П. А. Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап кеткен



бет1/9
Дата11.05.2023
өлшемі146,72 Kb.
#176516
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
18288c6e-a757-4022-89aa-106cdb42151d

Түсінік

  • Шиеленіс жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау, өзара әрекеттесу процесінде туындайды.
  • Адамзат қоғамының тарихына көз жүгіртсек, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық сатыларында әлеуметтік орын алғандығын байқауға болады. Біздің тілімізде «шиеленіс» деп аталып жүрген бұл құбылыс латын тіліндегі confliktus – қақтығыс деген ұғымды білдіреді.
  • Шиеленістер барлық қоғамдық ғылымдарда қарастырылады. Бұл құбылыстың жалпы ғылыми тұжырымдамалары ең алғаш рет әлеуметтану ғылымда қалыптасты.
  • «Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми Г.Зиммель болды

Себептері-обьективті

  • А.Т. Здравомысловтың қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үй, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен құқықтар деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. Әрине, адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктер мүддеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі.
  • П.А. Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап кеткен.
  • Шиеленісті жағдай еңбекке, жанұяға, өнерге, спортқа әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құндылықтарының қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психолгиялық және рухани салаларда орын алады.
  • Адамдар арасында алауыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологияның қарама-қарсылығы себеп болады. Мәселен, коммунизм мен антикоммунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес әлеемдік шеңберде орын алған идеологиялық күрес. Идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді.
  • Кең көлемді әлеуметтік толқулардың себептерін түсіндіруде депривация тұжырымын қолдануға болады.
  • Депривация (лат depriuatiuo-жоғалту, айырылып қалу) процесі – индивидтер мен әлеуметтік топтардың болашаққа артқан сенімдерінің, үміттерінің орындалмау жағдайын айтады. Халықтың билік орындарына қойған талап-тілектерін қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы.
  • Мәселен, Кеңес Одағында 1985-жылдан басталған "Қайта құру" шаралары халықтың үмітін ақтамады. Сол кезде өмір сүріп тұрған саяси жүйе халықтың түрлі топтарының талап-тілектерін қанағаттаңдыруға мүдделі болмады. Соның нәтижесінде Кеңес Одағының ұлан-байтақ территориясында саяси, әлеуметтік, ұлтаралық, экономикалық сипаттағы дағдарыстар орын алды. Соның нәтижесінде қысқа мерзімде Кеңес Одағы ыдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет