Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет5/5
Дата02.12.2019
өлшемі434,5 Kb.
#52850
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 сынып сабақ жоспары2
13. КТЖ Физика 9 сынып



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№20 №23 сабақ

Мұғалiм: Ажекова С.А

Мерзiм: 19.02-22.02.2018

Сынып:2 «ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,к,л,м,и,з»

Тақырып: Жақсы көруді үйренеміз

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, риясыздық

Сабақ мақсаты: оқушыларға риясыз сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жақсы көрудің мәнін аша отырып, сүйіспеншілік құндылығына түсінік беру;

  • Оқушыларды айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

  • Оқушыларды ізгілікке мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



Тыныштық сәті: «Қиялдағы әлем»

Біз біраз ойнап, шаршадық. Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар. Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ...

Сіздердің қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бел аяқтарыңыз тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады.Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...

Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сізге керемет бір түс кіріп жатыр. Әрқасысыңыз өзіңізді 5 жылдан кейін көріп жатыр...

Назар аударыңыз, сіздердің 5 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...

Қай жерде тұрасыз...

Не істеп жатырсыз...

Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар?

Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді.

Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.

(1 минут пауза)

Енді сіз біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...

Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір – екі – үш...

Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер. Қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер? Қасыңызда кімдер бар? Осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?

Көрген түсіңізге ризасыз ба?

Ең қатты не ұнады?

Болашақтағы өміріңізден нені өзгертсем дейсіз?

Ол үшін не істеу керек?


  1. Үй тапсырмасын тексеру

Шынайы сүйіспеншілік Лариса Кобзева 74-76 бет оқу

  • Адам өз сүйіспеншілігін қалай білдіре алады?

  • Бәріне сүйіспеншілікпен қарайтын адам, қандай адам? Әңгімелеп беріңдер.

  • Жақындарыңа, достарыңа, айналадағы адамдарға сүйіспеншілігңді іспен қалай көрсете аласыңдар?

Ескерту

Үнтаспа



  1. Дәйексөз.

«Кімде-кім жақсы көрсе, сол күшті» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқызу.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу Мұғалім сыйы

Асқан асыл сыйлық

Ертегі

Ілгері заманда Отырар шаһарында бір саудагер болыпты. Оның үш қызы бар екен.

Күндердің күнінде саудагер алыс жерлерге сауда жасауға аттанбақ болады да, үш қызын шақырып алып:


  • Ал шырақтарым, мен алысқа спар шеккелі отырмын. Сендерге не сыйлйқ әкеліп берейін, қалауларыңды айтыңдар –депті.

  • Үлкені «Әке маған бір тізбек асыл маржан керек» депті.

  • Екіншісі: « Маған көйлектік ең асыл жібек» -депген екен.

Қыздарының айтқанын тыңдаған саудагер кенжесінен сұрапты

  • Жан әке егер сіз аман-есен оралсаңыз содан артық сыйлық болмас депті.

Әкесі кіші қызына қатты риза болыпты.

  • Сендерге қай қыздың жауабы ұнады? Неліктен?

  • Өздерің ата-аналарыңа қандай тілектер білдірер едіңдер?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Жасы кіші балаларды қалай қуантар едіңдер? Қарт адамдарға қандай сый-құрмет көрсетуге болады? Өз ойларыңды жазып көсетіңдер.



2-тапсырма.

Риясыз сүйіспеншіліктеріңді сахналап көрсетіңдер.



  • Туған-туыстарыңа;

  • Сыныптастарыңа;

  • Көршілеріңе;

  • Қонақтарға.




  1. Топпен ән айту.

«Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»

Өлеңін жазған: Мұқағали Мақатаев

Сөзін жазған: Нұрғиса Тілендиев

Нұрын төккен маған,

Шуағымсың- сен!

Айналайын мама,

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені,

Жұбанышым сен,

Құттықтаймын сені,

Туған күніңмен!
Аялаған мені,

Ән қанатымен.

Құттықтаймын сені,

Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман,

Қандай көңілді.

Мен тілеймін саған,

Ұзақ өмірді!






  1. Үй тапсырмасы.

Шегіргү мен Бәйшешек Михаил Андрианов 77-79 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№20 №24 сабақ

Мұғалiм: Ажекова С.А

Мерзiм: 26.02-01.03.2018

Сынып:2 «ә,б,в,г,ғ,д,е,ж,к,л,м,и,з»

Тақырып: Жақсы көруді үйренеміз

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: ізгілік, мейірімділік, риясыздық

Сабақ мақсаты: оқушыларға риясыз сүйіспеншіліктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жақсы көрудің мәнін аша отырып, сүйіспеншілік құндылығына түсінік беру;

  • Оқушыларды айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

  • Оқушыларды ізгілікке мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

-Көңіл-күйлерін сұрау

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену

Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі.  Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен  шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық  дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.



  1. Үй тапсырмасын тексеру

Шегіргүл мен Бәйшешек Михаил Андрианов 77-79 бет оқу.

  • Шегіргүлден қандай қасиеттерді байқадыңдар?

  • Қалай ойлайсыңдар, адам сүйіспеншіліксіз өмір сүре ала ма? Неліктен?

  • Сүйіспеншілік қандай ғажаптарды жасай алады? Мысалдар келтіріңдер.

  • Өзіңнің бойыңда қандай жағымды қасиеттер бар?

Ескерту

Үнтаспа



  1. Дәйексөз.

«Кімде-кім жақсы көрсе, сол күшті» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

«Мейірбан әйел»

Бірде екі әйел автобуспен асығыс жол жүріп бара жатты. Олар автобус аялдамасынан түскен сәтте бір келеңсіз жағдайға тап болды. Аялдама отырғышында бір жасөспірім бүк түсіп жатыр еді. Әйелдің бірі дереу әлгі балаға қарай жүгірді. Ал екіншісі болса, «онда нең бар, кеттік, өзіміз асығып тұрғанда», - деп кейіді. Сонда мейірбан әйел:



  • «Жұмыс, жұмыс» деп, қиналып, көмекке зәру болып жатқан мына баладан бас тарта алмаймын, - деді.

  • Оны танымаймыз да, бөтен біреудің баласы емес пе!? –деді, екіншісі ренішті күйде.

  • Мұның қалай, егер өз балаң осындай жағдайға душар болса, адамдардың риясыз көмек қолын созғанын қалар едің ғой! – деп, мейірбан әйел көмекке ұмтылды.

  • Әйелдің мейірбандық іске қандай қасиеттері жетеледі?

  • Осындай жағдайларда қандай адамдар көмек қолын созады деп ойласыңдар?

  • Сендердің өмірлеріңде риясыз сүйіспеншілік көрсеткен адамдар болды ма?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Өздерің жақсы көретін адамдарға арнап сурет салыңдар.



2-тапсырма.

Төменде ұсынылған сөйлемдерді жалғастырып жазыңдар.



Мен ата-анамды сүйемін, өйткені ...

Мен отбасымды сүйемін, өйткені ...

Мен Отанымды сүйемін, өйткені ...

Мен мектебімді сүйемін, өйткені ...

Мен табиғатты сүйемін, өйткені ...

Мен әлемді сүйемін, өйткені ...

3-тапсырма.

Өнер туындыларына қараңдар. Суретшілер шығармаларында өз сүйіспеншіліктерін қалай білдірген? Әңгімелеп беріңдер.



4-тапсырма.

Білімді тексеруге арналған тестілеу




  1. Топпен ән айту.

«Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»

Өлеңін жазған: Мұқағали Мақатаев

Сөзін жазған: Нұрғиса Тілендиев

Нұрын төккен маған,

Шуағымсың- сен!

Айналайын мама,

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені,

Жұбанышым сен,

Құттықтаймын сені,

Туған күніңмен!
Аялаған мені,

Ән қанатымен.

Құттықтаймын сені,

Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман,

Қандай көңілді.

Мен тілеймін саған,

Ұзақ өмірді!






  1. Үй тапсырмасы.

Қарлығаш би Ел аузынан 84-85 бет оқу




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__25_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып:Біз өсіп жатқан өлке

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: бауырмалдық, татулық, бірлік

Сабақ мақсаты: еліміздің тарихына ықылас қойып, бүгінгі күніне ауапкершілікпен қарау қажеттігінің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Еліміздің тарихына құрмет танытып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Бауырмалдық, татулық, бірлік қасиеттерін дамыту;

  • Отанды құрметтей отырып, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосуға, қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Қарлығаш би Ел аузынан 84-85 бет оқу

  • Төле бидің елінен, жерінен көшпей отыруына не себеп болды?

  • Төле би ел-жұртын жаудан қалай қорғап қалды?

  • Мәтіннен қазақ халқының бейбітшіліктің, тыныштықтың мекені болғанын көрсететін жерлерін тауып, баяндап беріңдер.

  • Жауды Төле бидің қандай қасиеті кері шегіндірді?

  • Елді, жерді қалай қорғап, көркейтуге болады деп ойлайсыңдар?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Отанды сүю отбасынан басталады» Мақал

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

«Біздің Отанымыз – Қазақстан» М. Әлімбай

- Сіз қайсы елден келдіңіз? – деп сұрады бірде менен француз жазушысы Мәскеуде жолыққанда.

- Қазақстан Республикасынан.

- О, мен Қазақстанды білем. Қандай үлкен ел, ғажап ел! Оның жеріне бес Франция сыйып-ақ кетер еді!

- Иә, дедім мен мақтанышты сезіммен.Қазақ даласы кенді алтайдан Атырауға дейін созылады... Қазақ жері алтын мен күміске, темір мен көмірге, мұнай мен газға бай.

Біздің егістікте бидай мен күріш, сұлы мен тары, аппақ қардай ақмақта өседі.

Кең-байтақ жомарт даламызда батырлар мен ақындар, зергерлер, шеберлер өмір сүрген.

Біздің Республика халықтары ынтымақпен жемісті еңбек етіп келеді.

Біз қандас болмасақ та, жандаспыз! Қазақстан Республикасы - біздің сүйікті отанымыз!


  • Отанымызды не үшін мақтан тұтамыз?

  • Өзің тұратын жер несімен көрікті?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Төмендегі қасиеттерді қатыстыра отырып, «Қазақстан – бейбітшілік бесігі!» тақырыбына шағын қойылым дайындап, сахналаңдар.



  • Ақ ниет;

  • Адалдық;

  • Азаматтық;

  • Бауырмалдық.

2-тапсырма.

Көп нүктенің орнына тиісті сөдерді қойып мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

А) Отан елдің ... .

Ә) Отан үшін ... – ерге тиген ... .

Б) Ынтымақ түбі - ... .

Тиісті сөздер: анасы, күрес, үлес, береке.





  1. Топпен ән айту.

«Елімізді сүйеміз!» 88 бет

Өлеңін жазған: Дүнгенбай Ботбаев

Сөзін жазған: Қадыр Мырза-Әли





  1. Үй тапсырмасы.

*** Бауыржан Момышұлы 86-87 бет оқу




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__26_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Біз өсіп жатқан өлке

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: бауырмалдық, татулық, бірлік

Сабақ мақсаты: еліміздің тарихына ықылас қойып, бүгінгі күніне ауапкершілікпен қарау қажеттігінің сүйіспеншілік құндылығына негізделетінін ұғындыру.

Міндеттері:

  • Еліміздің тарихына құрмет танытып, бүгінгі күніне жауапкершілікпен қарауды сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Бауырмалдық, татулық, бірлік қасиеттерін дамыту;

  • Отанды құрметтей отырып, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосуға, қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

*** Бауыржан Момышұлы 86-87 бет оқу

  • Отанды сүю неліктен үй ішінен, отбасынан басталады деп ойлайсыңдар?

  • Отанға сүйіспеншілікті қалай білдіруге болады?

  • Мәтіндегі «Өзіңді-өзің жеңбесең жауды да жеңе алмайсың» деген ойды қалай түсінесіңдер?

  • Қандай адам елін, жерін сүйіп, қорғап көркейте алады?

  • Өздерің Отанды қалай қорғап, көркейтесіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Отанды сүю отбасынан басталады» Мақал

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Отан Е.Өтетілеуов

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Отанды жас, кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап, қорғайды.


  • Отанды не үшін сүйеміз?

  • Отанды неліктен қастерлейміз?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

«Таңдауымыз – тыныштық пен татулық» тақырыбында шығармашылық (эссе, коллаж, сурет) жұмыс жасаңдар.



2-тапсырма.

Бүгін қандай жақсы істердің куәсі болдың? Жаз.






  1. Топпен ән айту.

«Елімізді сүйеміз!» 88 бет

Өлеңін жазған: Дүнгенбай Ботбаев

Сөзін жазған: Қадыр Мырза-Әли





  1. Үй тапсырмасы.

Үзілген гүл Кеңес Оразбекұлы 90-92 бет оқу




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№20 №27 сабақ

Мерзiм:___________________________

Мұғалiм: Коптлеуова Д.А.

Сынып:

Тақырып:Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз

Құндылық:қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Табиғатты сақтап, қамқорлық жасауға үйрету;

  • Қамқорлық, парыз бен жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • Табиғатты аяулауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

1.Үй тапсырмасын тексеру

Үзілген гүл Кеңес Оразбекұлы 90-92 бет оқу

  • Неліктен анасы қызына «Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар» - дедеі?

  • Табиғаттың сұлулығын қалай сипаттап берер едіңдер?

  • Табиғаттың сұлулығын сақтап қалу үшін қандай іс-шаралар өткізуге болады?

  • Өзің табиғатқа қандай жақсылық жасап жүрсің?

  • Өзіңді табиғаттың қандай бөлігіне ұқсатасың? Неліктен?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

2.Дәйексөз.

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» Халық даналығы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





3.Әңгiмелеу

Қарлығаштың ұясы

Кәдуілгі балшықтан өрілген қарлығаштың ұясы.

– Ұяны бұзсақ қайтеді? – деді көрші қыз. Гүлжамал ойланып та үлгермеді. Ұзын бойлы қыз қолындағы таяқты шірене сілтегенде, тебетей сияқты балшық қақ бөлініп, жерге құлады. Сырт көзге ғана үлкен адамның уысындай.

Ал ішінде қауым тіршілік, дүйім дүние. Жүн-жұрқа, мамық баяу қалқып, ауада көлбей тұрып алды. Сол ортада көрші қыз ғайып болды. Гүлжамал бесіктен аударылғандай бей-берекет күй кешкен балапандарға ұмтылды. Жарық дүниеден үміттенгендеріне көмегін көрсетуге әрекеттенгенінде, екі қарлығаш та сарайға енді. Біреуі бөлмеде аялдап, екіншісі ізінше кері ұшып кетті де, көрші үйлерден топ қарлығашты ілестіре жетті. Құстар мұншалықты ұйымшыл болар ма? Қолға түскен қарақшы қызды олар ортаға алып, қанаттарымен сабалап жүр. «Бейбіт тыныштығымызды бұзған қандай әдепсіз бала едің? Сен де ұлы адамзаттың ұрпағымын дейсің-ау!»деп кінәлап, сөгетіндей. Қызының ойбайлаған дауысын естіп, арашаға ұмтылған анасынан шошынып қарлығаштар бөлмені босатты.

– Ау, мұның не, қызым?

– Астан-кестен дүниені байқап, апасының түрі бұзылды.

– Апа, менің жазығым жоқ. Екі көзі боталап, шырқырағанына қарамай жазасын берді.

– Енді көр де тұр, қарлығаш сенің үйіңе ұя салмайды, – дейді апасы үш балапанды балшық тебетейдің жарты сынығына салып жатып.

Апасы ұяны құрастырып, балапандар мысыққа жем болмасын деп, иттің ұясының қасындағы жиюлы отынның үстіне қойды. Балапандар сол арадан жетіліп ұшты.

Апасы сол бір ақылсыз іске араласқаны үшін бір апта бойы Гүлжамалды қасына жатқызбады.

Ең өкініштісі қарлығаштар, бұдан кейін қанша күн өтсе де, бұның үйіне ұя салмады.
· Қарлығаш не үшін үйдің шатырына ұя салды, деп ойлайсыңдар?

· Гүлжамалдың құрбысының әрекеті туралы не айтуға болады?

· Сендер Гүлжамал мен оның құрбысының орнында болсаңдар, не істер едіңдер?





4.Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Суреттерге назар аударыңдар. Суреттегі жағдайларды қалай жақсартуға болады? Әңгімелеп беріңдер.



2-тапсырма.

Төменде берілген шығармашылық иелерінен өзіңе біреуін таңдап алып, батиғатты суреттеңдер.



Суретші, жазушы, ақын.




5.Топпен ән айту.

«Әдемі» 98 бет.

Өлеңін жазған: Ақылбек Шаяхметов

Сөзін жазған: Ғұсман Наурызбаев





6.Үй тапсырмасы.

Ақбөкен киелі жануар Көлбай Адырбекұлы 94-95 бет оқу.




7.Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__28_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Туған өлкенің табиғатын сақтауды үйренеміз

Құндылық:қиянат жасамау Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: туған өлке табиғатын сақтап, қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Табиғатты сақтап, қамқорлық жасауға үйрету;

  • Қамқорлық, парыз бен жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

  • Табиғатты аяулауға, қамқор болуға баулу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Ақбөкен киелі жануар Көлбай Адырбекұлы 94-95 бет оқу.

  • Неліктен ақбөкендер ауылға басып кірді?

  • Табиғаттағы заңдылық неге бұзылды?

  • Мәтіндегі «Жыртқыш аң жыртқыштығын істейді. Бұл табиғаттың қатал заңы. Ал адамдар аяушылық сезімі болуы керек» деген ойды қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің табиғатқа қандай қамқорлық жасап жүрсіңдер?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» Халық даналығы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Күн мен гүлдер

Құрманбек Толыбаев

Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.

– Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстар да оянды. Шырылдап сайрап жүр.

Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді:

– Қазір, Күн көке,...қазір, ақ Сәуле. Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.

– Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

– Қазір, ашайын көзімді, қазір...

Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.

– Гүлбадан, көтер басыңды, аш, алтын қауашағыңды! Көрсін қалың жұрт.

– Жарайды, – деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашағымның алтын бүрін жарқыратып ашамын!»

Ақ Сәуле сорайған көк бас қурайға барады.

– Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!

– Қазір, алтын Күн!

Атқұлақ керіліп-созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтерді. Қаз-қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.

Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.


· Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?

· Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.






  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Төменде берілген суреттердегі табиғат денелерінен қандай жақсы қасиеттерді үйренуге болатынын тауып, дәптерге жазыңдар.



2-тапсырма.

Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ дұрыс шешсеңдер, ерекше торкөзден жақсы қасиетті оқуға болады.






  1. Топпен ән айту.

«Әдемі» 98 бет.

Өлеңін жазған: Ақылбек Шаяхметов

Сөзін жазған: Ғұсман Наурызбаев





  1. Үй тапсырмасы.

«Бір атаның балалары» (Үзінді) Мұхтар Мағауин 99-101 бет




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__29_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Біз өмір сүріп жатқан ел

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер:Отансүйгіштік, татулық, бірлік

Сабақ мақсаты: оқушыларға туған елдің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың Отанға сүйіспеншілігін арттыру арқылы бірлік, ынтымақ туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ынтымақтастыққа баулу;

  • Оқушыларды Отансүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Бір атаның балалары» (Үзінді) Мұхтар Мағауин 99-101 бет

  • Ахмет ақсақал неліктен неміс баласын таңдады?

  • Ахмет ақсақалдың бойындағы басты қаситеті қандай?

  • Қалай ойлайсыңдар, Зигфридті қандай өмір күтіп тұр?

  • Адамдарды не біріктіреді?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Ынтымақ түбі – береке» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

«Қазбек бидің жауабы»

Қаз дауысты Қазыбектің тапқырлығы мен шешендігін өз құлағымен естіп, көз жеткізгісі келген бір білгер адам оған:

-Кім жақын? Не қымбат? Не қиын? – деген үш сұрақты қатарынан қойса керек. Сонда Қазыбек би оған былай деп жауап қайырған екен дееді:

- Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын,

Бауырмал болса, інің жақын,

Адал болса, досың жақын.

Алтын ұяң - Отаның қымбат,

Мейірімді анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,

Ұят пен ар қымбат.

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқылаған сөз қиын,

Іске аспаған серт қиын.


  • Өзара сыйластық дегенді қалайша ұғасыңдар?

  • Отбасы татулығының мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • Отан неліктен қымбат?

  • Отанға деген сүйіспеншіліктеріңді қалай көрсетіп жүрсіңдер?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

Суретке қарап, «Тату доспыз бәріміз!» тақырыбында әңгіме ұрастырыңдар. «Халықтар достығы» эмблемасының суретін салыңдар




  1. Топпен ән айту.

«Отан» 105 бет

Өлеңін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Біз бәріміз бірдейміз Анжелика Карабутова

Аударған Рабиға Ізғұттынова 102-103 бет оқу




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__30_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Біз өмір сүріп жатқан ел

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер:Отансүйгіштік, татулық, бірлік

Сабақ мақсаты: оқушыларға туған елдің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушылардың Отанға сүйіспеншілігін арттыру арқылы бірлік, ынтымақ туралы түсінік беру;

  • Оқушыларды айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ынтымақтастыққа баулу;

  • Оқушыларды Отансүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Біз бәріміз бірдейміз Анжелика Карабутова

Аударған Рабиға Ізғұттынова 102-103 бет оқу

  • «Біз бәріміз бірдейміз» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адамның бойындағы басты нәрсе не?

  • Сендердің өмірлеріңде басқа адамға достық қолын созған жағдай кездесті ме? Ондайда не сезіндіңдер?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Ынтымақ түбі – береке» Нақыл сөз

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Отан деген ... Айнаш Ілиясова

Бірде сыныптастарммен әңгімелесіп отырып, сөз таластырып қалдық.



  • Біз тұратын көне ауылдағы ең әдемі, асфальт төселген, - деді Мадина.

  • Ешбір көше көшеге жетпейді. Жол жиегі жап-жасыл ағаштар, тіптен өзіңді паркте жүргендей сезінесің, - деп мақтанышпен сөйледі Меруерт.

  • Ой, қыздар-ай, біздің көше ше?! – деп, сөзін бастай бергенде Розаны Салтанаттың киліккен сөзі бөліп жіберді.

  • Қойындаршы, қыздар. Бірде-бір көшенің ерекшелігі жоқ, бір үлкен қаладай-ақ бұл ауыл ... –деп қабағын шытты.

Қыздар үн-түнсіз қалды... Бәрі де Салтанаттың сөзін іштей мойындағандай. Өткір мінезді Самалдың үні бәрімізді елең еткізді.

  • Неге олай дейсің, Салтанат? «Отан» деген құдіретті ұғымның өзі осы ауылыңнан, өз көшелеріңнен басталмай ма? Өз көшелеріңді сүймесең, оны мақтан тұтпасаң, Отанды қалай сүймексің? – деді.

Сол сәтте мен де Самалдың өзін толқи тыңдадым. Ойыма батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отаншыл болу – отбасынан басталады» деген аталы сөзі оралды.

  • Самалдың бойынан қандай құндылықтар көріп тұрсыңдар?

  • Сен үшін Отан деген не?

  • «Отан», «Қазақстан» дегенде ойыңа не түседі?




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

Отанымызға арнап сыйлық әзірлеңдер. Түрлі-түсті қағазға қолдарыңды салып, қиып алыңдар. Қиылған қолдың суретінен «Достық гүлдестесін» жасаңдар.




  1. Топпен ән айту.

«Отан» 105 бет

Өлеңін жазған: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Сөзін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

*** Ел аузынан 106 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№4 орта мектеп №__31_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Әсемдік әлемінде

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік

Сабақ мақсаты:жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірлік бағдар ретінде ұғындыра отырып, оның өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің негізі екенін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің мәнін жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Дұрыс ой, жақсы сөз, жақсы іс жасау дағдыларын дамыту;

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтей отрып, сыйластыққа, ақкөңілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

*** Ел аузынан 106 бет оқу.

  • Адам тек қана жақсылықты көруге қалай үйренеді?

  • Көз тек қана жақсыны көргенде әлемде не болады деп ойласыңдар?

  • Көзді жақсыны көруге итермелейтін адамның қандай құндылықтары мен қасиеттерін білесіңдер?

  • Мәтіннен қандай ой тйдіңдер?

  • Сенің көзің әдетте қандай нәрселерді тезірек көреді? Неліктен?

  • Сен дәл қазір қандай жақсылықты, жақсы нәрсені көріп тұрсың?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел»

Ақселеу Сейдімбек

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Мейірімділік туралы өсиет әңгіме

Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір інжуден жасалған моншақты нұсқады.

Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін.

Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып:

- Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады.

Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды.

- Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті.

Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді.

- Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Көгілдір түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті.

Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.

- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды.

Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды.

- Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен.

- А! – деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.

- Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза інжуден жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп ағынан жарылды бойжеткен.

Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды.

- Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...

Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.



Сұрақтар.

1. Саудагерден кішкентай қыз інжуді кім үшін, не үшін сатып алғысы келді ?

2.Қыз әпкесін қалай сипаттады?

3.Саудагер қыздың ақшасы жетпеседе неліктен қымбат моншақты әдемілеп орап берді?

4. Әпкесі моншақты неге қайтарғысы келді?

5. Саудагер кішкентай қыздың моншаққа қандай құнын төлегенін айтты?

6.Өсиет әңгіменің мәні неде?

7.Осы әңгімеден қандай қасиеттерді көруге болады екен?







  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Суреттерге қараңдар, ондағы ғажайыптың себебін түсіндіріп, «Жақсылық жалғасын табады» немесе «Кішкентайға немқұрайды қарама» тақырыбында әңгіме жазыңдар.



2-тапсырма.

Жағдаятты шешіңдер.



Сыныпта енді ғана орнатқан желдеткіштің тұтқасын байқаусызда сындырып алдың. Айналаңда өзіңнен басқа ешкім жоқ.

Сенің әрекетің?




  1. Топпен ән айту.

«Әрқашан күн сөнбесін!» 111 бет

Өлеңін жазған: Александр Островский

Сөзін жазған: Лев Ошанин

Аударғандар: Ізтай Мәмбетов

Қабдікәрім Ыдырысов





  1. Үй тапсырмасы.

«Патшаның қызы неге бақытсыз?..» Өсиет әңгіме

108-109 бет оқу.






  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп:№4 орта мектеп №__32_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Әсемдік әлемінде

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік

Сабақ мақсаты:жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірлік бағдар ретінде ұғындыра отырып, оның өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің негізі екенін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің мәнін жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Дұрыс ой, жақсы сөз, жақсы іс жасау дағдыларын дамыту;

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтей отрып, сыйластыққа, ақкөңілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Патшаның қызы неге бақытсыз?..» Өсиет әңгіме

108-109 бет оқу.



  • Кіші қызыдң бақытының сыры неде?

  • Мәтіндегі «Өмір айна сияқты» деген ойды қалай түсінесіңдер?

  • Үлкен қызға қандай құндылықтар мен қаситтер тілер едіңдер?

  • «Өмірде не іздесең, соны табасың» дегенге сенесіңдер ме? Неліктен?

  • Өзің өмірден көбінесе қандай қаситеттерді, жағдайларды іздейсің? Сол кезде ішкі жан дүниең қандай болады?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел»

Ақселеу Сейдімбек

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

«Қамқорлық » Мәдіхат Төрежанов

Назымбек екінші кезекте оқиды. Жер тайғақ. Асыға басып мектепке келе жатыр. Бірер рет аяғы тайып кетіп құлап тұрды. Жолда өзімен бірге оқитын Нақысбекті кездестірді. Бір кішкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңіреп жылап келеді.



  • Мына бала сенің інің бе? деп сұрады Нақысбек.

  • Жоқ.

  • Енді кімің?

  • Құлап, аяғын ауыртып алған екен.

  • Оны қайда апарасын?

  • Дәрігерге көрсетіп, жарасын таңғызып берейін.

  • Екеулеп апарып салсақ қайтеді?- деп өтінгендей болды Нақысбек.

  • Сабақтан кешігеміз ғой...

  • Мен кешіксем, Күлаш Күлекенқызына айтарсың, мертіккен баланы дәрігерге әкетті деп.

  • Айтайын, көп жүріп қалма!- деп жүгіре жөнелді Назымбек.

Нақысбек арқалап алған бала зар қағады. Ауырсынып, шырылдауына қарағанда аяғы сынған болу керек.

  • Жылама қазір дәрігерге жетеміз, таяу қалды. Сенің атың кім?

  • Төлеген.

  • Ал, Төлеген батыр, мойнымнан мықтап ұста, тез жеткізе қояйын.

Нақысбек Төлегенді хирургке алып келді. Олар айнаға түсіріп, сынық бар депті. Емханаға жатқызатын болды. Хирург Нақысбекке:

  • Кішіге көрсеткен қамқорлығың үшін саған рахмет!- деп, басынан сипап, арқасынан қақты. Енді Нақысбек мектепке қарай жүгірді

- Балалар, әңгіме не туралы?

- Нақысбек қандай іс істеді?
- Жасаған жақсылығымыз, қамқорлығымызды міндетсінуге бола ма?

- Нақысбектің орнында болсаң сен не істер едіңдер?

- Адамдар неліктен сүйіспеншілікті жүрекпен байланыстырады?

- Осы оқиғаға ұқсас оқиға сендерге кездесті ме?






  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.



Атасы мен немересі саябақ ішімен келе жатты. Олардың алдынан шалшық су кездесті. Немересі оның иісінің жаман екенін айтып, атасына басқа жолмен жүруді ұсынды.

Атасы: «Балам, өмірде жаман нәрсе жоқ, тек қана оған сенің қалай қарағаныңда, сенің оған деген қатынасыңда», - деді.

Алайда немересі атасының сөзін түсінбей ойланып қалды...

  • Сендер немересіне жағдайды қалай түсіндірер едіңдер?

  • Өздерің жақсы нәрсені қайдан, қалай іздейсіңдер?

2-тапсырма.

Суреттерге қараңдар, балалардың іс-әрекеттерін талқылаңдар. Олардың әрекеті дұрыс болуы үшін қандай кеңес берер едіңдер.






  1. Топпен ән айту.

«Әрқашан күн сөнбесін!» 111 бет

Өлеңін жазған: Александр Островский

Сөзін жазған: Лев Ошанин

Аударғандар: Ізтай Мәмбетов

Қабдікәрім Ыдырысов





  1. Үй тапсырмасы.

«Екі дос» Аңыз әңгіме 112-113 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№4 орта мектеп №__33_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Балалық шақ мейрамы

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік

Сабақ мақсаты:жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірлік бағдар ретінде ұғындыра отырып, оның өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің негізі екенін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің мәнін жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Дұрыс ой, жақсы сөз, жақсы іс жасау дағдыларын дамыту;

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтей отрып, сыйластыққа, ақкөңілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Екі дос» Аңыз әңгіме 112-113 бет оқу.

  • «Кішкентай істің де қайыры бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ой, сөз бен іс ізгі болмай, арасында байланыс болмаса адамның өмірі қандай болады? Неліктен?

  • Үлкен істер неліктен кішкентай істен басталады? Кішкентай істерге неліктен немқұрайды қарауға болмайды?

  • Адам ізгі, қайырымды болу үшін бойында қандай құндылықтар ашылуы керек?

  • Сауранның атының мәңгілік болуының сыры неде?

  • Өдерің «жақсы аттарыңды» неден, қайдай қадамннан бастар едіңдер?

  • Өз есіміңнің мәңгі ел есінде сақталуы үшін не істер едің?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Өзіңе тілемегенді өзгеге де тілеме» Халық нақылы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Әдепті  сөз Әдібай Табылды
          Менің атам:   «Әдептілік сөзден білінеді. Әділет ағаңа ұқсап,әдепті сөзді үйреніп ал,балам»,-деп маған өсиет айтады. Ағатайым  институтта оқып жүр. Ол жақында каникулға келді. Мен оның әрбір ізетті,инабатты іс-қимылдарына назар аудардым. Әдепті сөздерін  ұғып, жадымда  сақтадым.  Өзім  де әдепті сөздерді қолдана бастадым .
     Әділет ағатайым  келем  деген  уақытынан  кешігіп келді.  Ол танадай  көздерінен нұр шаша күлімдеп, атамды аймалай  құшып амандасты:
          -Кешіріңіз, ата, кешігіп келдім....
          -Айыбы жоқ,балам, «Жолаушының жолы біледі»деген.
           Ғафу етіңіз, Сізге сыйлайтын сый-сыяпатым да көңілдегідей емес.
Оқасы  жоқ, ботам! «Ізетке найза бойламайды»  деген
Маған инабатың мен ілтипатың бәрінен де қымбат.
-Қош келдіңіз! Куаныштымын, -дедім мен. 
Ағатайым бетімнен сүйіп: 
-Атамның тілің алып жүрсің бе?-деді. 
-Маған сеніңіз,-дедім мен.
-Атасының жанашыр қамқоршысы,күні ғой бұл-жарығым!-деп , атам мені мақтай бастағанда,асыра мақтауды жөнсіз көріп,іштей қысылдым.Кейбір  «еркелігім» есіме түсті.

     Ағатайым анам, әкем,аталарыммен кездескенде қандай әдепті сөздер айтар екен деп,оның әрбір қимылына,әсерлі сөзіне ықылас қойып,қасынан қалмай жүрмін.


- Балам,шкафтағы кітаптарды сәндеп,реттеп қой,-деді көкем.

- Құп болады,-деді Әділет ағатайым.

- Әділжан,мына жуылған киімдерді үтіктеші,-деді апам.

- Сізге қызмет етуге әзірмін,апа,-деді ол.

- Мына ініңе әдептілік,имандылық,ианабаттылық дегеннің не екенін үйрет,бала,-деді атам.

- Сөзіңізге құлдық,ата, «Кішіден ізет,үлкеннен парасат» деуші едіңіз ғой...

Мен ағатайымның әдепті сөздерін өзімнің өнегелі сөздері жазып жүрген дәптеріме жаза бастадым.Әдепті сөздерді мен осылай үйрендім.


  • Адамдар арасындағы сыйластықты қалай байқауға болады?

  • Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әдепті адам өзін қалай ұстайды?

  • Өзің қалайша әдептілік танытып жүрсің? Айтып бер.




  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

«Адамның сөзіне емес ісіне, сыртына емес ішіне қара!» деген тақырыпта жағдаят ойластырып, сахналап беріңдер.



2-тапсырма.

Осы оқу жылында «Жақсылыққа барар жолдарың қандай болды?» әңгімелеп беріңдер, презентацияларыңды жариялаңдар.






  1. Топпен ән айту.

«Бақытты балалық шақ» 117-118 бет

Өлеңін жазған: Ж.Тұрбеков

Сөзін жазған: Әбілахат Еспаев





  1. Үй тапсырмасы.

«Рақметті» не үшін айтады? Василий Сухомлинский 114-115 бет оқу.




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№4 орта мектеп №__34_

Мұғалiм: Қырғызбекова Е. Қ. Оқушылар саны: ____

Сынып:2 Мерзiм:___________________________

Тақырып: Балалық шақ мейрамы

Құндылық:дұрыс әрекет Қасиеттер: сыйластық, құрметтеу, ақкөңілділік

Сабақ мақсаты:жалпыадамзаттық құндылықтарды өмірлік бағдар ретінде ұғындыра отырып, оның өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің негізі екенін түсіндіру.

Міндеттері:

  • Өмірдегі үйлесімділік пен әсемдіктің мәнін жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыра отырып ұғындыру;

  • Дұрыс ой, жақсы сөз, жақсы іс жасау дағдыларын дамыту;

  • Айнала қоршаған ортаны құрметтей отрып, сыйластыққа, ақкөңілділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Рақметті» не үшін айтады? Василий Сухомлинский 114-115 бет оқу.

  • Атасына айнала қоршаған ортаға ризашылық білдіртіп тұрған не нәрсе?

  • Табиғаттың алғысты, ризашылықты түсінетінін немен дәлелдейсің?

  • Атасының «Біз – адамдармыз» деген сөзін қалай түсіндірер едіңдер?

  • Сен өзің адам ретінде айнала қоршаған ортаға не істей аласың?

  • Өзің жиі рақмет айтасың ба? Жоқ, саған рақмет айта ма?

  • Дәл қазір өз ризашылығыңды кімге және неге білдірер едің? Неліктен?

Ескерту

Үнтаспа


Волшевная композиция хрустальная грусть

  1. Дәйексөз.

«Өзіңе тілемегенді өзгеге де тілеме» Халық нақылы

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?





  1. Әңгiмелеу

Балалар елін бағындыру

Ерте, ерте, ертеде «Балалар елі» деген бір ел болыпты. Алдарына қойған ешқандай мақсаты жоқ жұпыны өмір сүріп жатқан көңілсіз ел екен. Күндердің күнінде Балалар елін бір патшалық бағындырып алады. Ол патшалықтың аты – Ойын екен.

келісімен-ақ, Балалар елі бірден көңілденіп сала беріпті деседі. Айнала айқай-шу, дыр-думан. Ертеден қара кешке дейін бар баланың білетіні – тек қана ойын. Уақыт өте келе Балалар елі бірыңғай Ойынға салынып, өмірдің басқа жағынан мақрұм қалуға айналады. Есіл-дертін Ойын билеген баланы көріп пе едіңіз? Мұндай бала, тіпті, тамақ ішіп, бір ауық жүрек жалғау керектігін де ұмытады екен.

Ата-аналар әрлі-берлі ақылдасып, енді Еңбекті шақыртыпты. Сол-ақ екен, Балалар елінің тіршілігі жаңадан жанданып қоя беріпті дейді. Балалар бір уақ ойнаса, бір уақыт еңбек етіп, үй ішіне көмектесіпті. Нанның дәмін сезіпті, оның дастарқанға қалай келетінін түсініпті. Ата-ананың қадіріне жетіпті. Бұл – ел өміріндегі өзінше жақсы кезең болған екен...

...Осылайша уақыт өте беріпті. Бірақ, сонда да, ел тіршілігінде бірдеңе жетіспейтін сияқты болады да тұрады. Ата-аналар әрі ақылдасып, бері ақылдасып, ол жетіспейтін нәрсенің атын Оқу деп тауыпты.

Өйткені балалар Ойын ойнап шынығып, Еңбек етіп өмірге бейімділік танытқанымен, өмірдің сырын түсінбейді. Табиғат құпиясын білмейді. Сонымен енді көмекке Оқу келіпті.

Ойын мен Еңбекке жіберетін уақыттың біразын балалар енді оқу оқып, білім алуға жұмсапты. Сол-ақ екен, балалар өмірі тіпті қызықты бола түсіпті.

Өмірдің құпия сырын меңгеріп, біліммен қаруланған олар ересектер шаруасына да араласыпты. Мұнан кейін күні бойы сабақ оқып, қажыған баланы сергіту үшін тағы бір мейірбан жан жәрдемге келеді. Оның аты Спорт екен.


Спортпен тұрақты айналысқан баланың денсаулығы мықты, көңіл күйі сергек, денесі сымбатты болыпты. Оны көріп, Өнер есімді сұлу бойжеткен де жас ұланды баулуға белсене араласып кетеді. Әр жерде ән шырқаған, күй шертіп, би билеген Балалар еліндей ел, әй, дүние жүзінде болмаған шығар...

...Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі – бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түсіпті.

Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап – алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады.

Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады.

Олар да балаларды керемет жақсы көреді екен. Кейде, тіпті «мен алам», «жоқ, енді мен алам» деп өзара таласып қалып та жүреді.
· Ойын мен Еңбектің айырмашылығы неде, деп ойлайсыңдар?

· Балалар еліне Спорт пен Өнердің қандай пайдасы болды?

· Неліктен Оқу мен Кітап «Балалар елінің» өмірін жақсарта түсті деп ойлайсыңдар?

· Өздерің «Балалар елінде» болып көрдіңдер ме?






  1. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Осы оқу жылында «Жақсылыққа барар жолдарың қандай болды?» әңгімелеп беріңдер, презентацияларыңды әрі қарай жалғастырыңдар.



2-тапсырма.

Білімді бекітуге арналаған тестілеу.






  1. Топпен ән айту.

«Бақытты балалық шақ» 117-118 бет

Өлеңін жазған: Ж.Тұрбеков



Сөзін жазған: Әбілахат Еспаев




  1. Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет