П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет17/18
Дата02.07.2018
өлшемі3,73 Mb.
#45972
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

2012 жылы 12 желтоқсанда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақ-стан мемлекеттік университетінің акт залында Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Зейнолла Қабдолұлының туғанына 85 жыл толуына орай ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.

Конференцияның пленарлық мәжілісін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Асхат Сәлімұлы Иманғалиев ашты.


Сонымен қатар, пленарлық отырыста облыстық мәслихаттың депутаты, қоғам қайраткері Ғабдырахим Маралұлы Жаңбырбаевтың «Ағаның аялы алақаны», М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универси-тетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікқали Ғабдешұлы Шарабасовтың «Дана дидар - Ақ Жайықта», белгілі ақын, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ардагер-журналист Базарғали Саниұлы Қуатовтың «З. Қабдолов ұлағаты», педагогика ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы доценті Рысханым Сәлімқызы Кинжекованың «Жадымда тұрар жаңғырып» атты тақырыптарын-дағы баяндамалары тыңдалды.
20 желтоқсан 2012 жылы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалып-тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республи-касының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауын талқылауға арналған конференция ұйымдастырылды.

Конференцияны М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Асхат Сәлімұлы Иманғалиев ашты. Сонымен бірге тарих ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Cүйіншалиев Қалам Жұмашұлының «Қазақстан-2050» стратегиясы - еліміздің дамуындағы жаңа серпіліс», саясаттану ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Стратегиялық даму және сапа департа-ментінің директоры Юров Олег Винальевичтің «Послание Президента Республики Казахстан и новый этап развития образования в стране», тарих ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемле-кеттік университеті Тарих факультетінің деканы Ғиззатов Саялбек Махам-бетұлының «Елбасы Жолдауындағы білім, ғылым және жастар мәселесі», экономика ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Экономикалық теория және бизнес» кафедра-сының меңгерушісі Мерғалиева Лилия Игоревнаның «Основные социально-экономические ориентиры развития страны в рамках Послания Президента Республики Казахстан – стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства», филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті доценті Мутиев Зейнолла Жақсылықұлының «Жасампаздыққа бастайтын жол», «Химия» мамандығының IV курс студенті, жаратылыстану-география факультетінің студенттік деканы, университет ректоры грантының иегері Еслямов Қуаныштың «Заманауи білім – жастар болашағының жарқын кепілі» атты баяндамалары тыңдалды.



біздің наши OUR

мерейтой юбиляры JUBILEES


Педагогика және психология кафедрасының ардагер ұстазы

Мерғали Серғазыұлы Хусаинов - 70 жаста
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының білікті маманы, бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда өзінің қомақты үле-сін қосып жүрген тәжірибелі ұстаз, аға оқы-тушы Мерғали Серғазыұлы Хусаинов асқа-ралы 70 жасқа толып отыр. Әркез сырбаз, әр сөзін есеппен сөйлейтін, өзінің мұғалімдік мамандығына берілген Мерғали ағамыз әлі де қылаң бермеген күйінде.

Ағамыздың өткен өмірі талай жастарға өнеге бола алады. Жалпақталдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осы жерде орта мектепті тәмәмдаған Мерғали ағамыз 1960 жылы Орал педагогика институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі. Оқуды үздік бітірген шәкіртін ректорат осы оқу орнына оқытушы қызметіне алып қалады. Сол 1965 жылдан бері бүгінге дейін мұғалімдік мамандықтан қол үзбей, барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап келеді. Еңбекқор, өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын ізденімпаз ұстаз 1972-1975 жылдар аралығында аспирантурада білім алған.

1980 жылы Мерғали Серғазыұлы облыстық оқу бөліміне мұғалімдік-басшылық жұмысқа шақырылып,1985 жылы М.Өтемісов атындағы санато-риялық мектеп-интернатының директоры болып тағайындалады. Осы басшылық еткен 16 жыл ішінде мектеп ұжымы мерейтой иесін тек білгір басшы ғана емес, мықты әдіскер, ұлағатты ұстаз ретінде таныды. Өйткені ол кісі балалармен үнемі қоян-қолтық жұмыс істеуге де, іс-шаралар өткізуге де интернаттың қарбалас тірлігімен айналысуға да қашанда уақыт таба білетін.

Сондай-ақ бұл байланыс бүгінгі күнге өз жалғасын табуда, бұл орайда ағамыздың жылма-жыл демеушілік көрсетіп, материалдық көмек беріп отыруын ерекше атап өтуге болады. Әрбір ортада айналасындағыларға күн шуағындай мейірімін төгіп жүретін қарапайым болмысын шәкірттері мен жас ұстаздар үнемі үлгі тұтып жүреді және жасаған игі ісіне дән риза.

Майталман ұстаз, өз мамандығының нақ шебері Мерғали ағамыз зейнеткерлікке шықса да, бүгінгі таңда М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың педагогика факультеті педагогика және психология кафедрасының аға оқыту-шысы қызметін жемісті жалғастыруда. Ректорат, деканат, кафедра тарапынан ерекше қолдау мен сый-құрметке ие ұстаздың жеткен жетістіктері - бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге.

«ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері. 40-тан астам ғылыми мақалалар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы Мерғали Серғазыұлы Хусаинов - ардақты әке, үлгілі отбасы басшысы, сүйікті жұбайы Зоямен бірге бес немере сүйіп отырған бақытты ата.



Байжан Молдағалиев,

БҚМУ доценті

Құрметті Мерғали Серғазыұлы!
Сізді бүгінгі асқаралы 70 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздің мұғалімдік еңбек жолыңыз, күн шуағындай жайдарлы мінезіңіз, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын шыдамдылық пен төзімділігіңіз, мейірім мен қарапайымдылыққа толы болмысыңыз, кәсіби біліктілігіңіз, адал жолдастық қарым-қатынасыңыз, ардақты да қамқоршы әкелік қасиетіңіз кім-кімге де өнеге.

Қазіргі таңда Сіз - қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындау жұмысына қомақты үлес қосып жүрген тәжірибелі ұстаз, ғалым- педагогсыз. Сізден дәріс алып, білім нәрімен сусындаған мыңдаған шәкірттеріңіз еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етуде.

Құрметті Мерғали Серғазыұлы! Бүгінгі мерейлі 70 жасқа Сіз білім саласында жеткен үлкен жетістіктермен шығып отырсыз, бұған, ең алдымен, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин төсбелгісі» сияқты марапат-тауларыңыз және жарық көрген 40-тан астам ғылыми мақалаларыңыз бен оқу-әдістемелік құралдарыңыз дәлел.



Қымбатты, мерейтой иесі! Сізге зор денсаулық, отбасы амандығы мен бақытын, шығармашылық табыстар тілей отырып, жұбайыңыз Зоямен ұл-қыздарыңыздың, немере-жиендеріңіздің қызығына бөлене беруіңізге тілектеспіз.
Тілек білдіруші: кафедра ұжымы

Жардемов Жұбанышқали –

дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылғын профессоры (доцент)
1973 жылы Орал жөндеу зауытында токарлық қызмет істеп жүріп, Орал мем-лекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетіне оқуға түскен. Инс-титутта оқып жүрген кезінде самбо күресінен 1 жыл ішінде Бүкілодақтық «Буревестник» студенттер қоғамыныИң және Қазақ ССР-нің құрама командасының мүшесі болды.

1975 жылы Витебск қаласында (Бело-руссия) өткен Бүкілодақтық «Буревестник» студенттер қоғамы жарысының чемпионы болып, «КСРО спорт шебері» атағын қор-ғаған. 1975 жылы Қазақ ССР құрама коман-дасының мүшесі ретінде Тбилиси қаласында (Грузия) өткен жазғы VI Бүкілодақтық Халықтар достығының спартакиадасына қатысты. 1976 жылы Курск қала-сында (Россия) Бүкілодақтық студенттер универсиадасында ІІ орынға ие болып, осы жылы самбо күресінен Қазақ ССР кубогын жеңіп алады. 1977 жылы Липецк қаласында (Россия) өткен Бүкілодақтық «Буревестник» жарысының чемпионы атанады, қажырлы еңбегінің арқасында КСРО спорт шебері атағын алты мәрте иеленген.

Жұбанышқали Садырұлы 2002-2012 жылдары университетіміздің жанындағы «Ақжайық» спорт клубының төрағасы қызметін атқарды. Әрбір оқу жылында университетте 70-тен астам түрлі спорттық жарыстар өткізіліп, соның ішінде дәстүрлі студенттер спартакиадасы спорттың 9 түрінен және университет оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Денсаулық» спартакиадасында спорттың 7 түрінен жарыстар өткізілді.

Жұбанышқали Садырұлына Қазақстан Республикасының спортына зор үлес қосқаны үшін 1995 жылы


Каталог: images -> stories -> downloads -> vestnik
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі
downloads -> Құрастырғандар
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Бірінші тарау
downloads -> Құрастырғандар: тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шынтемірова Баян Ғаббасқызы
vestnik -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет