Өзiн-өзiтану сабағының жоспары Мектеп: М.Әуезов Мерзiм №



бет7/8
Дата29.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#8162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Құндылық_:Сүйіспеншілік_ Қасиеттер:_Табиғатты сүю, қорғау_

Мұғалiм: Смаилова Г.К. _ _ Класс_5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «табиғат» құндылығы туралы түсінігін дамыту

Сабақтың міндеттері:

  • Табиғаттың адам өміріндегі құндылығын, маңыздылығын түсіндіру

  • Баланың табиғатқа деген аялы қарым-қатынасын дамыту

  • Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. (3 мин)

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

27 сабақтағы «Бесағаш бұлағы» әңгімесін оқып келу тапсырылған



  • Қасымбек Бесағаш бұлағын неліктен ерекше жақсы көрді?

  • Ақсақал неліктен бұлақ көзін ашу үшін еңбектенді?

  • Табиғатты сүюдің, аялаудың мәні неде?

  • Өздеріңнің ерекше жақсы көретін жерлерің бар ма? Қандай?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар» . Ш.Уәлиханов



  • Қалай түсінесіңдер?

  • Жанға жайлы бір нәрсе бар? Ол не нәрсе деп ойлайсыңдар?




5.Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы (10 мин)

Жаратылыс табиғаты

Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді. Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі: “Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын?” дейді.



  • Адам шаянды неге құтқармақ болды?

  • Екінші адамның айтқаны дұрыс деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

  • Сендердің бастарыңда осындай нәрсе кехдессе не істер едіңдер?

  • Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?

  • Табиғат сұлулығын қалай сезінуге болады?




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

«Табиғат не үшін қажет?»



  1. Ғалым

  2. Дәрігер

  3. Суретші

  4. Диқан

  5. Мұғалім




7.Топпен ән айту. (3 мин)

Табиғатым – махаббатым






8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

28 сабақтағы Ы.Кененбаевтың «Аққулы мекен» әңгімесін оқып келу және дәптердегі тапсырманы орындау






9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»





Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов Мерзiм___08.04.2014 ж _ №__28 _

Тақырып:_Табиғат ғажаптары_

Құндылық:__Дұрыс іс-әрекет_ Қасиеттер:_Қамқорлық, тазалық__

Мұғалiм _Смаилова Г.К._ _ Класс_5_ Оқушылар саны_______



Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың табиғат ұғымдарына байланысты түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

  • Табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту

  • Табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, аудиокассета, өлеңдер, А4 ақ қағазы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

28 сабақтағы Ы.Кененбаевтың «Аққулы мекен» әңгімесін оқып келу және дәптердегі тапсырманы орындау



  • Табиғаттың қандай көрінісі балаларды таңғалдырды?

  • Балаға табиғат қандай шабыт берді?

  • Кейіпкер күнделігіне не жазды деп ойлайсыңдар?

  • Табиғат ғажаптары дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

Халық мақалы



  • Мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Неге сулы жер құрақсыз болмас?




5.Әңгiмелеу, Мұғалім сыйы (10 мин)

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік –биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі

Сұңқар құстың самғағаны әдемі

Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!


  • Неге барлығын әдемілікке теңеп тұр?

  • Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!

  • Табиғаттан сендер қандай әсер аласыңдар?

  • Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?




6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Егер табиғатқа тіл бітсе...... тақырыбында шағын эссе жазу






7.Топпен ән айту. (3 мин)

Табиғатым махаббатым






8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

29 сабақтағы Бала және Інжугүл қоңыраулары атты шығарманы оқып келу және де дәптердегі тапсырманы орындау






9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»







Табиғат сұлулығы

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.

Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.

Биік –биік шыңдарым да әдемі.
Айдын көлде аққу қандай әдемі

Сұңқар құстың самғағаны әдемі

Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі


Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.

Сары түске боялған күзім қандай әдемі.


Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі.

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов___ Мерзiм_15.04.2014 ж _ №_29

Тақырып:_Табиғат ғажаптары_

Құндылық:__Дұрыс іс-әрекет_ Қасиеттер:_Қамқорлық, тазалық__

Мұғалiм: Смаилова Г.К. __ _ Класс_5_ Оқушылар саны_______





Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың табиғат ұғымдарына байланысты түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

  • Табиғатқа қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту

  • Табиғат ғажаптарын тани білуге және онымен үйлесімді өмір сүруге тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, аудиокассета, өлеңдер, А4 ақ қағазы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

29 сабақтағы Бала және Інжугүл қоңыраулары атты шығарманы оқып келу және де дәптердегі тапсырманы орындау



  • Бала неліктен інжугүлді жұлмады?

  • Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездесті ме?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне біледі»

Ш.Айтматов


  • Қалай түсінесіңдер?




5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Табиғат ғажаптары




  • Табиғат несімен ғажап?

  • Біздің ауылдың табиғаты қандай?

  • Сендерге қай мезгіл ұнайды? Неліктен?

  • Сол аталған мезгілдерден қандай табиғат ғажаптарын көруге болады?




6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Төмендегі Қазақстанның ғажайып жерлерінің фото суретіне зер салыңдар. Табиғаттың ұнаған көрінісіне шағын әңгіме жазыңдар.






7.Топпен ән айту. (3 мин)

Табиғатым махаббатым






8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

30 сабақтағы Суретші туралы ертегі атты шығарманы оқып келу және де дәптердегі тапсырманы орындау






9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов _ Мерзiм_06.05.2014 ж _ №_32_

Тақырып:__Салауаттылық - менің қалауым_

Құндылық:_Дұрыс іс-әрекет_

Қасиеттер:__Денсаулықты күту, бағалау, сақтау__

Мұғалiм: Смаилова Г.К. _ _ Класс_5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың «денсаулық» ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, салауатты өмір салты жайлы мағлұмат беру

Сабақтың міндеттері:

  • Салауатты өмір салты туралы білімдерін бекіту

  • Денсаулыққа зиянды жағымсыз әрекеттерге қарсылық сезімдерін ояту

  • Денсаулықты бағалауға тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Оқулық, аудиокассета, А4 ақа қағазы, мәтін.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі)

- Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасайымыз.
Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан - дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір - біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!
Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет.


Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?

(3 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

32 сабақтағы Әуестік әлегі атты аңызын оқып келу тапсырылған



  • Әуес болу адам өміріне қалай әсер етеді?

  • Әуес болудың жақсы жақтары бар ма?

  • Жаман істерге әуес болудың салауаттылыққа әсері қандай?

  • Жақсы әуестіктерге нелер жатады?

  • Жақсы әуестіктің адам өмірінде қандай маңызы бар?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Денсаулығы ғаламның – денсаулығы адамның»

Нақыл сөз


  • Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?




5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Анама денсаулық сыйлар едім.



  • Қай баланың айтқаны дұрыс? Неліктен?

  • Адамның денсаулығын сақтауду кім жауапты? Неге?

  • Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Салауатты өмір сүруге не кедергі болады?







6.Шығармашылық жұмыс. (10 мин)

Денсаулықтың он немесе одан да көп құпияларын жаз.







7.Топпен ән айту. (3 мин)

Чемпиондар әні







8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

33 сабақтағы Өмір туралы аңыз әңгімесін оқып келу және дәптердегі тапсырманы орындау







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет