Турсынова Канзада Амангельдиевна
Өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі
Тамды орта мектебі
Алға ауданы
Тақырыбы: “Әке, Ана үш-ақ әріп тіршілік, үш әріптен үлбірейді гүл шығып.”
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеппен Ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
“Өзің-өзі тану “пәні балаларға отбасындағы бір-біріне деген сыйластықты, қамқорлықты,сүйіспеншілікті дамытатын пән екенін сезіндіру.
“Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сіздердіде сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз-қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз”.
Шаттық шеңбері
«Кел, балалар күлейік» Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік!
Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік!
Шаттық шеңбері ата-аналармен
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
Міне сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.
Ата-аналарға бала тәрбиесі жөнінде сұрақтар,жағдаяттарды талдау.
1.Бала жақсы білімді болу үшін ата-аналардың міндеті қандай болу керек?
2.Баланың оқу үлгеріміне отбасының қарым — қатынасы әсерін тигізе ме?
3.Сіз жұмыстан ашулы келдіңіз, балаңыз компьютер алдында отыр, үйдің іші жиналмаған, сіздің айтып кеткен тапсырмаңыз орындалмаған сіздің әрекетіңіз?
4.Тоқсандық қорытынды бойынша сіздің балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік. Сіздің іс-әрекетіңіз?
Оқушыларға тренинг «Болады-болмайды» тренингі
Мейірімді болуға .... (болады), Кешірімді болуға .... (болады),
Қатыгез болуға .... (болмайды), Тәртіпті болуға .... (болады),
Әдепті болуға .... (болады), Ұрысқақ болуға.... (болмайды),
Сыпайы болуға .... (болады), Қайырымды болуға .... (болады),
Бұзық болуға .... (болмайды), Бауырмал болуға .... (болады),
Ақылды болуға ..... (болады), Мақтаншақ болуға .... (болмайды),
Шыншыл болуға .... (болады), Арам болуға .... (болмайды),
Маман болуға .... (болады), Жаман болуға .... (болмайды),
Айтпақшы, Жаман болуға ....! (болмайды).
Оқушыларға арналған ситуациялық жағдаяттар.
1. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тапсырды.
Сен достарыңмен ойнап жүріп бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұмыстан келіп, өзі жинап,сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі.
Сенің әрекетің?
2.Бүгін анаң жақсы көретін тамағыңды жасап берді. Сен отыра қалып іні-қарындастарыңмен қосыла жедіңде, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың?
«Аялы алақан»өсиет әңгіме.
Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайынжасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласынатүсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынынсұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүргенақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды. — Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
Жүректен жүрекке
Мынау- менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау- басым ақылды,Бәрін осы басқарған. Мынау - оң қолым,Мынау –сол қолым, Барлық істі атқарған!
Достарыңызбен бөлісу: |