар мен сөрелер;
2.3.6. мүмкіндігінше музыкалық аппараттар, бейнемагнитафондар, бейнепроекторлар, бейнекамералар, компьютерлер, сандық фотоаппараттар;
2.4. жылы, ашық сары, ашық сарғыш, пілдің сүйегіндегідей түстерді қолдану.