Аңдатпа. Мақаланың жариялануының мақсаты жоғары оқу орындарындағы студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін анықтап, оны ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мақаланы жариялаудағы міндет: құқықтық мәдениет қалыптастыру мәселесінің зерттелуіне талдау беру, жоғары оқу орындарының студенттерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру шарттарын айқындаужәне студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдеріне сипаттама беру болып табылады. Автор өзара бірін-бірі толықтырып, сабақтастырып және жетілдіріп отыратын әдістер кешенін пайдаланған.