Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп:М.Әуезов Мерзiм__ №_3
Тақырып____Адам мінезімен танылады
Класс__5 Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндікиері туралы түсінік беру.
Сабақ міндеттері:
жақсы/жаман мінез-құлықты ажырата білуге үйрету;
оқушылардың бойында жақсы мінез-құлық дамытуға ықпал ету;
өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар: оқулық, дәптер, маркер, аудиокасета, ән мәтіні
|
Сабақбарысы:
Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
Тыныштық сәтi. (2 мин) «Су асты патшалығына ойша саяхат».
(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтінеміз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаймыз. Жайлы, баяу музыка қойылады).
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.( бірнеше секунд үнсіз қалу).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
Үйге берілген тапсырма адам мінезі туралы мақал-мәтел жазып келу.
Сұрақтар:
Мінез дегеніміз не?
Адамның мінезі қайда және қалай танылады?
Мінез-құлық адамдардың қарым-қатынасына әсер ете ме? Қалайша әсер етуі мүмкін?
Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Өзгертсе қалай өзгертуі мүмкін?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
3.Дәйексөз. (5 мин)
Өзімшілдік - адамды бұзатын пиғыл.
Абай Құнанбаев
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық еріншектік, залымдық.
Абай Құнанбаев
Сұрақтар:
Қандай жақсы мінез болмаса, адам бақытты бола алмайды?
Адам мінезінің қоғамға қандай пайдасы мен зияны бар деп ойлайсыңдар?
Адам мінезінен зардап шегеді ме?
|
|
4.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)
Балалар Арайды неге Қыз Жібек рөліне ұсынбады?
Неліктен балалар Қыз Жібектің рөліне Маржанды ұсынды?
Егер де бізге де дәл солай айтылса сендер кімді ұсынар едіңдер?
Адам мінезімен көрікті дегенді қалай түсінеміз?
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)
Адамның мінез – құлқы жақсы болу үшін, онда қандай қасиеттер болу керек? Топтарда талқылай отырып, жақсы қасиеттер тізімін жасайды. Әр топ жақсы мінез – құлықтың өмірден бір мысалын келтіреді.
|
|
6.Топпен ән айту. (4 мин)
Аман жүрсін достарым менің
|
|
7.Үй тапсырмасы. (1 мин)
«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында шағын әңгіме жазып келу
|
|
8.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов Мерзiм__ __ №_4
Тақырып :____Адамның жан сұлулығы
Құндылық_:__Дұрыс әрекет __ Қасиеттер_:_Жақсы көңіл күй___
_ Класс__5__ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
Адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы қасиеттерін дамыту;
Жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.
|
Ресурстар: оқулық, аудиокассета, видеокассета,
ән мәтіні
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. (2мин) Оқушылармен амандасып,сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап,сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп,ұпайларын түгендейміз.
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
Оқушыларға «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында шағын шығарма жазып келу тапсырылған
Сұрақтар:
Жаныңда жүр жақсы адам дегенді қалай түсінесіңдер?
Өзің кімдерді үлгі тұтасың?
Өзіңді біреуге үлгі бола аламын деп ойлайсың ба? Қай жағынан?
Өзің үлгі тұтатын, өзің сол адамды жақсы көретін қандай достарың немесе басқа да құрбы құрдастарыңды атай аласың?
Сол атаған достарыңның қандай қасиетіне тәнті боласың?
Жақсы адамда қандай мінез-құлық болуы керек деп ойлайсың?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
«Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулықпен жандану керек»
Виктор Гюго
Ал сендер әдемілік, сұлулық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аламыз ба?
Неге олай ойлайсыңдар?
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)
Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер
Жаны сүлу адамды қалай сипаттар едіңдер?
Адам сұлулығын қандай істерінен байқауға болады?
Жаны сұлу адам деп кімдерді атауға болады?
Неліктен олай ойлайсың?
Жаны сұлу адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)
Адам жанының сұлулығы қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылар өз ойларын қорытып, жазғандарын оқып шығады. Оқып болғасын өмірден бір мысал келтіреді.
|
|
7.Топпен ән айту. (4 мин)
Бір бала
Халық әні
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
Оқулықтың он жетінші бетіндегі А.Л.Бжисканың Сұлулық сыры әңгімесін оқып келіп, соңында тұрған сұрақтарға дайындалып келу тапсырылады.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов о/м. Мерзiм__№_5 _
Тақырып :___Жақсы көңіл күй – жан шуағы _
Құндылық_:__Дұрыс әрекет __ Қасиеттер_:_Жақсы көңіл күй___
Мұғалiм : Смаилова Г.К. Сынып:__5 «е» _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
жақсы көңіл күйдің адами-қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту
Сабақ міндеттері:
өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;
өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар: аудиокассета,
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. (2 мин)
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
Сұрақтар:
Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйді?
Адам өмірде өзін-өзі қалай бағалауы керек?
Сендердің өздеріңе көңілдерің толмаған немесе өз істеріңе риза риза болмаған кездерің болды ма? Неге?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар – надандық, еріншектік, залымдық.
Абай Құнанбаев
Надандық, еріншектік, залымдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті.
|
Жаттығу жасау
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин). Қуаныш
Л.Воронкованың ізімен
Ваняның қуаныштарының ерекшеліктері неде?
Сендерді нелер қуантады?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс (10 мин.
Жан сұлулығына байланысты сурет салу
|
|
7.Топпен ән айту. (4 мин) Қуанышым менің
Дос Мұқасан ансамбльі
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
Оқулықтың жиырма төртінші бетіндегі Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақтан» әңгімесін оқып келу.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп : М.Әуезов о/м._ Мерзiм__№__6
Тақырып :__Жақсы көңіл күй-жан шуағы_
Құндылық_:__Дұрыс әрекет __ Қасиеттер_:_Жақсы көңіл күй___
Мұғалiм : Смаилова Г.К. Сынып:__5 «е»_ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
жақсы көңіл күйдің адами-қарым-қатынаста алатын орны туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту
Сабақ міндеттері:
өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету;
өз көңіл күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстар: аудиокассета, видеокассета, ән мәтіні, оқулық, смайликтер
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. Балалар денесін түзу ұстап,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуларына да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныстайды,денелерін бос ұстап,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап,қоршап,қамқор болып жатқанын сезінеді.Тұла бойлары,жақсылыққа,махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.Осылайша екі минуттай отырады.
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
Сұрақтар:
Көңіліңді, бойыңды бұлақтай таза сақта дегенді қалай түсінуге болады?
Өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден қалай арылуға болады?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
«Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы»
Уильям Гэзлит
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)
ҚОЯН МҮЙІЗ ШАҚША (9 бет)
Бөлтірік шешен жинағынан
Сұрақтар:
Қаз дауысты Қазыбек би кім?
Бөлтірік шешен кім?
Қария Бөлтірік шешеннің қандай сөзіне ырза болды?
Қаз дауысты Қазыбек бала Бөлтірікті неге мұқатты?
Баланың сөзіне қария ырза болды ма? Неліктен?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс. (10 мин)
«Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиғалар» тақырыбында әңгімелеу.
|
|
7.Топпен ән айту. (10 мин)
Өмір сыры
Сөзін жазған: И.Иса
Әнін жазған: А.Бексұлтан
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
«Жақсылыққа - жақсылық» ертегісін оқып келу
Өз көңіл-күйіңді қандай смайликтермен білдірер едің?
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |