Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов Мерзiм_ж _ №_23_
Тақырып:__Адалдық пен әділдік_
Құндылық_:_Дұрыс әрекет_ Қасиеттер:__Әділдік, адалдық__
Мұғалiм _ Класс_5 _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру
Сабақтың мақсаты:
Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны шмен маңызы туралы түсіндіру
Оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету
Оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа ттәрбиелеу
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
МР3, оқулық, дәптер, ән мәтіні, А4 ақ қағазы
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. -Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмыңыздар. Бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
23 сабақтағы «Адал бала» корей ертегісін оқып келу тапсырылған
Сұрақтар:
Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?
Оларды бірден алса,не болар еді?
Баланың ісін адал деп айтуға бола ма? Неліктен?
Ақсақал қабылдаған шешімді қалай бағалауға болады?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
«Адал өмір сүргеніңді білген кезде өмір өте жақсы және жеңіл көрінеді»
М. И. Калинин
Нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)
Ұлыға бәрінен гөрі адалдық жақын тұр.
В. Гюго
Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ.
Р. Роллан
Ұлы жүректің ақиқат пен әділдіктің қорытылған құймасына айналған адалдығы арамдықты жайдай жайратады.
В. Гюго
Адал өмір сүргеніңді білген кезде өмір өте жақсы және жеңіл көрінеді.
М. И. Калинин
Адалдық – өмірден қымбат.
Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол.
Т. Фуллер
|
|
6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)
«Адалдықтың белгісі» атты тақырыпта шағын эссе жаз.
|
|
7.Топпен ән айту. (4 мин)
Елім деп соғар жүрегім
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
24 сабақтағы «ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕКТІҢ ШЕШІМІ» аңыз әңгімесін оқып келу
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Аcыл қасиеттер туралы айтылған нақыл сөздер:
Ұлыға бәрінен гөрі адалдық жақын тұр.
В. Гюго
Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ.
Р. Роллан
Ұлы жүректің ақиқат пен әділдіктің қорытылған құймасына айналған адалдығы арамдықты жайдай жайратады.
В. Гюго
Адал өмір сүргеніңді білген кезде өмір өте жақсы және жеңіл көрінеді.
М. И. Калинин
Адалдық – өмірден қымбат.
Ф. Шиллер
Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол.
Т. Фуллер
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
М. Әуезов
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов_ _ Мерзiм_ ж _ №_24_
Тақырып:__Адалдық пен әділдік_
Құндылық_:_Дұрыс әрекет_ Қасиеттер_:_Әділдік, адалдық__
Мұғалiм : Смаилова Г.К._ _ Класс_5 _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру
Сабақтың мақсаты:
Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны шмен маңызы туралы түсіндіру
Оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету
Оқушыларды адалдыққа, әділдікке және шынайылыққа тәрбиелеу
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
МР3, оқулық, дәптер, ән мәтіні
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылардың құрал жабдықтарын түгендеу
5 «Т» ұстанымын еске түсіру.
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
2.Тыныштық сәтi. - Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап- таза, жап-жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі- түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі. Көзіңіңізді жұмып осы гүлдің елестетіңіздер. Ол әлі кішкентай. Күн оны жылытып, өсуіне көмектеседі.Гүлдің исін иіскейміз. Міне, бізде қандай ғажап гүл пайда болды.
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
24 сабақтағы «ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕКТІҢ ШЕШІМІ» аңыз әңгімесін оқып келу тапсырылған
Сұрақтар:
Қазыбек бала қандай шешім қабылдады?
Шешімнің әділ екендігін қайдан байқауға болады?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»
Ш.Уәлиханов
Ш.Уәлихановтың нақыл сөзін қалай түсінесіңдер?
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат). (10 мин)
Сен не істер едің?
М.Әлімбаев
Сұрақтар:
Неліктен азамат шындықты айтқанына күмәнданып қалды?
Қалай ойлайсыңдар, шындықты айту қиын ба? Неге?
Сен осындай жағдайларда не істер едің?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)
«Адалдық – адамдықтың белгісі» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.
|
|
7.Топпен ән айту. (4 мин)
Неткен өмір
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
25 сабақтағы «Жомарттық» атты қырғыз халық ертегісін оқып келу
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық.. бар жерде, тыныштық.. бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп_:М.Әуезов_ Мерзiм_ ж _ №_25 _
Тақырып:_Кеңпейілділік пен жомарттық_
Құндылық:_Дұрыс іс-әрекет _ Қасиеттер:_Жомарттық, кеңпейілділік _
Мұғалiм: Смаилова Г.К: _ _ Класс_5 _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
Жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру
Өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту
Жомарттық пен кеңпейілділікке тәрбиелеу
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық, дәптер, аудиокассета, Қайырымдылық әңгімесі
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. (3 мин)
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
25 сабақтағы Жомарттық ертегісін оқып келу тапсырылған
Сұрақтар:
Патша уәзірлерін қалай сынады?
Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?
Жомарт жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма? – деген сұрақты қалай түсінесіңдер?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
Қарапайымдылық, жақсылық пен ақиқат жоқ жерде ұлылық та жоқ. Л.Н.Толстой
Нақыл сөзді қалай түсіндіріп берер едіңдер?
Ұлылық та жоқ дегенді қалай түсінесіңдер?
|
|
5.Әңгiмелеу, мұғалім сыйы (10 мин)
Қайырымдылық әңгімесі
Сұрақтар:
Жомарт неге күшікті құтқарып қалды?
Жомарттың бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
Атынга заты сай дегенді қалай түсінесіңдер?
Жомарт қандай бала?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс (10 мин)
Шығармашылық жұмыста оқушыларды дәптермен жұмысты жалғастыруға да болады. Дәптермен жұмыс.
|
|
7.Топпен ән айту. (3 мин)
Айгөлек
Сөзі Н.Баймұхамедов
Әні Б.Байқадамов
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
Кеңпейілділік пен жомарттық туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазып келу тапсырылады.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп :М.Әуезов____ Мерзiм_18.03.2014 ж _ №_26_
Тақырып:_Кеңпейілділік пен жомарттық_
Құндылық:_Дұрыс іс-әрекет _ Қасиеттер:_Жомарттық, кеңпейілділік _
Мұғалiм: Смаилова Г.К._ Класс_5 _ Оқушылар саны_______
Сабақ мақсаты:
Жомарттық пен кеңпейіліділіктің дұрыс іс-әрекет екенін ұғындыру
Сабақтың міндеттері:
Барша адамдарға жомарттық таныту керек екенін түсіндіру
Кеңпейілділік адам өміріндегі жағымды қарым-қатынас екеніне көз жеткізу
Кеңпейілділіктің адам өмірінідегі маңыздылын түсіндіре отырып тәрбиелеу
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Жомарттық деген не? әңгімесі, аудиокассета, оқулық
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин)
2.Тыныштық сәтi. (3 мин)
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
Кеңпейілділік пен жомарттық туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер жазып келу тапсырылған
Кеңпейілділік туралы кім қандай мақал-мәтел жинап келді?
Мағынасын кім түсіндіріп береді?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Дәйексөз. (5 мин)
«Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білгін»
«Кабуснама»
Жомарт адамдар кімдер?
Жомарттық қайдан шығады?
Ал осы нақыл сөзді енді қалай түсінесіңдер?
|
|
5.Әңгiмелеу, Мұғалім сыйы (10 мин)
Жомарттық деген не?
Сендер қалай жауап берер едіңдер?
Ақсақалдардың жауабы дұрыс па? Неліктен?
Жомарттық деген не екен?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (10 мин)
Кеңпейілділік пен жомарттық туралы бір көрініс көрсету ұсынылады.
|
|
7.Топпен ән айту. (3 мин)
Ақ тілегі атаның
|
|
8.Үй тапсырмасы. (1 мин)
27 сабақтағы Ә.Ысқабаевтың «Бесағаш бұлағы» атты шығармасын оқып келу тапсырылады.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
|
Ә ң г і м е. Жомарттық деген не?
Бір күні ауылдағы бір үйде үлкен кісі ақсақалдар жиналып отыр екен. Бір адам есіктен кіріп сәлем беріп: «Мен — келесі ауылдың елшісімін. Олар сіздерге сәлемдеме жолдап: «біздер бір мәселені сұраймыз, егер соған жауап берсеңдер, сендердің мықтылықтарыңа разы боламыз. Егер дұрыс жауап бере алмасаңдар, сіздер біздің мықтылығымызға риза болыңдар»,— депті. Олар елшіге: «Мәселеңді сұрай бер»,— депті. Сонда елші: «Жомарттық деген не, жомарт пен жомарт еместердің арасында қандай айырмашылық бар? Бір кісі жолдың бойында отырса және бір адам оның алдынан өтсе, біраз уақыттан соң оның ізінен аңду үшін қылышын жалақаштап қуып келе жатқан адам жол бойындағыдан «пәлен адам өтті ме? деп сұраса, өткен жоқ десе — өтірікші, өтті десе жағымпаз шағымшылық істегені болады. Оның қандай жауап беруі керек? Бұл екі жауап та жомарттыққа тән жауап болмайды ғой»,— депті.
Ауылдың ақсақалдары бұл мәселені есіткен соң таңданып, бір-біріне қарап ақылы дал болады. Отырған топтың арасында бір үлкен кісі бар еді. Ол: «Жомарттықтың шарты — айтқан сөзінің ақиқаттығын дәлелдеуде. Жомарт пен жомарт еместің айырмасы — сабыр ете білуде. Жол бойында отырған жансыз бір қадам ілгері не болмаса кейін жылжып отырып, мен осы отырған жерімнен бір адамның өткенін көрген жоқпын,— деп жауап берсе, жомарттарға ылайықты жауап бергені болады»,— депті.
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: М.Әуезов__Мерзiм__01.04.2014 ж _ №_27_
Тақырып :___Табиғат тылсымы__
Достарыңызбен бөлісу: |