Біз, сонымен, әлеуметтік шиеліністердің жалпы объективтік себептерін қарастырдық. Қоғам өмірінде кездесетін шиеленісті, даулы жағдайлар тек объективті себептерге ғана байлаңысты емес. Кей жағдайда адамдар арасындағы дау-жанжалдар сол адамдарға байланысты субъективтік себептердең де болады. Яғни адамдардың мінез-құлық ерекшеліктері, көңіл-күйлері, талғамдары, т.с.с. байланысты. Батыс әлеуметтанушылары шиеленістердің көпшілігі адамдар санасына байланысты туындайды деген пікірде. Жеке адамдардың, топтардың арасындағы қақтығысулар ақпараттың жетіспеуі мен сапасыздығынан, қарым-қатынас жасаудағы қиындықтардан да болады.
Түрлері
Бірқатар әдебиеттерде бұл қоғамдық қүбылысты субъектілеріне қарай жіктеу ұсынылады:
1.Жеке адамның өзімен өзінің келіспеуі. Яғни, бұл адамның психологиялық көніл күйі. Мұндай жағдай адамның белгілі бір рөлді атқарудағы қиналуынан, сол сияқты басқа біреуге шамадан тыс тәуелді болуынан келіп шығады. Адамның мұндай көңіл-күйде болуы басқаларға да әсерін туғызады. Өйткені кейде жекелеген адамдар өз бастарындағы қиындықтың себебін басқалардан деп түсінуі кездеседі.
2. Жеке тұлғалар арасындағы шиеленістер екі немесе одан да көп адамдар арасында болады. Мұндай шиеленістер өмірде жиі кездеседі.
3.Топаралық шиеленістер – мүдделері қарама-қарсы әлеуметтік топтар арасында орын алады.
4. Сыртқы ортамен шиеленіс белгілі бір топты құрайтын индивидтерге сырттан қысым жасалатын кезде пайда болады.
Түрлері
Ресей шиеленістанушысы А. Г. Здравомыслов әлеуметтік шиеленістерді орын алу салаларына қарай жіктеуді ұсынады. Біздің ойымызша, осылайша жіктеу икемді де ыңғайлы, әрі түсінікті болады. Автор әлеуметтік шиеленістерді экономикалық, саяси, ұлтаралық және мәдени шиеленістер деп жіктейді.
1. Саяси шиеленістер демократиялық қоғамдағы қалыпты құбылыс. Шиеленістің бұл түрі билік, ықпал, бедел сияқты мәселелерге байланысты туады. Саяси шиеленістер ашық немесе жасырын сипатта болуы мүмкін. Кей жағдайда пшеленістер өрбіп, кетеріліс, жаппай қозғалыс немесе азамат соғысы сияқты кең көлемді қоғамдық оқиғаларға ұласуы да мүмкін.
2. Ұлтаралық шиеленістер көпұлтты мемлекеттердегі ұлттық, этникалық топтардың өз құқықтары мен бостандықтарына қол жеткізуге бағытталған күрес негізінде болады. Көпшлік жағдайда ұлттардың мәртебесіне, сол сияқты территория мәселесіне байланысты да болады. Ұлтаралық шиеленістердің саяси сипатта болуы әбден мүмкін. Мәселен, 1986-шы жылғы Алматыда болған "Желтоқсан оқиғасы" қазақ ұлтының тәуелсіздігі, құқығы үшін ғана емес, сол кездегі саяси жүйеге қарсы бағытталған қозғалыс еді.
3. Экономикалық шиеленістер жекелеген индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларына, . айтқанда, еңбекақы, тұрмысқа қажет заттардың бағасы, қоғамдағы байлық пен ресурстарды бөлу мәселелерінен келіп шығады. Шиеленістің бұл түріне біз кейінірек арнайы тоқталамыз.