Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат) (7мин.)
Робинзон Крузо Д.Дефо
Менің аралға келіп тұра бастағаныма жиырма үш жыл толып, жиырма төртінші жылға аяқ баксты. Жалғыздықтан құтылу үшін, уақытты тез өткізу үшін өзіме аз да болса көңіл көтерерліктей жағдай да туғызып бақтым. Оқушының өзіне белгілі, бірінші ермегім-тотыны сөйлету, тотым аузына келгенін анық сөйлейтін болды, тыңдауға өте қызық. Ол менімен бірге жиырма алты жыл өмір сүрді. Мұнан кейін оның қанша өмір сүретінін білмеймін. Маған ұқсап, тотымен сөйлесуді тағдыр жұмыр басты пендеге бермесін. Егер мен сықылды бақытсыздыққа ұшыраған бейшара адам жақсы түсінеді. Өзіммен бірге келген төбетім аралда өзіммен бірге он алты жыл өмір сүрді: ақыры қартайып өлді. Ал енді мысықтарымның көбейіп өскенін орманға жіберіп, өзіме ұнаған екі-үшеуін алып қалып, үй ішімнің белгілі бір мүшесіндей көрдім. Бұдан басқа асыранды екі-үш ешкім болды, маған үйренгендігі сондай, шақырсам шөпті, жемді қолымнан жеуші еді.
Осында өткен уақыттың тұрмысыма қандай ауыр әсер еткенін айтып жеткізе алатын емеспін. Тыныш ұйқы болмады, түн сайын түрлі жаман түстер көріп, жатқан жерімен ұшып түрегелетін болдым. Күндіз де тыныш тауып тұра алғаным жоқ.
Мамыр айының орта кезі, жаңылмасын он алтысы болу керек. Қатты дауыл тұрып, ертеден кешке дейін теңіз шайқалып, толқын тулады да жатты, сол күні –түнімен соқты. Мен ол уақытта өзімнің ауыр халімді ойлап, терең қиялға шомып, ауыр күрсініп отырған едім. Бір кезде атылған зеңбіректің дауысы естілді, дауысы теңіз жақтан шыққандай болды.
Ойда жоқ жерде зеңбірек дауысы естілгесін не қыларымды білмей сасқалақтап қалдым. Мылтық дауысы естілгесімен-ақ басыма неше түрлі ой келді. Бір минут кідіріп тұрғаным жоқ, басқышты қойдым да, көзді ашып-жұмғанша өрмелеп төбенің басына шықтым. Зеңбірек дауысы тағы атылды. Зеңбіректің дауысы баяғы біздің кеменің апатқа ұшыраған жақтан шығып жатыр, байқауымша сол маңнан қашық емес.
Әрине, бұл дыбыс- кеменің апатқа ұшырауының белгісі. Бір кеме қазаға ұшыраған, ол кемеге таяу бір кеме болу керек, сол кемені бұл жәрдемге шақырады, бәрін біліп отырмын. Зеңбірек даусын естіп, толқыған көңіл аласұрып, не қыларын білмеді, мүмкін олар мені құтқарар деген ой түсті. Осыны ойладым да уақыт өткізіп тұрмай, дереу қолыма түскен құрғақ ағаштарды үйіп, от жақтым. Егер кеме екені рас болса, отты көру керек. Сірә, көрген болу керек, оттың жалыны шаршып, аспанға шыққанда, зеңбірек үсті-үстіне атылды. Отты сөндіргем жоқ, таң ағарғанша жаға бердім. Таң әбден атып жарық болған кезде аралдың күн шығыс бетінде кеменің желкені екенін немесе арт жағы екенін білмеймін, қараңдап бір нәрсе көрінеді.
Қолыма мылтығымды алдым да, баяғы өзімді алыс алып кететін жағындағы биік жартасқа қарай жүгіре бердім. Жаңылмаппын әлгі көргенім кеме екен. Кемені көрген кездегі пайда болған сезімімді суреттеп жеткізуге тілім жетпейді. Кеме екенін анық айырған уақытта аузым күбірлеп, ерінім жыбырлап сөйлей бастадым: "Әй, ең болмаса екі-үш адам, тым болмаса біреуі тірі қалып, маған келіп, қасыма жолдас болар еді, тірі адаммен тілдесер едім". Пәлен жыл бойы жалғыз тұрғанымда, адам баласының қоғамына ынтық болдым емес пе, бірақ өзімнің жалғыздық хәлімнің ауырылған нақ сол күндегідей сезінгенім жоқ. Құмартқан нәрістенің құпия тетігі болады, ол тетік көзге түсетін немесе көзге түспейтін бір заттың күшімен қозғалады, сол құмартқан нәрсеңді көруге жанталасып ынтық болсаң, ал ол талабың жүзеге аспаса, күйіп-пісіп жарылып кете жаздайсың.
Ең болмаса кемеде бір адам аман қалса игі еді- деген менің тілегім нақ сондай болды. "Е, солай болса игі еді! ең болмаса біреуі тірі қалса игі еді", - деген сөздер аузымнан күбірлеп қайта-қайта шыға берді. Әбден ынты зар болып, зарыққаным ғой әлгі сөздерді айтқанда, денем дірілдеп, жұдырығымды түйіп, тісімді қайта-қайта қайрай бердім. Егер сол кезде менің алақанымда жұмсақтау зат болса, езіліп мылжа –мылжа болар еді, тістене тістене жағым қарысып қалған екен, артымнан аузымды ашудың өзі үлкен күшке түсті.
Ғылым иесі адамдар ондай көрністің себебін өздері аша жатар, мен тек кемені көрген кездегі өз басымда болған хәлімді ғана айтып отырмын, мен көріністің шыққан жерін, ата тегін түсіндіріп отырғам жоқ, дегенмен адам баласымен кездессем, арманым болмас еді деген ынтызарлық тілектің салдарынан болғандығына дау жоқ қой деп ойлаймын...
Шығарманы тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
Ол неліктен адамдар қауымына талпынды деп ойлайсыңдар?
Оған қалай көмектесер едіңдер?
Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?
Мұғалімнен сыйлық.(5мин.)
Философский мультик. Барашек и Кролень.mp4
|
|