Өзiн-өзiтану сабағының жоспары Мектеп: М.Әуезов Мерзiм №


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



бет2/8
Дата29.01.2017
өлшемі1,05 Mb.
#8162
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_: М.Әуезов о/м. Мерзiм__№_7 _

Тақырып:____Жақсылықпен жаным дос ____

Құндылық:__Риясыз махаббат__ Қасиеттер:_Жақсылық жасау, сүйіспеншілік_

Мұғалiм: Смаилова Г.К. Сынып:__5 «е» Оқушылар саны_______




Сабақтың мақсаты:

  • Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту

  • Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту

  • Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу




Ресурстар: аудиокассета, оқулық, А4 қағазы, маркер, қорапша, шар, орамал, дәйексөз, стикер, плакат, кілей

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

а) оқушыларды түгендеу

б) оқу құралдарын тексеру

2.Тыныштық сәтi.

«Су асты патшалығына ойша саяхат». 
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады). 
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. 
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.( бірнеше секунд үнсіз қалу). 
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. 
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. 

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жақсылыққа - жақсылық» ертегісін оқып келу тапсырылған

(Бинго ойыны)

Ойында қапшық немесе қораптың ішінде оқушы санына байланысты шарлар нөмірленіп салынады. Оқушылар дөңгеленіп тұрады. Мұғалім теріс қарап тұрып музыка қосқанда оқушылар қорапты бір – біріне беріп айналдырады. Мұғалім музыканы тоқтатқан кезде шар салынған қорап кімнің қолында тұрса сол оқушы қорапты көзін жұмып ашып бір шарды таңдап алып нөмірін оқушыларға көрсетіп болған соң өз орнына отырады. Ойын осылай жалғасып аяқталған соң кімнің қолында нешінші нөмірлі шар болса мұғалім сол нөмірге байланысты оқушыға сұрақтар қояды. Сұрақтар алдын-ала нөмірленіп дайындалады.

Сұрақтар:



  • Баланың өзімшілдік жасауы дұрыс па?

  • Бала өзімшілдігінен қалай айырылды?

  • Бала өмірден алған сабақтарынан тағы қандай қорытынды жасауы мүмкін?

  • Өздеріңнің жақсылық жасаған кездерің болды ма?

  • Өзіңнің ата-анаңа жасаған жақсылығыңның біреуін айтып бер?

  • Саған кім жақсылық жасады? Қандай?

  • Сен табиғатқа қандай жақсылық жасадың?




Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Жақсы кісі қартайса да,

Ақылынан танбас,

Жақсы ат қартайса да,

Жүрісінен танбас.

Оқушыларға алдын – ала жапсырмалы қағаз таратылады. Сол қағазға өздерінің білетін нақыл сөздерін жазып дәйексөз жазылған плакаттың айналасына апарып іледі.







5.Әңгiмелеу

Жақсылық пен жамандық

(Орамал тастау)

Орамал тастау ойынының шарты: Оқушылар дөңгеленіп отырады. Мұғалім мәтінді оқушылардың ортасына отырып оқиды. Мәтінді оқып болғасын мұғалім қолындағы орамалын бір оқушыға тастап сұрақ қояды. Оқушы сұраққа жауап беріп орамалын мұғалімге қайта тапсырады. Ал егерде орамал ұстап тұрған оқушы сұраққа жауап беруге қиналса онда «мен жауап беруге қиналамын» деп қолындағы орамалын басқа оқушыға өзі тастайды. Ойын осылай жалғаса береді.



Сұрақтар:

  • Адамның жақсылықтың айтқандарын істегені дұрыс па?

  • «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласың?

  • Адамның жамандықтың да сөзіне құлақ түруі дұрыс па?

  • Жақсылық жасау деген не?

  • Жақсылық жасау адамның парызы ма?







6.Шығармашылық жұмыс а) топтастыру

б) көрініс



а) «Жағымды адамның қасиеттері» және «Жағымсыз адамның қасиеттері» не деп ойлайсыңдар. Қолдарыңдағы дөңгелек парақшаға жазып тақтаға іліңдер.

б) Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:

— Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші,— депті.

Жақсылық:

— Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да, өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жер жүріп, жол бойына байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек, атқа қиын соғар,— депті.

Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.








7.Топпен ән айту.

Жақсылық жасау парызың әні

Сөзін жазған: Д.Байсалбаев

Әнін жазған: Ж.Дәулет







8.Үй тапсырмасы.

Қарлығаш пен дәуіт және арыстан мен тышқан ертегісін оқу






9.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»







Жақсылық пен жамандық

Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.

Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:

- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:

- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.

Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. .

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:

- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.

Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:

- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.

Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.

Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:

- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кеуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.

Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:

- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.

Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов о/м. Мерзiм__22.10. №_8_

Тақырып:____Жақсылықпен жаным дос ____

Құндылық:__Риясыз махаббат__ Қасиеттер:_Жақсылық жасау, сүйіспеншілік_

Мұғалiм . Смаилова Г.К._Сынып: 5 «е»_ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылардың «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейту

  • Жақсылық жасау іскерліктерін дамыту

  • Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу




Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

аудиокассета, оқулық



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

2.Тыныштық сәтi. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рақмет.


Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?

3.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Қарлығаш пен дәуіт және арыстан мен тышқан ертегісін оқу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Жақсылық істеуден жалықпа,

Істеген жақсылығыңа өкінбе!»

«Кабуснама»



  • Қандай ой түйдіңдер?

Сергіту сәті.




5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Жақсылық жасау парызың

Сұрақтар:


  • Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Жақсылық жасау деген не?

  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

  • Жақсылық жасау адамның парызы ма?







6.Шығармашылық жұмыс

«Жақсылықпен жаным дос» тақырыбында дәптердегі 3, 4 тапсырмалар шығармашылық жұмыс ретінде ұсынылады.







7.Топпен ән айту.

Жақсылық жасау парызың әні

Сөзін жазған: Д.Байсалбаев

Әнін жазған: Ж.Дәулет







8.Үй тапсырмасы.

Оқыған ертегіге байланысты қарылғаш пен дәуіттің суретін салу







9.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»







Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов __Мерзiм__29.10. №__9 _

Тақырып:___Махаббат - өмір өзегі____

Құндылық :__Риясыз махаббат__Қасиеттер:__Шексіздік, сүйіспеншілік__

Мұғалiм : Смаилова Г.К. Сынып:5 «е» _ Оқушылар саны_______




Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  • «Махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру

  • Сүйіспеншілік қарым-қатынастарын дамыту

  • Оқушыларды өз Отанын, туған жерін, ата-анасын сүюге тәрбиелеу




Ресурстар: аудиокассета, оқулық, А4 қағазы, маркер, суреттер, мр3


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

2.Тыныштық сәтi. ««Орманға саяхат» (3 мин) 
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
3.Үй тапсырмасын тексеру.

Ертегіге байланысты салған суреттерін тексеру



  • Сұрақтарға жауап беру

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді.



В.Г.Белинский

  • Дүниеде ана махаббатынан басқасының бәрі әлсіз келеді дейді. Неліктен?

Сергіту сәті.




5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Ана махаббаты

  • Анасы баласын қалай құтқарып қалды?

  • Анасының баласына деген махаббатын қалай білдірді?

  • Берілген суретте нені байқадыңдар?

  • Сендер аналарыңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресіңдер?







6.Шығармашылық жұмыс

Оқушылар З.Воскресенскаяның «Ана» деген әңгімесін оқи отырып, аналарыңа деген ыстық сезімдеріңді білдіріп, қағаз бетіне түсіріңдер.







7.Топпен ән айту.

Ана туралы жыр



Сөзі Ғ.Қайырбековтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі




8.Үй тапсырмасы.

Өзіңнің анаңа деген махаббатыңды әңгімелеп беру







9.Соңғы тыныштық сәтi.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет