П. А. Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап кеткен



бет4/9
Дата11.05.2023
өлшемі146,72 Kb.
#176516
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
18288c6e-a757-4022-89aa-106cdb42151d

Сатылары

  • а) шиеленістің бастапқы кезеңі немесе оны өзара қақтығысуға дейінгі кезең деп те атауға болады. Бұл сатыда екі қарама-қарсы жақтың арасыңдағы қайшылық барынша өршиді.
  • Субъектілер бұл уақытта нақты іс-әрекетке көшпес бұрын өз ресурстарын (яғни мүмкіндіктерін) шамалайды. Ондай ресурстарға материалдық құндылықтар, ақпарат, билік, мәртебе, сыбайластар, жақтаушылар, т.б. жатады. Бұл кезенде, сонымен қатар, әр жақ өздерінің мүмкіңдіктерін бір араға шоғырландырып, топқа біріге бастайды, іс әрекетке көшудің стратегиясын айқындайды. Бұл — шиеленістің бейбіт кезеңі.
  • Шиеленістің қақтығысу кезеңі.
  • Қарама-қарсы жақтардың қимыл-әрекетке көшуіне белгілі бір жағдай түрткі болады (инцидент). Кейде шиеленіс көп ұзамай аяқталуы да мүмкін. Оның себебі, бір жақтың күші басым түсіп, жеңіске жетеді де қақтығыс тоқтайды.
  • Екінші бір жағдайда субъектілер сол бастапқы қақтығысу кезінде-ақ өзара келісімге келулері мүмкін.
  • Алайда, барлық шиеленістердің тез арада шешімі табылып, қысқа мерзімде аяқтала бермейді. Көп жағдайда шиеленіс ұзаққа созылады. Әсіресе, ұлтаралық, саяси сипаттаған шиеленістер ұзақ уақытқа созылады. Мұндай шиеленістерде өткір қақтығыс кезеңінен кейін уақытша тыныштық орнап, көп ұзамай бұл қақтығыс тағы қайталанады. Кейде екі жақтың арасындағы күрес барынша күшейіп, сатылай ­өрлей түсуі мүмкін. Мұны шиеленістің эскалация кезеңі дейді. Осылайша өрлей келе шиеленіс өзінің шарықтау шегіне – кульминациясына жетеді. Нақ осы кезде екі жақтың адамдары да қалыптасқан жағдайдан шығудың басқа жолдарын ойластыра бастайды. Яғни, шиеленістің келесі үшінші кезеңі басталады.
  • Шиеленісті жағдайдың шешімін табу кезеңі.
  • Субъектілердің арасындағы қақтығыстың тоқтауымен шиеленіс аяқталады. Алайда, бұл жағдай көпке созылмай, шиеленіс қайта басталуы мүмкін. Шиеленіс толық шешімін тапқанда ғана, оның толық аяқталуы қамтамасыз етіледі. Әрине, бұл қоғамдағы барлық шиеленістер толық шешіліп, келісім орнайды деген сөз емес. Өмірде екі жақтың уақытша келісімге келуі немесе жартылай шешімі табылатын шиеленістер жиі кездеседі.
  • Сол сияқты шиеленісті күшпен басып тастау да жиі орын алатын жағдай. Мұны шиеленістің шешілуі деп түсінбеу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет