Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов_Мерзiм_ ж_ №_33_
Тақырып:__Өмір мектебі_
Құндылық:_Дұрыс іс-әрекет_ Қасиеттер:_Өмірді тану, білу_
Мұғалiм : Смаилова Г.К.__ Класс__5 _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
Адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттер туралы түсініктерін бекіту
Сабақтың міндеттері:
Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорыту
Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Дұрыс өмірлік ұстанымын таңдай білуіне жол ашу
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, дәптер, аудиокассета.
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. (3 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
33 сабақтағы Өмір туралы аңыз әңгімесін оқып келу және дәптердегі тапсырманы орындау
Данышпан шәкірттеріне қандай тағылым берді?
Аңыздан қандай қорытынды жасауға болады?
Қандай істер өмірде ең маңызды болып табылады?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
Өзіңді танығың келсе,
Адамдардың ісіне қара.
Өмірді танығың келсе,
Өзіңнің жүрегіңе үңіл.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)
Өмірді тану
«Өзіңді тану арқылы өмірді танисың» дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзгеге жақсылық жасамай – ақ жақсы болуға бола ма?
Адамды ақ ниетті, кең пейілді болуға мәжбүр етуге бола ма?
Оқу жылының соңында өзіңнен және сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)
Дәптермен жұмыс. Шығармашылық жұмысты дәптерде орындатуға болады.
|
|
7.Топпен ән айту. (3 мин)
Өмір деген
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
34 сабақтағы «Екі қасқыр» аңыз әңгімесін оқып келу тапсырылады.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов __ Мерзiм_ ж_ №_34_
Тақырып:__Өмір мектебі_
Құндылық:_Дұрыс іс-әрекет_ Қасиеттер:_Өмірді тану, білу_
Мұғалiм : Смаилова Г.К.__ __ Класс__5 _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
Адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттер туралы түсініктерін бекіту
Сабақтың міндеттері:
Өзін-өзі тану пәнінен алған білімдерін жинақтап, қорыту
Жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Дұрыс өмірлік ұстанымын таңдай білуіне жол ашу
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, дәптер, аудиокассета.
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. (3 мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
34 сабақтағы «Екі қасқыр» аңыз әңгімесін оқып келу тапсырылған
Аңыздан қандай қорытынды жасауға болады?
Қарияның сөзін өз ойларыңмен толықтырып, мысалмен дәлелдеңдер?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
«Адамның өмірде меңгерген білімі мен мақсат-мүддесі жақсылыққа бағытталған болса, оған іс-әрекет арқылы қол жеткізе білсе, ол ең үлкен жақсылық»
Аристотель
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)
Бұл дүниеде не қымбат ?
Бала әкесінен алған алтынды дұрыс жұмсады ма? Неге?
Кейіпкер ата-анасының сенімін ақтады ма? Қалай?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)
Дәптерде берілген «Мен не үйрендім?» сұрақ тапсырмаларын орындау арқылы оқушылардың жыл бойында «Өзін-өзі тану» пәнінен алған білімдерін жүйелейді.
|
|
7.Топпен ән айту. (3 мин)
Дос болайық бәріміз!
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
Үйге шығармашылық бір жұмыс тапсырылады.
Шығармашылық жұмысты мұғалім өзі ойлап табуы тиіс
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: __М.Әуезов_____________________ Мерзiм:________________№1
Тақырып: Өзімді-өзім танумен өсіп келемін
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: достық, мейірімділік, сүйіспеншілік.
Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып 5 Оқушылар саны:___
Сабақ мақсаты: Қиянат жасамау ұғымының мәнін түсіндіру;
. Білімділік: оқушылардың адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретінде түсініктері кеңейеді. Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығын түсінеді.
Дамытушылық: Өздерін жеке тұлға ретінде сезінеді.
. Тәрбиелік: оқушылар өзін-өзі тәрбиелеуде рухани құндылықтардың қайнар көзі-халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге үйренеді;
|
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.Амандасу.
Топқа бөлу (түстері түрлі шарлар арқылы) - 3 мин
.Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену» - 3 мин .Сабақ барысын талқылау:
Жуан, жіңішке сұрақтар арқылы балалардың ойлау қабілеттерін ояту
Ойын «Таныс болайық»
Ойынды жүргізудің мақсаты: Әр баланың өмірде өз жолы, өз тағдыры, өз таңдауы бар екендігіне көңіл аударту.
Шарты: Әр бала өз есімін атайды да, оның немен байланысты қойылғаны жөнінде мәлімет береді.
Мыс: Асыл есімі – жаны сұлу, таза, ақылды болсын; Болат – ер жүрек, қайратты, елін қорғайтын азамат болсын; Абай- ұлы ақын сияқты данышпан, халқына сыйлы болсын; Жібек – жаны нәзік, әдемі, сүйкімді болсын, т.с.с.
Балалар жеке жұмыс жасайды. Барлығы өз есімдерінің тарихын айтып шығады.
Дәйек сөз.
Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну.
Әл-Фараби
. 4. Әңгiмелесу (сұхбат).
Өзіңді-өзің таны дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзін-өзі танудың адам өміріндегі маңызы қандай?
Өзін-өзі тану «сарқылмас қазына» деуге бола ма? Неліктен?
Оқушылар мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы әңгімелесу жүргізеді.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Мәтінмен жұмыс.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл-диалогті пайдалану арқылы оқулықтағы «Таным тағылымы» аңыз әңгімесін оқушылар рөлге бөліп оқиды.
Бірінші данышпан:
Екінші данышпан :
1 топқа сұрақ. Егер сендер сиқыршы болсаңдар қандай үш тілек тілер едіңіз?
2 топқа сұрақ. Сендерде көп ақша болса, не нәрсеге жұмсар едіңіз?
3 топқа сұрақ. Егер сендер ата-анаңыздай үлкен болсаңдар, бірінші кезекте не істер едіңіз?
4 топқа сұрақ. Жаныңдағы достарыңа не үйрете аласыңдар?
Оқушылар топтық жұмыс орындайды, топ мүшелері ақылдасып, сұраққа жауап береді.
|
|
Топпен ән айту. Ж.Қалжанова «Өз-өзіңмен,балашым»
Өз-өзіңмен,балашым,
Жаның тапсын жарасым.
Теңдесі жоқ ешкімге,
Бұл өмірде дарасың.
Желден жүйрік көңіл күй,
Есті сөзді ойға түй.
Жылуына бөлеген,
Жаным,жарық күнді сүй.
|
|
Үйге тапсырма.Дәптерде берілген сауалнамалық сұрақтарды мұқият оқып,өз ойларын үйде жазып келу.
|
8.Тыныштық сәті (2-ші). 3 мин.
? Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін,басын тік ұстап,көзін жұмып отырады.
Мұғалім баяу дауыспен:
-Оқушылар көзімізді жұмып, бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші.
Сендердің жауаптарың, пікірлерің, ойларың, әрекеттерің «Өзін-өзі тану» пәні арқылы көп адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді ұғынғандарыңды көрсетіп тұр. Бәрің де «Өзін-өзі тану» елінің көшбасшысы болуға лайықтысыңдар.Осы үйренгендерің өмірде пайдаланып, олардың сендерге нағыз адам болып қалыптасу жолында көмектесетініне көздеріңді жеткізіңдер. Барлық адамдармен күліп амандасу,үнемі ақжарқын жүру,мүмкіндігінше айналаңа қуаныш сыйлау-асыл қасиет.Сондықтан, жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік,жақсы іс жасайық!Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық.Қандай жан тыныштығы!Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.»
Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рақмет.
Сау болыңыздар!
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |