Омыртқаларыңызды тік ұстап, көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, әрі қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға енген сайын, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оның діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (1-2 мину үзіліс жасау).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзімізді ашып, күлімсіреңіз!
3. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сырын кім қалай түсіндірер еді ?
Қорытынды:
Адам барлық керегін табиғаттан алады. Табиғат пен адам бір – бірімен тығыз байланысты. Сондықтан табиғатқа үлкен сүйіспеншілікпен қарап, ешқашан зиян келтірмей қамқорлық жасау, қиянат келтірмеу біздің міндетіміз.
Дәптермен жұмыс
Сабақ барысын талдау:
Балалардың денесі серігеді
Әңгімелеу
Дәйексөз.
«Таза болса табиғат,
Аман болар адамзат». Фариза Оңғарсынова
(дәйексөзді жаттату)
Фариза Оңғарсынова кім? (5 желтоқсан 1939 жыл - 23 қаңтар 2014 жыл)- қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист.
Сұрақ:1.Табиғаттың тазалығы неде деп ойлайсыңдар? 2. Адамзаттың денінің сау болуы табиғатқа байланысты ма? 3.Адамның жұтатын ауасы қандай болу керек?4.Табиғат пен адамзаттың арасындағы үйлестік неде? 5. Айтылған дәйексөзді қалай түсінеміз?
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық, қарттың ұзақта сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп, ұзақ кеңесіпті. Әрі ойланып,бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты. Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан» , ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті. Ұлдарына дән риза болған қария ,үш ұлыныңда еліне кезек-кезек барып тұрыпты. Қария бақытты да ,баянды ұзақ ғұмыр кешіпті.
3.Қарияның ұлдары қандай деп ойлайсыңдар? Ал сендер ше?
Интеграция.
Табиғат-ананы балалар өз анасымен ықпалдастырады.
Әңгімелесу
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Топқа бөлу
«Адам мен табиғат», «Жаңбырдың кереметі» видео көрсету.
Сынып «Су», «Жер», «Ауа» болып үш топқа бөлінген. Топтың аттарына түсінік беру. Яғни бұл үшеуі де тіршілік көздері.
( топтың заттарын әкеп қою).
Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер – Земля - Льанд,
Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Су – Вода - Уотье,
Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы, Ауа – адамның, жануар мен өсімдіктер әлемінің тіршілік ететін ортасы.
Осыларды үш тілде білеміз бе? Ауа – Воздух -Эйер.
(айтқан оқушы топ басшы болады)
«Самая красивая природа Егоровой» жұмыс барысындағы әуен
1 топ«Жер» – «Табиғат мен сені сүйемін!» тақырыбына қысқа эссе жазу.
2 топ «Су» – Осы видеодан алған әсерлеріңмен бөліс. Әсем табиғаттың сендер білмейтін сырын біле алдыңдар ма?
3 топ «Ауа» – «Табиғат - біздің анамыз» (сурет салу)
Қорытынды:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз,- дей келе табиғаттан сүйіспеншілігімізді аямайық, табиғатқа қиянат жасамайық. Бүгінгі біздің сабақтың құндылығы не, әрине ол-қиянат жасамау. Біз сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасағанда ғана табиғатқа қиянат жасамаймыз.
Тапсырма орындайды
Топпен ән айту.
«Қос қарлығаш» Сөзін жазған: Бақытжан Ауданбаев Сазгер: Нұрлан Еспанов Бір күн келіп алмастырып бір түнді,
Көктем келіп айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.
Қайырмасы: Қос қарлығаш көктемде,
Сағындырып жеткенде,
Қандай сезім жетеледі туған мекенге?
Тағып алып ақ тұмар,
Жұлдыздай боп ақтыңдар.
Ерте өшкен үмітімді,
Қайта жақтыңдар.
Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,
Қанатымен тілгілеген аспанын.
Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі,
Ұя салса ауласына басқаның.
Қайырмасы: Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,
Тірліктерін туған жерге өңделген.
Әрбір адам туған жерін сүюді,
Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.
Қайырмасы:
Қорытынды: Атам қазақ қай заманда болсын қарлығаш құстың қадірін білген. Бұл құстың адалдығы мен мейірімділігі талай аңыз-ертегілерде кеңірек айтылған. Осы қарлығаш сияқты адал ,мейірімді болайық.