П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет167/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   272
Түйін сөз: интермедия, комедиялық пьеса, водевиль, фарс, мелодрама, сахна, характер, ситуация, психологизм, характерлер тартысы, шарттылық амалдар, детальды ойнату, символ, идеал, персонаж.
Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, Д. Исабеков, Ш. Мұртаза, С. Балғабаев, Б. Мұқай, И. Сапарбай, Р. Отарбай, Т. Ахметжан Р. Мұқанова сынды бірқатар драматургтердің белсенді араласуымен көркемдік биік деңгейде қалыптаса бастаған қазіргі қазақ драматургиясы бүгінгі күнгі төл әдебиетімізде қалыптасқан, үнемі жаңару, толығу үстінде. Бүгінгі таңдағы ұлттық драматургиядағы даму, жаңаша тың тақырыптағы драмалардың көр-кемдік-идеялық ерекшелігін ашуда С. Балғабаев шығармаларының рөлі зор.
Сұлтанәлі Балғабаев жалпы қазақ драматургиясының, соның ішінде ХХІ ғасырдың соны тақырыптарының игерілуіне, жас ұрпақтың патриоттық рухын оятып, психологиялық дамуына сүбелі үлес қосқан, қазіргі заман драматургиясының қарыштап кемелдене дамуына еңбек сіңірген, қазақ драматургиясында өзіндік қолтаңбасы бар талантты драматург. Драматур-гияның өз ішінен бірнеше жанрларға қалам тербеген С. Балғабаевтың әзіл-сықақ интермедялары өзінше бір төбе.
Драматургтың «Аспирант, әйел және жын» пьесасы бүгінгі замандағы бақталастар ортасын танытатын туынды. «Аспиранттың үйі. Бөлмеде бір стол, диван, орындық. Қабырғада арзанқол кілем. Столының жанында Аспирант аяғын айқастырып жіберіп телефонмен сөйлесіп отыр» деп басталатын Сұлтанәлі Балғабаевтың «Аспирант, әйел және жын» аталатын бір актілі пьесасында пендешілікпен атаққа да, байлыққа да, баққа да құмар адамдардың характерлерін сипаттау барысында, халық өмірінің терең шындығын, іштарлық, көреалмаушылық сипаттарын дәл көрсеткен. Аспирант, әйел, жын ғана қатысатын бұл пьесада автор ең алдымен өмірде дос болғансып күндес болатын, ақылдаспақшы болып жат пиғыл ойлайтын адамдардың психологиясына үңілген. Яғни аспирант пен әйелдің атақ алудағы ең бірінші міндеті – достары Айранбай мен Гүлзипадан қай жеріміз кем деген мақсатты ұстануы. Драматургтың шебер тілімен кестелеген екі кейіпкердің (әйел мен жын) арасындағы тұздығы тұшымды диалогында болған үстіне бола берсін деген ашкөздікті байқататын тұсына көз жіберіп көрейік. Мысалы, интермедияның басталуындағы көріністе:
Әйел. Ендеше бар ғой... қалай десем екен?!
Жын. Айта беріңіз, әміршім...
Әйел. Айтсам... өзі... жағдай былай ғой... Ел қатарлы өмір сүргіміз келеді...
Жын. Өте дұрыс айтасыз...
Әйел. Бірақ енді... өзің де көріп тұрсың... Ақша жетпейді... Жұрттың әйелі болса...
Жын. Не бұйырасыз, әміршім?!
Әйел. Кандидаттың әйелі болғым келеді [1, 194] - десе, интермедияның дамуында күйеуінің кандидаттық дәрежесін місе тұтпайтын әйелі енді оның доктор дәрежесіне көтерілгенін қалайды. Ол оқиғаның дамуындағы көріністен айқын байқалады. Мысалы:
Әйел. Айтпақшы, сен бәрін қой да әлгінің өзін доктор етсейші...
Жын. Кімді?
Әйел. Әлгіні... Біздің үйдегі Мырқымбайды...
Жын. Өзі Мырқымбай болса қалай доктор болады?!
Әйел. Е... енді болады ғой... Сүйеуші болса әбден болады. Оның үстіне, міне ақша да жетпей жатыр...
Жын. Апырмай, ә?!
Әйел. Өтінем. Жасаңызшы?!
Жын. Жарайды, қоймадыңыз ғой. Жасайын, құдіретті әміршім [1, 199]. Бұл тұста күйеуінің ғылым докторы болғанын, егер ол сол дәрежеге жетсе, атақ-абыройда, ақшада, дәрежеде сонда болады деп ой түйген әйелінің арманы орындалады. Яғни, күйеуі бірден ғылым докторы болады.
Оқиғаның байланысында, «...іші тар адам нақ өз дұшпанына қастық қылғандай, өзін-өзі кейістікке ұшыратады» (Демокрит) яғни, профессор болған Айранбайдың атақ-дәрежесін көре алмайтын аспиранттың әйелі оны күндейді. Мәселен, оны төмендегі мысалдан анық аңғаруға болады:
Әйел. Анаң қарашы! Тағы да ұйықтап кетті. Маубас! Адам болмайтын маубас! Енді қайтсем екен, ә?! Айналайын, біздің шалды профессор етпесең күн көре алатын түріміз жоқ...
Жын. Тым ертелеу емес пе, әміршім?! Біраз күте тұрсақ қайтеді?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет