П. И. Пидкасистый а у д а р ғ а н д а р



Pdf көрінісі
бет190/400
Дата23.12.2023
өлшемі13,11 Mb.
#198771
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   400
Байланысты:
дидактика кытап 2

пікірталасы. 
Қазіргі замангы мектептердегі оқытудың сөздік 
әдістерінің ішінде дискуссиялық оқыту ерекше орын алады. Оқыту үрдісіндегі 
оның ең басты бағыты - оқушыларды нақты немесе басқа да мәселелерді ор 
түрлі көзқараста белсенді түрде талқылауға тартуда олардың танымдық 
қызығушылықтарын ынталандыру, бөтеннің және өз бағытының дәлелдеріне 
әр түрлі көзқарасты ойлауды тудыру. Бірақ бүл үшін оқушылардың алдын ала 
немесе нақты мазмүнда және формалды дайындығынан бүрын талқыланып 
отырған мәселеге ең аз дегенде екі қарама-қарсы пікірі болуы керек. Білімсіз 
өтілген пікірталас мәнсіз, мазмүнсыз және нақты болмай, қарама-қайшылық- 
ты, шашыраңқы, апдымен сынаушыларды сендіруге айналады. (Подласый И.П. 
Педагогика. - М., 1996). Бір жагынан дискуссиялық оқыту оқушылардың өз 
ойларын ашық әрі нақты айтуға, дәлелді айғақтар жүйесін қүруга жетелесе, ал 
екінші жагынан оларды ойлауға, пікір таластыруға, өзінің дүрыстығын 
дәлелдеуге үйретеді. Осындай жағдайда әрине, мүғалім оқушылар алдында 
өзін үлгі етіп көрсетіп, оқушылардың өз ойларын түжырымдап, сүрақтар 
келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамыта алуы керек.
Оқу пікірталасын негізгі мектептердің жоғарғы сыныптары мен толық орта 
мектептердің сыныптарында жиі қолдануға болады.
Жақсы өткізілген пікірталаспен оқытудың зор тәрбиелік жөне білімділік 
мәні бар: оқушылардың мәселені терең ойлауына, оларды өз пікірін жақтай 
алуы мен өзгенің де пікірімен санасуға үйретеді.
Дәріс. 
Дәріс - колемді материалды баяндаудың монологтік тәсілі, ол 
әдетте жоғарғы сыныптарда қолданылып, бүкіл сабақты қамтиды. Дәрістің 
артықшылығы: оқу материалының логикалық мазмүндалуы, ақпарат агыны- 
ның көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігімен айқындалады. Қазіргі 
заманғы талаптарға сай жаңа оқу материалын тақырыптар немесе ірі бөлімдер 
бойынша игеруде дәрісті қолданудың маңыздылығы барган сайын осуде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   400




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет