Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп №16 Мерзім 29. 09. 14 №



Дата27.12.2016
өлшемі27,52 Kb.
#5444
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп___№16____Мерзім___29.09.14____16____Тақырып__Менің_aрманым______

Құндылық___Адамгершілік__________Қасиеттер___Адами________________________

Мұғалім___Назарова_Айнагүл____Класс______Оқушылар саны_____25___________


Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.

Міндеттері:

-Арман ұғымы туралы түсінік беру;

-Балалардың ойын,қиялын дамыту;

-Жақсылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар,мәліметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі,ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу ұстап,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстайды,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап,қамқор болып жатқанын сезінеді.


Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

«Арман-адамға қанат» деген халық мақалының мәні түсіндіріледі.

Жақсы ниетпен армандау адамға зор қуат беріп,іске талпындырады,өмірге құштарлықты арттырады.





4.Әңгімелеу.

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді балаларға көрсетіледі.

Оқушылардың арман туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.

-Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

-Арманға қалай қол жеткізуге болады?

-Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

-Өздерің қандай армандарың бар?







Оқушы дәптермен жұмыс.

Армандарыңмен жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол.Бірақ нені армандайтындарыңды білгіміз келеді.Армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар.






5.Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс.

Арманды адам бойындағы жақсы қасиеттермен ұштастыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

-Бос шаршыға қандай баланы жақсы бала деп атайтынын жаздыру.

Сөзжұмбақтың жауабы:ақылды,рақымды,мейірімді,

арлы, зейінді,шыншыл,ынталы,ойлы.

Ойын «Кім болғым келеді».

Мақсаты: Өз арманын және не үшін соны армандайтынын өлең қатарына салып айтады.





6.Топпен ән айту.

Ф.Жолдасованың «Бала тілегі» әнін топпен айтады.






7.Үй тапсырмасы.

«Менің арманым»








8.Соңғы тыныштық сәті.

1.Арман ағымына балалар өз армандарымен тілектерін айтады.



2. «Көңілді күн» әнін айтады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет