П. А. Сорокин кез келген әлеуметтік төңкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап кеткен



бет5/9
Дата11.05.2023
өлшемі146,72 Kb.
#176516
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
18288c6e-a757-4022-89aa-106cdb42151d

КОНФЛИКТ ШЫҒУ ТҮРЛЕРІ
ЛАТЕНТТІ
(ЖАСЫРЫН)
АКТУАЛЬДІ
(АШЫҚ ТҮРДЕ)
29
30
КОНФЛИКТ ДАМУ ФАЗАЛАРЫ
ЛАТЕНТТІ КЕЗЕҢ
КОНФЛИКТ
ШЫҒУЫ
КОНФЛИКТТІҢ
АКТИВТІ ӨТУІ
КОНФЛИКТ
НӘТИЖЕСІ

Шиеленісті шешу

  • Әлеуметтік шиеленісті толық шешу үшін оны туғызған себептерді жою керек.
  • Бұл жерде айта кететін бір жағдай – субъективтік себептерден туындайтын шиеленістерді шешудің қиындығы. Эмоцияға байланысты шиеленістер толық шешілуі үшін екі жақтың адамдарының бір-бірлеріне деген көзқарастары толық өзгеруі керек. Ол үшін қарама-қарсы жақтың адамдары бір-бірлерін "бітіспес жау" деп санамай, керісінше, әріптес ретінде қабылдайтындай қарым-қатынас орнауы керек
  • Шиеленісті шешудің келесі бір жолы – субъектілердің өзара келісімге келіп, іс-әрекетті тоқтатулары арқылы жүзеге асады. Жағдай мына себептерге байланысты болды:
  • 1) Екі жақтың ресурстарының азаюына байланысты;
  • 2) Екі жақтың біреуі күресті әрі қарай жүргізу нәтиже бермейтіндігін түсініп, өз іс-әрекетін тоқтады; 3) Қақтығыс сол сияқты қарсыласты толық жою арқылы да аяқталады.
  • Шиеленістердің толық шешімі табылып нәтижелі аяқталуы үшін: біріншіден, оны туғызған басты себепті уақытында және дәл анықтау қажет.
  • Екіншіден, қайшылықты, алауыздықты жоюға қарсыласушы екі жақ та мүдделі болуы шарт.
  • Шиеленістің процесті басқаруы, дәлірегі оның барысына ықпал ету мүмкін екендігін бітлгеніміз жөн. Бұл процесті басқарудағы басты міңдет — шиеленістің асқынуына жол бермеу және оның кері кетіретін нәтижелерін кеміте түсуге ұмтылу.
  • Әлеуметтік шиеленістерді шешудің тиімді жолы – үшінші жақтың көмегін пайдалану. Әрине, бұл жерде үшінші жақтың ұстайтын позициясына көп нәрсе байланысты. Мәселен, кейде үшінші жақ қақтығысушылардың бір жағын қолдап, солардың басымдылығына мүдделі болса, шиеленіс күштеу арқылы немесе әлеуметтік қысым жасау арқылы аяқталады.
  • Субъектілерге байланысты бейтарап позиция ұстайтын – сот, арбитраж және меднация сияқты келіссөз процестерінің ерекше түрлеріне жататын үшінші жақтың көмегімен шешу.
  • Сонымен шынайы өмірде жанжалдан қаша алмайтынымызға көнуге тура келеді. Олай болса, егер жанжалды оқиғаларды шешуге мүмкіндік болса, оның зиянкестігін мейлінше азайту керек. Ол үшін жанжалды және оны реттеу әдістерін зерттеу қажет. Онымен "конфликтология” ғылымы айналысады. Конфликтология адамдар пікірі арасындағы қатынастарды емес (бұл идея мен теория жанжалды болар еді) пікірлер мен ұсыныстар қақтығысында болатын адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекеттестіктерін қарастыратынын білген жөн.
  • Ерте заманнан бері осыған орай айтылған қызықты идеялар аз емес. Ежелгі Қытайдың ұлы философы Конфуций б.э.д. VІ ғасырдың өзінде-ақ жанжал біріншіден адамның ұқсас болмауы мен тәуелсізідігінен туады деп атап өтті. Ол былай деген: "бай мен кедейге өзара қатынасты қолдау қиын, бірақ оған ұмтылу керек: өзіне қатал қатынас, жоғарыларға және үлкендерге сыйластық, қарапайым адамдарға игі ниеттілік пайдалы”. Осыған байланысты ол "айтыс-тартыс жүргізілмес” үшін әдет-ғұрыптарды жақсарту, кемістіктерді жою, ұрыстардан қашу қажет екенін атап көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет