П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет231/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   272
Ә.Қ. Мұқтар – т.ғ.д., профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті
Г.Т. Жуматаева – магистрант,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ,
E-mail: gulmarzhan85@mail.ru


В.В.БАРТОЛЬДТІҢ ТҮРКІСТАН АРХЕОЛОГИЯ ӘУЕСҚОЙЛАРЫ ҮЙІРМЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ


Аңдатпа. Мақалада Санкт-Петербург Ғылым Академиясының академигі, шығыста-нушы, арабтанушы, филолог В.В.Бартольдтің Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінде қызмет атқара жүріп, Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың өткен дәуірлері жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқандығы туралы айтылады. Осы кезеңде шығыстанушының қазақ тарихына қатысты «Ғылыми мақсатпен Орта Азияға жасалған саяхат туралы есеп», «Жетісу тарихының очерктері», «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан», т.б. еңбектері дүниеге келді.
Түйін сөз: Түркістан, археология, ғалым, шығыстанушы, тарих.


Ресей патшасы кең-байтақ қазақ жерін отарлау мақсатында ең алдымен оның тарихын, мәдениетін зерттеуді басты меже етіп алғаны белгілі. Осы мақсатта қазақ жерінің табиғатын, географиясын, жер қойнауын, халқының салт-дәстүрін, тұрмысын жан-жақты зерттеумен айналысатын ғылыми қоғамдар жұмыс істеді. Атап айтсақ, Солтүстік және Батыс Қазақстанды – Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясы, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды – Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі, Шығыс және Солтүстік-Шығыс Қазақ-станды – Орыс география қоғамының Батыс-Сібір бөлімі зерттеумен айналысты. Соның ішінде Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі – қазақ халқының тарихында елеулі орынға ие болды. Үйірме Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен мәдениеті саласында мол мұра қалдырды.
1895 жылы Ташкентте жергілікті зиялылардың өлкенің өткеніне, оның тарихына, сәулет және өнер ескерткіштеріне ден қоятын өкілдерін, әскери адамдарды, шенеуніктерді біріктірген археология әуесқойларынан құралған Түркістан үйірмесінің ұйымдастырылуы тікелей В.В.Бартольдтің есімімен байланысты [1, 17 б.]. 1893 жылдың мамыр айында орыстың белгілі ғалымы В.В.Бартольд Санкт-Петербург университетінің және Ғылым Академиясы-ның тапсырмасымен Шу және Іле өзені алқабының көне ескерткіштерін зерттеу үшін бұрын В.В.Радловтың басшылығымен Орхон экспедициясында болған суретші С.М.Дудинмен (1863-1929 ж.ж) Орта Азияға іс-сапармен барады. Алайда бұл сапарында оның тек Шымкенттен Әулие-Атаға дейінгі және Талас алқабындағы жолдарды көріп шығуға мүмкіндігі болады, себебі В.Бартольд жазатайым жағдайға ұшырап (аттан құлап, аяғы сынады), Әулие-Атада қалып, кейін Ташкентте әскери госпитальда жатады. Осы жылы қыста Ташкентте болған археологтар мен ғалымдардың мәжілісінде В.В.Бартольд қатысушыларға өз тарапынан «археологиялық істе жергілікті қайраткер-лердің маңызды орны бар» екендігін атап көрсетеді. Осы археология сала-сындағы ізденушілер жиналысында «Түркістан губерниясының орталығы Ташкент қаласында Түркістан археология әуесқойларының үйірмесін құру» жөнінен шешім қабылданады [2, с.371-376].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет