екіншісі –оны қоғам өміріндегі аномалия ретінде қабылдаудан туындайды.
XX ғасырдың 50-ші жылдан бастап Батыс Еуропа мен АҚШ-тың ғалымдары әлеуметтік шиеленістердің атқаратын қызметін жағымды, қоғам үшін пайдалы деп атап көрсетті. Мәселен, Л. Козер (АҚШ) шиеленістер әлеуметттік жүйені тоқыраудан сақтайды деген. Бұл құбылыс қоғамның тазаруына, ілгерілеп дамуына ықпал етеді, соның нәтижесінде қоғамның өміршендігі қамтамасыз етіледі дейді. Шын мәнісінде, әлеуметтік шиеленістер жағымды қызмет атқарады.
Олар мыналар:
1. Ақпараттық-танымдық қызметі. Яғни әлеуметтік шиеленістер қоғам өміріндегі шешілуі қажет түйінді мәселелер туралы, қалыптасқан қайшылықтар туралы ақпарт береді. Сонымен қатар шиеленісті жағдайда әр жақтың адамдары өздерінің және қарсы жақтың мүдделерін айқын сезінуге мүмкіндік алады. Өзара пікір-талас, қызу айтыс кезінде айқындыққа қол жеткізу мүмкіндігі туады.
2. Әлеуметтік шиеленістердің келесі бір жағымды қызметі интегративтік деп аталады. Бұл қызметтің мәні — шиеленістің пайда болуы, дамуы және оның дұрыс шешімін табуы барысында адамдардың белгілі бір әлеуметтік тобының тығыз топтала түсуімен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде қоғамдық қатынастар үйлесімге келіп, қоғамда белгілі бір деңгейде тепе-теңдікгің орнауы қамтамасыз етіледі.
Бұл жерде мынадай мәселені де естен шығармау керек. Қоғамда түрлі деңгейде болып тұратын шиеленістер адамдарды топ шеңберінде топтастырып, біріктірумен қатар қоғамдық қатынастырдың бұзылуына, әлеуметтік құрылымдардың жіктелуіне де әкеледі. Дәлірек айтсақ, шиеленістердің интегративтік қызметімен қатар, қоғамда жік туғызу, әлеуметтік жүйеде түрлі топтардың пайда болуына ықпал ететін де жағы бар екендігін естен шығармауымыз керек.
3. Шиеленістердің динамикалық (серпінділігі) деп аталатын жағымды қызметі бар. Яғни, шиеленісті, даулы мәселелерді шешу нәтижесінде әлеуметтік жүйенің, жалпы қоғамның сапалы, мәнді өзгерістерге қарай дамуына жол ашылады. Шиеленістер неғұрлым көлемді, тереңірек болса, олардың әлеуметтік процестерге тигізетін ықпалы да соғұрлым күштірек болады.
Әлеуметгік шиеленістердің жағымды жақтарымен қатар олардың кері, жағымсыз да салдары бар екендігін баса айтқанымыз жөн. Күнделікті өмірде кездесетін дау-жанжалдар, қақтығыстар адамдар арасында өшпенділік туғызады, тіпті қантегіске де ұшыратуы әбден мүмкін. Сонымен қатар қоғамның тұтастығына, бірлігіне де шек келтіреді. Ұзаққа созылған, ауқымды шиеленістер кең көлемді материалдық шығындарға ұшыратады.
Қорыта айытқанда, шиеленістердің қоғамға тигізетін жағымды ықпалымен қатар кері де жақтары болады екен. Олардың салдарын бір жақты бағалауға болмайды. Сол себептен кез келген шиеленістің салдарына үңілгенде, жағымды, позитивтік жағы басым немесе жағымсыз, негативтік жағы басым деп бағалау орынды.