Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет3/5
Дата02.12.2019
өлшемі434,5 Kb.
#52850
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 сынып сабақ жоспары2
13. КТЖ Физика 9 сынып


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__14__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Адал және ақкөңіл болу

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: адалдық, шынайлылық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: адалдық және ақкөңілділік туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Адалдық және ақкөңілділік ұғымын дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Адалдық, шынайлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • Адалдыққа, шынайлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Аманатқа қиянат жасама...» өсиет әңгіме 44-45 бет оқу

  • Саудагер неліктен аманатқа қиянат жасамақ болды?

  • Саудагердің жаман ойы неге іске аспады?

  • Адамның ойының күштілігіне сенесіңдер ме? Қалай?

  • Сендердің өмірлеріңде осындай жағдайлар болып па еді? Әңгімелеп беріңдер.

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Достар


Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірі үйленген, 3 баласы бар. Екіншісі бойдақ. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Күннің бірінде бойдақ болған ішінен: “Өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады,” – деп ойлайды, “Мен жалғыз тұрамын, сондақтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ”. Осындай ойымен, түн сайын үйінен шығып, бір қап өнімді жасырын түрде досының үй алдындағы қорасына апарып тұратын болады. Досы да ішінен: “Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, мен үйленгенмін, жұбайым мен балаларым бар – қартайғанымда олар маған қарайтын болады. Досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды,” – дейді. Осылайша бұл досы да түн жамылып үйден шығып досының қорасына бір қап өнім апаратын болады. Осыған қарамастан екі қорадағы қаптар саны неліктен еш азаймағанын екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні жасырын түрде бір-бірінің қорасына қап тасып жатқанда, бір-біріне соғылысып қалады. Сонда ғана болған жағдайды түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығы алдында көз жастарын тия алмады.

  • Екі достың қандай іс-әректінен адалдық қасиеттін көруге болады?

  • Екі достың бойынан қандай қасиеттер мен құндылықтарды көреміз?

  • Сенің өміріңде адал досытарың бар ма? Әңгімелеп беріңдер.




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Жағдаяттарды шешіңдер. Сұрақтарға жауап беріңдер.



2-тапсырма.

Адал және ақкөңіл болуережесін оқыңдар, өздерің толықтырыңдар. Естеріңде сақтап алыңдар.



3-тапсырма.

Бүгін қандай жақсы істердің куәсі болдың? Жаз.






  1. Топпен ән айту.

«Келші, келші, балашым» 47 бет

Өлеңін жазған: Қабдікәрім Ыдырысов

Сөзін жазған: Ескендір Хасанғалиев





  1. Үй тапсырмасы.

«Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгіме 49-50 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__15__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып:Сауатты отбасы

Құндылық:қиянатжасамауҚасиеттер:мейірімділік,кешірімділік,қамқорлық,бауырмалдылық

Сабақ мақсаты: оқушыларға салауатты отбасы туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Салауатты отбасы туралы түсінік беру;

  • Кешірімділік, қамқорлық, бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

  • Мейірімділік, кешірімшіл, қамқорлық, бауырмалдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгіме 49-50 бет оқу.

  • Отбасы жылулығы мен саулығы кімге және неге байланысты деп ойласыңдар?

  • Отбасы салауатты болу үшін қандай құндылықтармен өмір сүру керек?

  • Өз отбасылырыңды салауатты отбасы деп санайсыңдар ма? Неліктен?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Бір адам жаққан отқа, жүз адам жылынады»

Қазақ мақалы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

«Отбасы татулығы» (Аңыз әңгіме)

      Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісіміде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Олар ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

      Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөлінеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытт, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

      Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.



  • Сендер қалай ойлайсыңдар – ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді? Отбасындағы татулық пен бірлік болуы үшін қандай қасиеттер қажет?

  Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.

      Үш сөзді оқыған патша таң қалып:



  • Осы-ақ па?

  • Иә,- деді ақсақал.

  • Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады, - деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.




    • Өсиет әңгіменің мәні неде? 

    • Отбасының татулығн ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

«Менің отбасым қандай?» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.



2-тапсырма.

Жағдаятты оқы, сұрақтарға жауап беріңдер.

Айнұрдың әке-шешесі күні бойы жұмыста. 2-сыныпта оқитын Айнұр әжесімен бірге қалатын. Әжесі Айнұрға ылғи да үйдің тазалығын сақтау оның міндетті екенін айтып отыратын. Әжесінің бұл ақылын Айнұр түсінбейтін...


  • Айнұр неліктен әжесінің ақылын түсінбеді?

  • Үйдің таза болуы неге байланысты деп ойлайсыңдар?

3-тапсрыма.

Кестеге назар аударыңдар. Отбасыңдағы аға, іні, әпке, сіңілі, қарындастың міндеттерін жазыңдар.



Аға




Іні




Әпке




Сіңілі




Қарындас










  1. Топпен ән айту.

«Біз осылай өсеміз» 54 бет

Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Жаның жеті жаманнан аман болсын Ел аузынан 51-52 бет




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__16__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Сауатты отбасы

Құндылық:қиянатжасамауҚасиеттер:мейірімділік,кешірімділік,қамқорлық,бауырмалдылық

Сабақ мақсаты: оқушыларға салауатты отбасы туралы түсінік бере отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Салауатты отбасы туралы түсінік беру;

  • Кешірімділік, қамқорлық, бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

  • Мейірімділік, кешірімшіл, қамқорлық, бауырмалдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Жаның жеті жаманнан аман болсын Ел аузынан 51-52 бет

  • Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Неліктен жаны саудың тәні сау болады?

  • Адамның жаны сау болу үшін қандай құндылықтар мен қасиеттер болады?

  • Өз жанының саулығын қалай сақтайсың?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Бір адам жаққан отқа, жүз адам жылынады»

Қазақ мақалы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

«Отбасы ошағы»    (Аңыз)

Ертеде бір ауылда үш жас отбасы өмір сүріпті. Бір кездері ол ауылға бақыт келіп қоныстады. Ол өзінің , қай отбасында жарық пен жылу толы болса, сонда қонатынын хабарлады.

 Бірінші отбасы өз үйлерін күміске толтырды. Үй жарық болды, бірақ күмістің жарығы үйді жылыта алмады.

 Екінші отбасы өз үйлеріне алтынды толтырды. Ол үй жарық бола түсті, бірақ жылулық бәрібір болмады.

 Тек, үшінші тақпыр отбасы өз үйлерінің ошағына от жақты. Оның әсерінен үй жарық болып, жылуға толды.

Әрине, бақыт сол үйге мәңгілік қоныстауды ұйғарды. Ол үй иесілерімен бірге баланың дүниеге келуін, әр отбасы мүшелерінің туған күндерін, отбасы құрған күндерін және алтын той күндеріне дейін болуға қалды.


-         Оқиғаның мағынасы неде?

-         «Отбасы ошағы» дегенді қалай түсінесіңдер?

-         Отбасы ошағының жылулығын қалай сақтауға болады?

-         Бұл үш отбасының қайсысынан сүйіспеншілік, мейірімділікті көріп тұрмыз?






  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Салауатты отбасының ережесін құрастырыңдар. Дәптерлеріңе жазыңдар.



2-тапсырма.

Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып «Бақытты отбас» тақырыбында әңгіме жазыңдар.



Керекті сөздер мен сөз тіркестері: жақсы ой, адал ниет, жақсы іс, көмек, қамқорлық, жанашырлық, сүйіспеншілік.

3-тапсырма.

Білімді бекітуге арналған тестілеу.





  1. Топпен ән айту.

«Біз осылай өсеміз» 54 бет

Өлеңін жазған: Мұзафар Әлімбаев

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Қайырымдылық Леонардо да Винчи 56-57 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__17__

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық

Сабақ мақсаты: оқушыларға өзін және өзгелерді құрметтей білудің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларды өзін және өзгелерді құрметтей білуді үйрету;

  • Кеңпейілділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

  • Мейірімділікке, кеңпейілділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Қайырымдылық Леонардо да Винчи

  • Қырандардың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар?

  • Неліктен қыран ана «Құрмет пен сыйластықты ешкім күшпен алмайды» деді?

  • Қыран құсты қандай адамдарға теңеуге болады? Неліктен?

  • Адамға қайырымдылық жасау не үшін керек деп ойлайсыңдар?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтей біл» Лұқман Хакім

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Ертегі «Үш ұл» (Түркімен ертегісі)

 Екі ана құдықтан су тартып тұр екен. Бұлардың қасына тағы бір ана келіпті. Құдықтың тұсынан өтіп бара жатқан бір қария кісі де дем алу үшін , таяп кеп отырыпты.

Аналардың біреуі:

-         Менің ұлым батыр да, күшті. Күресе қалса, ешбір бала оған шақ келмейді,-депті.

Екінші ана:

-         Менің ұлым ән салғанда –бұлбұлдай сайрайды. Ешбір баланың даусы оған жетпейді,-депті.

Ал үшінші ана үндемей тұра беріпті.

-Сен өз ұлың туралы неге бірдеңе айтпайсың?-деп сұрапты екі ана.

-Не айтайын, баламның ешқандай ерекшелігі жоқ,- деп жауап беріпті үшінші ана.

Аналар шелектерін толтырып , үйлеріне қарай беттепті. Әлгі қарт та бұлардың соңынан жүріп отырыпты.

 Жолда аналар шаршаған соң, шелектерін жерге қойып, біраз әңгіме айтыпты. Осы кезде бұлардың алдынан жарыса жүгірген үш бала шыға келіпті.

 Балалардың біреуі жолдағы тастарды аяғымен зулата ұшырып келе жатады.Мұны көрген анасы қатты қуанып, көңілі көтеріліпті.

 Екіншісі өлең айтып, ысқырып келе жатады. Оның анасы да баласының мұнысына шаттанып , көңілі өсіпті.

 Үшінші бала болса, жүгіріп анасының қасына барыпты да:

-         Апа, әкел мен көмектесейін, - деп шешесінің қолындағы су толы шелекті лаып, жүре беріпті.

 Аналар қартқа бұрылып:

-         Қалай , біздің балаларымыз сізге ұнады ма, қария?- деп сұрапты.

-         Қайдағы балалар? Мен тек бір-ақ баланы көріп тұрмын,- депті қария.

 

Сұрақтар:



-Қарияның жауабын қалай түсінуге болады?     

- Сендер балалардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?






  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Төменде берілген тапсырманың кілтін пайдаланып, әріптерді орындарына дұрыс қойсаңдар, Мұхтар Әуезовтің нақыл сөзін оқуға болады.



2-тапсырма.

Төменде берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысын кеменің желкеніне, қайсысын судың түбіне жіберер едің? Сызықпен бағыттап көрсет.






  1. Топпен ән айту.

Бақытты балалар әні 61 бет

Өлеңін жазған: Қосжан Мүсірепов

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Менің әкем (үзінді) Немат Келімбетұлы 58-59 бет.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізгі үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№20 №18 сабақ

Мұғалiм:

Мерзiм:____________

Сынып:2

Тақырып: Өзіңді және басқаларды құрметтеуді үйренеміз

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: мейірімділік, кеңпейілділік, қайырымдылық

Сабақ мақсаты: оқушыларға өзін және өзгелерді құрметтей білудің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларды өзін және өзгелерді құрметтей білуді үйрету;

  • Кеңпейілділік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

  • Мейірімділікке, кеңпейілділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.



Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол(бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Менің әкем (үзінді) Немат Келімбетұлы 58-59 бет.

  • Әке неліктен өзгелерге қызмет етті?

  • Өздерің басқаларға жақсылық жасағанда қандай сезімде боласыңдар?

  • Өздеріңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Біреуді артық, біреуді кем санамай, жұрттың бәрін құрметтей біл» Лұқман Хакім

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу Мұғалім сыйы

«Үш пайғамбар» кітабынан «Төле би» (Аңыз)

Бірде Төле биге Түркімен елінен елші келіп:

— Бір жылдан бері бітпей жатқан дауымыз бар еді, соған билік жасаңыз, — деп шақыра келеді. Жер шалғай болса да Төле би Түркімен еліне барып, дауласқан екі жақты татуластырып қайтады.
Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.
— Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бір қатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтіп кетпейік. Үлкендердің алдынан кесіп ету дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтын, жер қорғайтын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылман, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары бар шығар. Шарапат жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты ер кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз, — деді Данагүл.
Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатыр. Қызыл-жасыл киген қыздардың деңгейіне жетіп алдарынан өтіп, біраз жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:
— Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші, — деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:
— Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берелік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят. Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен, — деді.

Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп, сәлем берді. Төле би:

— Балалар, өркендерің өссін, бақытты болыңдар, — деді қуанып. — Қарақтарым, қай ауылдың баласысыңдар?

— Сыйқым ауылының баласы едік.

— Балалар, алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар, соны айтыңдар?

Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады.


Ол:

— Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Араларында қол бастаған батыр бар шығар, елге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адам бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз болса көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық, — дейді.


Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін. Жарайды енді, аттарыңа мініңдер, — деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.
Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтарға жауап алынады:
• Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?
• Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Төменде берілген құндылықтар мен қасиеттердің қайсысын кеменің желкеніне, қайсысын судың түбіне жіберер едіңдер. Себебін түсіндіріңдер.



Сүйіспеншілік, дөрекілік, жанашырлық, қиянат жасамау, еңбекқорлық, сыйластық, әдепсіздік, мейірімділік, жауапкершілік, шыдамсыздық, сабырлылық, ұстамдылық, қамқорлық.

2-тапсырма.

Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.



Арман мен Ардақ автобуста келе жатыр еді. Автобуста бір жәй әжей өзін нашар сезінді. Ардақ әжейге жүгіріп барып «Әже, сәл шыдаңыз, мен қазір жедел жәрдемге телефон соғамын», - деді де жедел жәрдем шақырды.

Жедел жәрдем әжейді ауруханаға алып кетті.

Арман Ардақтан: Әжейді танисың ба? – деп сұрады.

Ардақ ол әжейді танымайтын еді...

  • Неліктен Ардақ әжейге көмектесуге асықты?

  • Арманға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

  • Неліктен барлық адамдарға риясыз жақсылық жасау керек деп ойлайсың?

3-тапсыпма.

Өз тілектеріңді жазып, қиып алып, сыйға ұсын.



Отбасыма тілегім:

Достарыма тілегім:

Отаныма тілегім:





  1. Топпен ән айту.

Бақытты балалар әні 61 бет

Өлеңін жазған: Қосжан Мүсірепов

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз сайраңдап,

Бақытты елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңлап.

Бөбектерді қуантып,

Құрметтейміз қарттарды,

Өнерге біз құмартып,

Өсіреміз бақтарды.

Шынығамыз,ойнаймыз.

Жас ұрпақпыз талапты.

Жаз қызығын тойламыз,

Жақсы оқимыз сабақты





  1. Үй тапсырмасы.

Шіріген картоп ­Өсиет әңгіме 62-63 бет




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№20 №19 сабақ

Мұғалiм:

Мерзiм:­­­__________

Сынып:2

Тақырып: Кешіре білуді үйренеміз

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: кішіпейілділік, мейірімділік, ризашылық


Сабақ мақсаты: кешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Кешірімді болу, кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.

  • Мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



Тыныштық сәті: Сергіту тренингі

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып – тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

Сізге өте жайлы, тып – тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңыздан орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба – оны өзіңіз таңдайсыз...

Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз – алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз – сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

Келе жатырсыз – алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз білесіз.

Сіз келе жатырсыз – алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе – оны да өзіңіз шешіңіз.

Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңыздан үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба – оны да өзіңіз біліңіз.

Келе жатырсыз – алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

Енді алдыңыздан өзен көресіз – ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? – оны да өзіңіз таңдаңыз.

Жауабы:
Орман – ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз – алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол – Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз–таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

Әмиян – ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз – қаржы жағынан қысыласыз.

Қақпа – қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз – қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз – қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй – ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

Құмыра – ол Сіздің ата – бабаңыздың байлығы.



Жылқы – аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен – ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса – Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Шіріген картоп ­Өсиет әңгіме 62-63 бет

  • Әкесі балаларына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?

  • Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?

  • Өкпе-реніш неліктен сасыған картопқа ұқсайды?

  • Өздеріңнің басқаларға өкпе-реніштеріңнің себебіне үңіліп көрдіңдер ма?

  • Сендер өкпе-ренішті қалай жеңесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Ескерту

Үнтаспа


  1. Дәйексөз.

«Кешіре білген адам - күшті адам» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу Мұғалім сыйы

Мақтаншақ жолбарыс

Ертегі

 Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын» , — деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.



  • Кет қазір, менің бағымнан! – дейді жолбарыс қаһарланып.

  • Біраз сайрасам қайтеді? – депті бұлбұд жалынып. Жолбарыс:

  • Мен саған сайрағанды көрсетейін! – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір – екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қойарға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады.

Оны көрген қарға:

  • Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды.

  • Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным – ай ! – деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып:

  • Жүріңіз мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді инесімен оп – оңай суырып тастайды, — деп оын жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады.

  • Менің инелерім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне бойлаған найзаны да алып береді, — деп аюдың үйіне алып барады. Аю мән — жайға қаныққан соң:

  • Е мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.

Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті.

  • Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып –ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, — депті піл.

Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән – жайды түсіндіреді.

Қолтырауын:



  • Менің тісіме тікен ілікпейді. Аану бақта бұлбұл бар. Ол — өте мейірімді құс. Барып өтін, оп – оңай алып тастайды, — депті. Бәрі жиналып бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм – мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.

Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешіпім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын  — сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.

  • Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендерде де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Төменде берілген рөлдер бойынша жңалықтар бағдарламасын дұрыс әрекетке негіздеп жасаңдар.

А) Зерттеуші тілші.

Тәулік бойы кешірімділік жайлы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.

Ә) Теледидар жүргізушісі.

Кешірімділік жайлы оқиға орнынан жиынтық ақпараттар ұсынады.

Б) Сұхбат алушы тілші.

Әлемдегі барлық адамдар кешірімді болса, онда...



2-тапсырма.

Кешіре білудің жолдарын жасаңдар. Дәптерге жазыңдар.






  1. Топпен ән айту.

«Күн күледі» 68 бет

Өлеңін жазған: Құрманбай Толыбаев

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн,

Аймалайды шыңда тұрып,

Қайырмасы:

Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.

Жалбыр шашы-гүл жібегі

Жайнаң қағып,күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге

Күлім қағып,бір жүреді..






  1. Үй тапсырмасы.

Өткел Иван Василенко 64-66 бет оқу.




8. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№20 №20 сабақ

Мұғалiм:

Мерзiм:____________

Сынып:2

Тақырып: Кешіре білуді үйренеміз

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: кішіпейілділік, мейірімділік, ризашылық

Сабақ мақсаты: кешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Кешірімді болу, кешіре білу, кешірім сұрай білуді дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Мейірімділік, ризашылық, кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.

  • Мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Өткел Иван Василенко 64-66 бет оқу.

  • Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?

  • Диманың қандай әрекеті Гришаға сабақ болды?

  • Әңгіме неліктен «Өткел» деп аталған?

  • Өздеріңнің осылай татуласуға бірінші болып қадам жасаған кездерің болды ма? Оны қалай жасадыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Кешіре білген адам - күшті адам» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Ыбырай Алтынсарин Мейірімді бала

Қытай жұртында ескi заң бар, бiреудi алдағандығы мойнына түскен кiсiнiң қолын кесе-тұғын. Бiр төре осындай iспен күнәлi болып, әлгi айтылған жазаны беруге тұрғанда, күнәлi төренiң жас қыз баласы әкем үшiн жауап беремiн деп, мәлiм болды. Қызды патшаға алып келiстi.

– Тақсыр, патшам, – дедi қыз, – менiң әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшiн қолынан айрылуы керек болды, мiнекей, тақсыр, әкемнiң қолы, – деп өзiнiң қолын көтердi. – Бұл қол да менiң жазықты болған атамның қолы, бiрақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейдi. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесiп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

Патша баланың мұнша атасына мейiрiмдiлiгiне рақымы келiп, төренiң күнәсiн кештi дейдi.



  • Патша баланың бойындағы қандай қасиетті көрді?

  • Кешірімді адамның бойында қандай қасиеттері болу керек?

  • Сендерде сондай оқиға бастарыңнан өтті ма, өтсе айтып беріңдер?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңдар.

Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде, оның жаны ...

Айналаңа мейірімді болып, өзара түсінісу, ол - ...

Ренжу деген - ...

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: жақсылыққа толы болады, кешірімді болу, білместік.



2-тапсрыма.

Бүгін қандай жақсы істердің куәсі болдың? Жаз.






  1. Топпен ән айту.

«Күн күледі» 68 бет

Өлеңін жазған: Құрманбай Толыбаев

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Жаман жолдас Ыбырай Алтынсарин 69-70 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__21_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып:Дос болуды үйренеміз

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер:адалдық, жауапкершілік, қамқорлық

Сабақ мақсаты: «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • «Дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру.

  • Адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту.

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқолық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Тыныштық мезеті

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Жаман жолдас Ыбырай Алтынсарин 69-70 бет оқу.

  • Аю неліктен әлсіз, ауру адамға тимеді?

  • Шындығында аю оған сондай ақыл атты ма?

  • Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?

  • Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Достықты достық шақырады» Абай Құнанбаев

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Үш дос

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

– Ойындарыңа мен де қосылайыншы, – деп өтінді. Қазанқап:

– Ойынға қоспаймыз, – деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетін-ді. Бұлар үйден шыққан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел-жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

– Кел! Ойынға сен де аралас, – деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.

– Самат мені ойынға қоса ма? – деп қипақтады.

– Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, – деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Қазанқап қиналып, екі беті қып-қызыл болып:

– Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбаймын, – деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.
· Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

· Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?






  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастырыңдар. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.



Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көз қараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.

2-тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті сөдерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.



Адам – адамға ..., жолдас, ... .

Дос жақсының, ... де жақсы.

Көп ақшаң болғанша, көп ... болсын.

Дос – досқа ... .

Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.






  1. Топпен ән айту.

«Ағайынбыз бәріміз!» 72 бет

Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев

Сөзін жазған: Малғаждар Әубәкіров





  1. Үй тапсырмасы.

Құм мен тас Өсиет әңгіме 71 бет оқу




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет