Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп №1Алға мектеп-бақша Мерзiм Мұғалiм



Дата17.02.2017
өлшемі63,49 Kb.
#9490
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп №1Алға мектеп-бақша Мерзiм ____________

Мұғалiм: Кушекбаева М.С Сынып: 11 «А»

Оқушылар саны :25



Тақырыбы: Ар-ождан адамдық өлшемі

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: сабырлылық, тазалық, қайырымдылық.


Мақсаты: Ар-ождан адамдық өлшемі екенін ұғындыра отырып ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

  • -Оқушыларға қайырымды, ізгі істердің адамға тигізетін әсерін ұғындыру;

  • -Оқушылардың сабырлылық қасиеттерін дамыту;

  • -Оқушыларды ақыл – ой тазалығына тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5-Т Тыныштық сәтi.



«Күннің нұры»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Үй тапсырмасын тексеру: 9-сабақ. М.Қалдыбай «Көлеңке» деген әңгімесінен үзіндіні оқып келу.


  • -Әңгіме кім туралы айтылды?

  • -Жарық жағымыз бен көлеңке жағымыз дегенді қалай түсінесіңдер?

  • -«Көлеңкеңнен қашып құтыла алмайсың» деген сөздің астары неде?




  • -Адам өз кемшілігін қай уақытта түсінеді?

  • -Рухани байлыққа қалай қол жеткізуге болады?

  • -Ар-ұждан дауысын адам қай қай уақытта сезеді?

Ескерту

Дәйексөз.

«Әрқашанда таза болсын ар-ожданың жүрегің,



Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін»

Захир Әд-Дин Мұхаммед Бабыр

түріктің даңқты қолбасшысы,

ғұлама ғалымы, тарихшы 1483-1530жж
Ар-ождан тазалығымызға қаншалықты мән береміз?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту.





Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

Аңыз әңгіме: «Өмір сүрудің ең жақсы жолы»

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақкөңіл, жайдарлы болғандықтан,ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

-Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржыды. Қалаға барып үшеуіде долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы:

-Досымның шаруашылығына барып, екі қап сабан сатып алдым,-деді де, қаптарды ашып, сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Ал екінші баласы:

-Дүкенге барып екі жастық алдым,-деді де жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Ал үшінші ұлы:

-Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым, қалтасынан сіріңке мен шырақты алды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. Әкесі баласына риза болып:

-Мирасымды саған қалдырамын, өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы-айналаңа жарық тарату екенін білдің.
-Шағын ауылдағы кісінің тұрмысы?

-Әкесінің ұлдарына айтқан өсиеті қандай?

-Қай баласының ісі әке көңілінен шықты?
- Ішкі жан дүниемізде тыныштық орнау үшін әрекетіміз қандай болу керек?

- Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтиже береді?

- Ішкі жан дүниемізге қаншалықты көңіл бөлесің?





Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Түрлі-түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөліну.

Әр топ: «Тыныштықта өмір сүрудің ең жақсы жолы» тақырыбында жоба қорғайды.





Топпен ән айту. М.Өрісбаев «Өмір сыры»

1)Өмір деген –

Жанымның шуағындай жарқырайды.

Көңіл деген –

Бар кезде шарықтап шалқымайды.

Арман деген –

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.

Қ/ы

Бұл дүниені

Жарығым қайта оянып көрер болсам

Өмірге қайта айналып келер болсам

Сезер – ек бақыттың шын бағасын

2)Бақыт деген –

Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы

Уақыт деген –

Өзгермес сұрапыл соқса тағы

Ақымақ деген –

Жүректің жұбанышын көз ілмейтін

Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың

Қ/ы

Жүректің жұбанышы үзілмейтін.

Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.

Өмір ғой несіне таң қаласың.



Қ/ы




Үй тапсырмасы.

10-сабақ. І.Есенберлиннің «Махаббат мейрамы» атты үзіндіні 45 беттегі оқып келу. Дәптердегі 8-сабақ, 1-тапсырманы орындап келу.






Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды.



Әрқашанда бір-бірімізге жақсылық жасап, өміріміз тыныштыққа толы болсын!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет