Өзiн-өзiтану сабағының жоспары Мектеп: М.Әуезов Мерзiм №



бет3/8
Дата29.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#8162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8


Ана махаббаты

Ал сіз анамды жек көрем дейсіз? Ана махаббаты қашан да өзінен биік тұрған.

Жапониядағы жер сілкінісінен кейін, құтқарушылар жас келіншектің қиранды үйіне беттеп, үйінділер арасынан денесін көреді. Қараса, әлгі келіншектің дене күйі жат қылықта екен - дұға тілеген адамдай жерге тізерлеп, денесі алға еңкейіп, қолдары бір нәрсені ұстап алған. Құлаған үй бөліктерінен арқасы мен басы зақымданыпты.

Құтқарушылар жағының көшбасшысы әзер дегенде үлкен қиындықпен болса да, әйел денесіне тар қуыс арқылы қолын жеткізді. Бар ойы, әлі тірі шығар деп үміттенгені. Дегенмен, әйелдің суық денесі оның өлгендегінен хабар беріп жатқан болатын. Сосын, әлгі адам ұжымына қайта барып қосылып, келесі қираған үйлерді зерттеуге кетпекке айналды. Бірақ, белгісіз бір күш топ көшбасшысын көз жұмған келіншектің үйіне тартты да тұрды. Болмаған соң, қайтара қолдарын тар қабырғалардың арасынан өткізіп, әйел денесінің төңірегінде тағы бір зерттеу жүргізіп көруге бел байлады. Кенет ол жан дауысы шыға, толқығаннан айқайлап жіберді: "Бала! Мұнда бала жатыр!"


Бүкіл топ адамдары болып әйел төңірегіндегі үйінділерді мұқият жинады. Оның ішінде көрпеге оралған 3 айлық нәресте жатты. Сөзсіз, ұлын құтқару жолында әйел өз өмірін құрбандыққа шалыпты. Үй ортаға түскенде, жалма-жан ұлын денесімен жауып қалғаны көрініп тұрды. Топ басшысы кішкентай нәрестені қолына алғанда, ол әлі тыныш ұйқыда жатыр еді. Баланы қарауға дәрігерлер келді. Сол арада топ басшысы көрпені сәл ғана дұрыстап қоймақ болып, көрпені аша бергенде телефонды көрді. Телефон бетінде хабарлама тұрды: "Егер сен тірі қалсаң, есіңде болсын, мен сені сүйемін".

Хабарламаны оқыған әрбір жан көздеріне жас алған болатын. "Егер сен тірі қалсаң, есіңде болсын, мен сені сүйемін".



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов __ __ Мерзiм__12.11. №__10 _

Тақырып:___Махаббат - өмір өзегі____

Құндылық:__Риясыз махаббат___Қасиеттер:__Шексіздік, сүйіспеншілік__

Мұғалiм : Смаилова Г.К. Сынып:__5 «е» _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  • «Махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру

  • Сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту

  • Оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу




Ресурстар:

МР3, ән мәтіні, А4 ақ қағазы, оқулық, маркер, қарындаш

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

А) оқушыларды түгендеу

Б) сабаққа дайындығын тексеру

2.Тыныштық сәтi. «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Өзінің анаға деген махаббатын әңгімелеп беру


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (

«Өзінің елін сүйе алмайтын адам ештеңені де сүйе алмайды»



Байрон

  • Нақыл сөзді қалай түсінеміз?

  • Айтқандарыңа келісемін балалар. Тағы ескертетін жәйт анасын сүйе алмаған адамды да осылай атауға келісер ме едіңдер? Неліктен?

Сергіту сәті.




5.Әңгiмелеу (сұхбат).




6.Шығармашылық жұмыс

Оқулықта берілген «Қайдасың, қасқа құлыным?» және «Қасиетті туған жерді қастерле» атты екі мәтінді оқып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнелейді.







7.Топпен ән айту. Сыр сұлуы






8.Үй тапсырмасы.

«Отан сүйер ұлан бол!»әңгімесін мазмұндау






9.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Сталинград: Отанға деген махаббат қыздан басталады

Соғыс туралы кино қашан да менен тек қорқыныш тудырады. Себебі, ол тарихта яғни біздің өмірімізде болған оқиғалар... Сталинградқа барарда осы қорқыныштан айырыла алмадым, кино басталғанда да...

Маған ең әсер еткен көрініс киноның басында болды. Ол - солдаттардың өздері жанып бара жатса да жауына қарай ұмтылуы. Шынымен, бұндай оқиғалар өмірде болған. Біздің ауылда бір кісі осылай жанып бара жатып жауға қарсы шапқан, соғыстан қайтқан кісі осы әңгімені айтқан кезде сенбеуші едім, сол сәтте сол кісі көз алдыма елестеп кетті...

Соғыс кезіндегі Сталинград қаласын азат ету кезіндегі 3 күніне арналған кино. Үш күндік өмір арқылы біздің елге соғыстың әкелген зардабын, ауырлығын сезінуге болады. Мүмкін, соғыс берген нәрсе емес шығар бауырлық пен адамдық деген нәрсе. Бірақ, осы кинода сол анық сезіледі.

Сталинград арқылы ағатын Волга өзенін қорғауға бір топ әскер Сталинград қаласына жіберіледі. Бір-бірімен соғыстың арқасында танысқан солдаттар бір-бірімен дос болып үлгереді. Олар қорғап жатқан үйдің 18 жасар қызы тұтқынға түсіп қалған еді, олар оны құтқарып алады. Осы бір қорқыныш пен батылдық бірге бой алған кішкентай аруға бесеуі бірдей бауыр басады. Біреуі қызындай, бірі қалыңдығындай, біреуі өзінің табынушысындай, біреуі құрдасындай ұнатады... Ал қыз байқұсқа тек соғыстың бітуі маңызды еді, дегенмен ер жүрек командир қыздың көңілін өзіне аудартпай қоймайды...

Екінші бір Сталинград қызы да немістермен еді... Оның да бойында қорқыныш, соғыс бітсе деген тілек... Өмірде де кездесетіндей, соғыста да оған қарсы жақтың жігіті ғашық болады. Бірақ, совет заманында неміске жақындағандардың бәрін сатқын деп білген... Басқа ұлтта да, басқа ұлтқа да сезім, махаббат тән екенін ол кезде біздікілер түсінбеген... Себебі, олар сатқындар...

Бес солдат өздеріне қорғауға берілген үймен қосы кішкене қыз Машаны да жан-тәнімен қорғайды. Қызға деген махаббатан отанға деген махаббаттың күші арта түседі. Себебі, сондай бейкүнә арулар мұндай соғысты көрмесе екен, солар жыламаса екен деген ер жігіттердің арманы отанға деген махаббаттарын күшейтеді....

- Отан үлкен, бірақ сен жалғызсың... Егер сен жоқ болсаң, біздің үміт те үзіледі.... Сондықтан сенің аман болғаның керек, сонда біз Отанды да қорғай аламыз!...




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_: М.Әуезов __ Мерзiм__19.11. №_11 _

Тақырып_:_Отбасы жарастығы __

Құндылық:_Дұрыс әрекет _ Қасиеттер:_Өз отбасыңа жақсылық жасау_

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып:__5 «е»_ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру

  • Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу




Ресурстар:

МР3, ән мәтіні, А4 ақ қағазы, оқулық, маркер, қарындаш



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

2.Тыныштық сәтi. «Гүлдің оянуы»
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша!Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Ал, енді осы сәтті қағаз бетіне түсірейік.

3.Үй тапсырмасын тексеру. (

«Отан сүйер ұлан бол!» әңгімесін мазмұндап беру.

Сұрақтарға жауап беру.




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Алты аға бірігіп - әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»


  • Сергіту сәті







5.Әңгiмелеу (сұхбат).

ОТБАСЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ – ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ.



  • Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

  • Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?







6.Шығармашылық жұмыс

«Менің отбасым» атты тақырыпта топтастыру сызыңдар.







7.Топпен ән айту.

Анаға сәлем

Орындаушы: МузАрт





8.Үй тапсырмасы.

«Отбасы татулығы» әңгімелеу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_: М.Әуезов о/м. Мерзiм__26.11. №_12 _

Тақырып:__Отбасы жарастығы __

Құндылық:_Риясыз махаббат _ Қасиеттер:_Сүйіспеншілік, жақсылық жасау_

Мұғалiм : Смаилова Г.К. Сынып:__5 «е»_ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру

  • Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Отбасы жарастығы, оқулық, дәптер, аудиокассета, ән мәтіні



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылардың құралдарын түгендеу,



5 «Т» принципін еске түсіру. 
1. Тәртіп 
2. Талап 
3. Тыныштық 
4. Тазалық 
5. Татулық 

2.Тыныштық сәтi.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Отбасы татулығы» аңыз әңгімені әңгімелеп беру.

Сұрақтар:


  • Ал кім өз отбасы туралы айтады?

  • Біздің барлығымыздың отбастарымыз тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осыны әрі қарай жалғастыру сендердің қолдарыңда десем келісер ме едіңдер?

  • Отбасы жарастығы болуы үшін ең алдымен не қажет деп есептейсіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

Халық мақалы


  • Мақалды қалай түсінесіңдер?

Сергіту сәті.





5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Отбасы жарастығы



  • Отбасын неге мақтан тұтып тұр деп ойлайсыңдар?

  • Біз аулада қанша ағаштың түрі бар дейді?

  • Біздің ауламыз өте әдемі, табиғаты тамаша дейді. Біздің де ауламызды осындай етіп тамаша қылуға болады ма балалар?

  • Біздің де отбасымыз осындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр балалар. Ең бірінші адамға тату-тәтті өмір сүрі ушін не қажет деп ойлайсыңдар?







6.Шығармашылық жұмыс

Оқулықта берілген нақыл сөздерді дәптерлеріне көшіріп алу.







7.Топпен ән айту.

Әкем-әнім

Сөзі О.Сүттібаев





8.Үй тапсырмасы.

Өз отбасылары туралы әңгіме жазып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»





Отбасы жарастығы

Анам мен әкемнің тоғыз балалары бар. Он жеті немерелері, үш шөбересі бар. Мен атамның төртінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден екеуміз. Менің туған әпкемнің аты Елнұр. Ол жиырма бір жаста. Мамандығы бойынша заңгер. Қазыр ол Әкімшілік сотында жүмыс істейді. Қазыр біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған Жанат деген ағамның қолындамыз. Және де бізбен бірге әкемнің қарындасы, біздің әпкеміз тұрады. Біз әрдайым сол кісінің тілін алып, онымен ақылдасып, сырымызды айтамыз.

Біздің қазіргі тұратын жеріміз Алматының шетінде Алмалы-бақ деген жер. Ол жердің табиғаты өте тамаша. Біздің үйде отыздан астам ағаштың түрі бар. Жазды куні есіктің алдына киіз үй құрамыз. атамның балалары мен немерелері жиі үйге келіп тұрады. Әртүрлі мейрамдарды, туған күндерімізді бәріміз бірге тойлатамыз. Мен апайларым, ағаларымды, інілерімді өте жаксы көремін. Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз. Әр-қашанда бір-бірімізге көмектесеміз. Отбасымыздың ең улкенін тыңдап, үнемі ақылдасып отырамыз.

Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай улкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін. Алла тағалам оларды қорғап, көмектесуін әрдайым тілеймін.



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов _ Мерзiм__03.12.2013 ж _ №_13_

Тақырып:__Сөйлесе білу де өнер __

Құндылық:_Дұрыс әрекет __ Қасиеттер:__Жақсы сөз сөйлеу ___

Мұғалiм : Смаилова Г.К. __ Класс__5 _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Балалардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру

  • Адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Маркер, оқулық, А4 ақ қағазы, дәптер, мақал-мәтел топтамасы



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)

2.Тыныштық сәтi. (2 мин)

3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)

М.Жұмабаевтың «Сөз және мағына» әңгімесін оқып келу тапсырылған

Сұрақтар:



  • Қай көршісі адамның айтқанын түсінді?

  • Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе? Неге?

  • «Сөз астары» дегенді қалай түсінесіңдер?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз. (5 мин)

«Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мәдениеттендіре түседі»

І.Омаров


  • Сөзді бағалау дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу дегенді ше?







5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)

Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы — ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

Басқа пәле тілден.

Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

Ашуың келсе — қолың тарт,

Айтпас жерде — тілің тарт.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.






6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)

Адамга ен алдымен сөйлеу мәдениетін үйрену үшін не қажет деп ойлайсыңдар?







7.Топпен ән айту. (4 мин)

Елім менің








8.Үй тапсырмасы. (1 мин)

«Не айтатыныңды ойлап ал» аңызды оқып келу







9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет