П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет23/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   272
Түйін сөз: құқық, мәдениет, педагогика, жүйе, адамгершілік, ұстаным.

Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқық-тық мемлекет болып жарияланғаны белгілі. Құқықтық мемлекет құру үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек. Құқықтық мемлекет құру жас жеткіншектерден басталады, өйткені болашақ қоғам жастардың қолында.
«Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жарату-шының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екендігі сөзсіз. Білімді адам санатына қосылуы үшін қазіргі жастарға негізгі пәндерді игеру және талдау қабылетінің сауаттылығы аздық етеді. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет», - деп жазды С.Назарбаева «Өмір әдебі» кітабында[1].
Қазіргі кезде ғаламдық өзгерістер мемлекеттің ішкі даму жағдай-ларына, қайта құрудың көптеген міндеттерін нәтижелі шешуге, қоғамның әлеуметтік – экномикалық, материалдық – техникалық, идеологиялық, психологиялық ахуалына бейім екені мәлім.
Жалпы алғанда «мәдениет» ұғымын адамдар қауымы жасаған, сондық-тан оны дамудың белгілі бір деңгейін анықтап, сипаттайтын материалдық және рухани құндылық деп түсіну көзделген. Ал құқықтық мәдениет дегеніміз – өзінің құрамы, ерекшелігі бар қоғамдық мәдениеттің бір бөлігі.
Студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық мәдениеттің тар және кең мағыналары есепке алынып отыруы қажет. Тар мағынада: заңдылық, құқықтық шығармашылық және құқықты қолдану органдарының жалпы міндеті, қоғамның құқықтық жүйесінің даму деңгейі.
Кең мағынада құқықтық мәдениет – қоғамның құқыққа деген нақты қажеттіліктері оның ішінде мемлекеттің құқықты бағалауы, құқықтық ғылым дамуының деңгейі мен заң білімінің прогрессивтілігі және ақырында, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйін керек ететін қоғам мәдениетінің ажырағысыз бөлігі.
Құқықтың даму деңгейін бейнелейтін жеке азаматтар мен барлық халықтың құқықтық санасы, оның қоғам өміріндегі орны мен ролі. Кең мағынада құқықтық мәдениет заң мамандарын даярлау немесе құқықтық мәртебелік, заң қызметінің мемлекеттік жүйедегі ролі, құқық мәселелері бойынша ғылыми басқармаларының дамуы «адвокатура» жағдайы т.б. болып табылады.
Құқықтық мәдениеттің басты элементтері құқықтық сауаттылық пен азаматтардың заңды сыйлап, оны орындауы болып табылады. Құқықтық мәдениет адамгершілік санаттарымен байланысты. Ғалымдардың айтуынша «қоғамда адамгершілік мәдениет болмайды. Адамгершілік нышандарынсыз әлеуметтік, экономикалық заңдар жүзеге аспайды, шешімдер орындалмайды, қазіргі ғылым өмір сүрмейді»[2].
Қалыпты жағдайдағы адамның тәртібі, іс-әрекеті саналы түрде қабылданатын шешімдер арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде сананың деңгейі сезімдік дамудағы адамның әрекетінің әсері бар екендігін мойындау шарт. Сананың өзі белсенді әлеуметтік іс-әрекет нәтижеснде қалыптасады. Мұның өзі сана және әрекет мәдениеті адамдар қатынасы мәдениетінің бір мағынасына саятынын көрсетеді.
Үш қабаттан тұартын «үйді» көз алдымызға елестетіп, бірінші қабатта құқықтық білім және оны меңгере алу икемдігін орналастырамыз. Екінші қабатта құқыққа деген қатынас орын алсын. Ал үшінші қабатта құқықтық мазмұндағы әр түрлі жағдайдағы тәртіатер мен әрекеттер болсын. Барлық басқа үйлердегі секілді біздің үйдің де «іргетасы» бар. Адамның құқықтық мәдениетінің «іргетасы» болып оның саяси және адамгершілік көзқарасының ішкі нанымы саналады. Төмендегі аталған жағдайлар іргетастың қалай қаланғандығына байланысты болады.

  • Заңға қатыстылық сипатталатын заңды сыйлау сезімі;

  • Құқық нормасын орныдауға, заңдылықты сезінуге дайын тұрушылық, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту белсенділігі;

  • Құқықтық білімнің сапасы және оның қолдану аясы;

Яғни, құқықтық мәдениет – саяси, адамгершілік нанымға негізделген, терең жан-жақты құқықтық білім мен дағдының ажырамас бір бөлігі, заңды сыйлау белсенді құқыққорғау әрекеттері[3].


Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстары құқықбұзушылықтың алдын алып қана қоймай жас жеткіншектердің берік моральдық қағиадала-рын қалыптастырып, қоғамдық нормаларды ұғынып қабылдауға бейімделеді.
Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын жүргізу барысында мыналарға мән берілуі керек. Студенттер тек қана өз құқықтары мен міндеттерін біліп қана қоймай, бостандық, тұлға, құқықтық мемлекет деген ұғымдармен де таныс болуы керек[4].
Қайырымдылық пен зұлымдық, әдемілік пен көркемсіздік және тағы да басқа құқық нормасымен байланысты елестете отырулары қажет. Құқықтық тәрбие адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысты болуы міндетті. Заң туралы аса қызыға білгені абзал. Өйткені, құрғақ ақпараттар студенттердің миына жетіп, жүрегін елеңдететін жеткіншектердің жас ерекшелігін ескере отырып, олардың құқықтық жаңаруы мақсатында әр түрлі шығармалар нысандары қолданылуы қажет.
Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен құқық-тық мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.
Құқықтық мәдениетті мәдениеттің соңғы нәтижесіне жетуге бағыт-талған қызмет ретінде де қарастырады, оған құқықтық мінез-құлықтың құндылықтарын өндіру, тұтыну, бөлу бойынша қызметтер жатады. Құқықтық мәдениет кейде оның оның компоненттерінің даму деңгейінің түсінігі арқы-лы айтылады. Онда құқықтық сананың деңгейлері заңдылықтар, заңның кемділігі, заңдық тәжірибенің кемелділігі айрықшаланады. Құқықтық мәдениет деңгейінің көрсеткіштері қатарында – құқықтық көзқарастардың дамығандығы, құқықтық кепілдігі мен кеңділігі, құқықты қолдану қызметінің деңгейі, заң білімін беру мен тәрбиенің деңгейі айтылады. Бұдан басқа да тенденциялар бар, ал құқықтық мәдениеттің қоғамның идеялы құқықтық жағдайы ретімен сипатталады, оның құқықтық өмір, құқықтық ұйым, құқық-тық процесс және тағы да басқа құқықтық құбылыстары арқылы анықталады.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті құқықтық санамен өте тығыз байла-нысты. Тұлғаның құқықтық санасы өз кезегінде заңдылықтың, құқықтық тәртіптіліктің қағидаларын, өмірдің мәні туралы көзқарастарды, нанымдарды көрсетеді. Құқықтық мәдениет орны құқықтық сананың элементтерін қосады[5].
Құқықтық сана неғұрлым кең ұғым. Ол әр түрлі объективтік және субъективтік факторлар әсерімен қалыптасқан, позитивтік және негативтік көзқарастары, сенімдерді бағалауы қажет етіледі.
Заңның тәрбиелік қызметі жастардың құқық талаптарын және адамгер-шілік нормаларын саналы және белсенді орындауға баулу. Дәл осы жерде педагогика мен құқықтану ұштасады, айталық педагогика адамгершілік нормаларын орындауға үйретуден құқықтық мәдениетке қарай біртіндеп өтеді, одан соң заңтанудан құқық талаптарын орындауға, одан адамгершілік тәрбиеге қарай бағытталады. Бұл «екеуі де адамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады», - дейді белгілі ғалым Б.Лихачев[6].
Құқықтық мәдениет қалыптастыруда көздейтін басты пікір-құқық азаматтарды заң бұзудан, қылмыстан сақтандыру, алдын-алу және қорғау қызметін қызметін өтейтіні. Құқықтық сақтау және қорғау қызметі арнайы құқыққорғау органдарының қызметі арқылы жүзеге асады: сот, прокуратура, адвокатура, арбитраж, нотариат т.б. Педагогикалық жақтарын алатын болсақ, ол құқықтық мәдениет қалыптастыру бойынша жүйелі ұйымдастырылған жұмыстар, құқықтық қатынастардың тәрбиелік қызметі арқылы құқықтық мәдениет қалыптастыруды реттеп және келеңсіздіктерден сақтандырып отырады.
Құқықтық тәрбие жүйесі құқықтық сананың құрылымын ғылыми тұрғыда анықтау арқылы белгіленеді. Оның алғашқы бастамасы құқықтық сауаттылық болып табылады. Құқықтық сауаттылық мыналардан тұрады: мемлекеттің құқықтылығын танып-білу, құқық түрлері және нормалары, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, мәмілені заң негізінде реттеудің жүйесімен жалпы танысу.
Бірақ та элементарлы заң нормаларын білу ылғи да дұрыс мінез-құлық пен жүріс-тұрыстың мотивтері мен қозғаушы күші бола бермейді. Жастар мен жасөспірімдер құқық нормаларын біле тұрып ашық не жасырын, саналы түрде оны бұзатын да кездері пайда болады. Құқықтық сана мен элементарлы құқықтық білім азаматтық сана мен адамгершілікпен өзара ықпалдасқан кезде ғана құқықтық элементарлы білім тиімді қызмет ете алады. Азаматтық саналылық, жастардың құқықтық нормалары адамдардың мүддесін және оны қорғауға арналған қоғамдық маңызын ұғынып, түсінуіне көмектеседі. Ал адамгершілік саналылық құқық нормаларын терең меңгеруге, оған құлықтық мәміле орнатуға шарт түзеді. Олар жастарды, адамгершілік қарым-қатынас пен оған қайшы келетін құбылыстарды, құқық бұзушылықты ажыратып, тани білуге үйретеді. Мысалы, құрбыларына жалған айту, алдау, оларды қорқыту біртіндеп парақорлық, зорлық, тартып алу, басыну, ұрлық, алаяқтық, біреудің ар-намысына тию, жәбірлеу секілді істерге жетелейді. Отбасында адам сыйлап үйренбесе, үлкен-кішіні құрметтемесе, кейін олар кәсіби қызметінде әріптестерін бағаламау, оқушыларды қорлау, адамды басыну секілді т.б. құқық бұзушылыққа алып келеді. Демек, құқықтық мәдениет қалыптасты-руда ұлттық педагогикадағы адамгершілік құндылықтардың өзіндік орны бар.
Құрбыларын сыйламау, ұстаздары мен ата-анасына қарсы шығып, ақыл-кеңестерін ескермеу өсе келе адам тұлғасының қасиеттерін бағаламау, құқығын бұзуға алып келеді. Еңбекке зауқы соқпауы, салғырттық пен жалқаулық еңбек туралы заңды бұзуды жетелеп, оған деген қатынасын әлсіретеді. Бұған егер мүмкіндік қосылса, онда бұл тіпті де жақсылыққа апармайтыны тұрмыстан байқалып келеді. Осылардың барлығы өз өміріне адал көзқарастың белгілі деңгейіне қалыптасуынан болса, бұл өз кезегінде заң талаптарына, адамгершілік нормаларына немқұрайылықты, сөйтіп әр түрлі ауытқушыларды туындатады. Осының өзі қылмысқа ойланбастан баратын, қоғамға қайшы қылықтарға әкеліп соқтырады. Бұған адамгершілік пен ізгілікті, сезімталдықты, әдетке айналған тәртіптілік пен парасатты-лықты, саналылықты қарсы қоюға болады.
Құқықтық сана қалыптастырудың аса маңызды және басты элемент-терінің бірі- құқықтық-құлықтық сезімнің дамығандығы. Бұл Заңды халық қойған талаптар ретінде бағалап, оған бағынуды халық алдындағы борышын өтеу ретінде сезіну. Мұның өзі құқықтық мәдениет сезімі мен тығыз байланысып, адамның өз еліне, халқына, жеріне деген ыстық сүйіспен-шілігінен байқалады. Оның құрамды бөлігінің бірі азаматтық арын сақтаумен байланысты. Ол адамның құқықтық нормалары сақталуының ішкі өлшемі ретінде, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, іс-әрекетін бақылап отырады, ал егер де бағзы бір себептермен кейбір ауытқуларға бара қалған күнде ішкі жан дүниесінде торығу туындатады. Осындай ішкі өлшемдердің бірі заң алдындағы қорқыныш. Ол арын сақтау сезімі жойылған, заң бұзудан тайынбайтын, бірақ жазалаудан қорқатын, сондықтан істеген істерінің бәрі құпия, жүріс-тұрысы белгісіз болып қалады. Қорқыныш сезімі әлеуметтік құндылықтарға қайшы келгенімен дәл осы сезім кейбір адамдарды қылмыстан сақтап қалуы да мүмкін.
Құқықтық сананың құрылымындағы элементтердің бірі құқықтық ой жүргізе білу, ойлану. Бұл тұлғаның заңды білуіне негізделіп, ол адамның ой-пікірін, іс-әрекетін заң нормалары тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Құқықтық білімді, адамдардың құлықтық, адамгершілік нормаларын сезінуі, заң нормалары ауқымында ой жүргізе білуін бағалай алу мүмкіндігімен анықталады. Құқықтық білім, құқықтық-адамгершілік сезім және құқықтық ойлау- жастардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекетінде заң нормаларын сақтау қажеттігінің туындауына шарт түзеді. Құқықтық сана қалыптастырудағы басты мақсат жастардың бойында құқықтық мәдениет дарытуды көздейді. Құқықтық мәдениет-құқық нормаларын білу, құқықтық адамгершілік сезімін дамыту, құқытық ой жүргізгуге үйрету, құқық нормаларын тұрмыста пайдала білу жолдарын меңгеру, құқық бұзушылыққа қарсы тұру, құқықтық сауатын ашудан құралады.
Яғни, оларды жүзеге асыру жүйесі- студенттердің құқықтық білімін қалыптастыру, құлықтық сезімін тәрбиелеу, күрделі қоғамдық құқықтық қарым-қатынасқа ендіру, өз іс-әрекетін үнемі бақылап бағалап отыруға дағдыландыру - сол арқылы тәрбиелік мақсатты жүзеге асырудан тұрады. Олардың ішінде аса маңыздылары:әділеттілік бойынша элементарлы сауатын ашу; құқытық міндет және құқықтық жауапкершілікті ажырата білу; адамгершілік құндылықтарды ажырата білу; адамгершілік құндылықтарды бағалай білуі. Осылар арқылы құқықтық-адамагершілік мәдениетін қалыптас-тыруға болады. Әдеттегі, тұрмыстағы адамгершілік нормаларын меңгерген адамға құқықтық нормаларды меңгеру және орындау анағұрлым жеңіл және түйткілсіз болатыны белгілі. Нақтылап айтсақ, құқықтық мәдениеттілік - жастардың әлеуметтік белсенділігіне түрткі беріп, заңға қайшы көріністерге қарсы тұру, адам құқығын сақтауға тірек болады.
Демек, құқықтық мәдениет қалыптастыру мақсатында жүргізілетін әр түрлі іс-шаралардың жастардың басқа да іс-әрекеті, өмірінің барлық жақтарымен тығыз байланысты екендігін қаперде тұту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет