Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің топталып өсуі. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді? Мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі76,09 Kb.
#26551
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:Дүниетану






Сыныбы: 3 «Г»

Күні

Тексерген

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің топталып өсуі. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?


Мақсаты:

Өсімдіктердің мекен ортасына қарай тіршілік ету ұзақтығын аңғара алады.

Білімділік: Өсімдіктердің топталып өсуінің де бір- біріне тигізетін пайдасы анықтайды.
Дамытушылық:Өсімдіктер туралы білімдерін пысықтап , күнделікті өмірде олардың түрлерін ажырата отырып, ойлау қабілеттерін дамытады .

Тәрбиелік:Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктері артып, оны қорғай білуге үйренеді.

Күтілетін нәтижелер:

Өсімдіктердің түрлерін ажырата алады;

Өсімдіктер не үшін қажет екенін аңғарады;


Суретпен дұрыс жұмыс жасай алады;
Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алады;.

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге үйренеді;

Топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынып, қорыта алады;

Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.



Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық,тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар,

маркер,стикер, күлегештер.



Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану, «Визитка» әдісі

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан алынған мәліметтер

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

3мин


Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық ахуал туғызу


Топтарға бөліну

1-топ Бір жылдық өсімдік

2- топ Екі жылдық өсімдік

3- топ Көпжылдық өсімдік

4- топ Мәдени өсімдіктер


Оқушылар топта тұрып, өздерінің аттарын атай отыра «Мен қандаймын?... « сұрақтары бойынша тренингке қатысады. Мысалы, Медет- мейірімдімін, Әсем- әдемімін, Дәулет- дарындымын




Үй тапсырмасын тексеру

5мин


Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

-ылғал сүйгіш өсімдіктер

- құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

- жарық сүйгіш өсімдіктер

-жылу сүйгіш өсімдіктер

- көлеңке сүйгіш өсімдіктер

-суыққа төзімді өсімдіктер

«Визитка» әдісі бойынша

1-топ Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

2-топ Жарық сүйгіш өсімдіктер

3-топ Көлеңке сүйгіш өсімдіктер

4- топ Суыққа төзімді өсімдіктер


Оқушылардың ойлары тыңдалады

Желім арқылы берілген өсімдіктерді топтап жапсыру

Жасаған визиткаларын ортаға шығып қорғау


«Бас бармақ» бағалауы.



Бас бармақ жоғары 5
бас бармақ орташа 4
бас бармақ төмен 3


2)Қызығушылықты ояту

5 мин

-Қане, бұл ненің дыбысы?

-Орманның

-Орманның адам денсаулығына пайдасы қандай?

-Ендеше, адамға жақсылық сыйлайтын өсімдіктердің өзінің өмір сүруі , тіршілік ету мерзімі әртүрлі болады екен. Бүгін біз өсімдіктердің қаншы жыл тіршілік ететін білеміз.



Оқушылар өз ойларын айтады.




3)Мағынаны тану

15 мин

Топтың аттары туралы ойларыңыз қандай?
«Өсімдіктерді неге бұлай атайды?» ойыны

1.Мәтінді 4 топқа бөліп беру

1-топ

Өсімдіктер топталып бір жерде қаулап өскенді қалайды. Топталып өскен өсімдіктердің кейбір түрлері бір-бііріне қолайлы жағдай жасайды.Мысалы, еменді орманда, тек көлеңкеде ғана жақсы өсетін нәзік , жалпақ жапырақты шөптесін өсімдіктер көп болады. Оларды желден және күн көзінен емен қорғайды. Ал еменнің жаңғағы осы қалың өскен өсімдіктердің арасына түседі де, өніп – өсе бастайды. Шөптесін өсімдіктердің арасында мол ылғал, жұмсақ топырақ, саялы жылылық жас еменнің тіршілігіне қолайды жағдайлар бар. Ендеше, емен- саумалдақ, қынжыгүл сияқты шөптесін өсімдіктер өсетін ағаш.



Орманды жерде қойбүлдірген, қазтабан, қоңыраубас жақсы

топырақ бетіне қылтиып өсіп шығады. Ең ақырында масақ пісіп жетіліп, адамдар оны орып,жинап дәндерді қамбаға түсіреді. Сонда бидай бір жылда өсіп жетіледі. Осындай бір жыл ішінде өсіп, тұқым бергеннен кейін тіршілігін тоқтататын бидай, күнбағыс, қызанақ, жүгері, күріш т.б сияқтыларды біржылдық өсімдіктер деп атайды.

3-топ

Екі жылдық өсімдіктер бар. Олар пияз , сәбіз, орамжапырақ. Бірінші жылы тұқымынан тамыр, сабақ, жапырақтар өсіп шығады. Екінші жылы гүлдеп, жеміс береді.

Көптеген өсімдіктер ұзақ тіршілік етеді. Мысалы, емен 1000ж, қайың 150ж, сарықараған 50ж, шырша 50-150 ж т.б. Бұлар көпжылдық өсімдіктер. Көпжылдық өсімдіктер жыл сайын жаңа жапырақтары шығып, діндері қалыңдап, бойы өсіп ұзара түседі



4- топ

Өсімдіктер жабайы және мәдени болып екіге бөлінеді. Жабай өсімдіктер өздігінен өссе, мәдени түрлерін адамдар қолдан күтіп баптайды.

Дәптермен жұмыс

Оқулықпен жұмыс



Оқушылардың ойлары тыңдалады.

Топ ішінде талқылау.

Постер арқылы қорғау.

Түртіп, жазып алып отырады.



От шашу




2 мин

Сергіту сәті.

Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді




4)Ой толғаныс

10мин

1-топ «Біржылдық өсімдіктер»
Өсімдіктердің пайдасы
2- топ «Екіжылдық өсімдіктер»
Өсімдіктердің адамға тигізер зияны
3- топ «Көпжылдық өсімдіктер»
Бес жолды өлең
4- топ «Мәдени өсімдіктер»
Венн диаграммасы «Мәдени өсімдік пен жабайы өсімдіктер»

Оқушылар топта талқылап, жауап береді.

Бірінің білімін толықтырады.

Постер қорғайды.






5)Бағалау




Өзара бағалау



Тапсырмалар

Өзін бағалау

Досын бағалау

1

«Визитка» әдісі







2

Өсімдіктерді неге бұлай атайды?







3

Ой толғаныс







4

Қатысым белсенділігі







5

Тақырыпты түсінуі















6) Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру




95-99 бет түсініп оқу . Оқулықтан басқа біржылдық, екіжылдық, көпжылдық өсімдіктерді жазып келу

Ғаламтор желісінен, басқа оқулықтардан мәліметтер жинайды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет