Модуль Спорттық даярлықтың психологиялық қамтамасыз етілуі. Такырып Спорттағы психологиялық диагностика



Дата12.12.2021
өлшемі18,37 Kb.
#99947
Байланысты:
Лекции (12 апта


Модуль 7. Спорттық даярлықтың психологиялық қамтамасыз етілуі.

 

Такырып 1.Спорттағы психологиялық диагностика.

Психологиялық диагностика-зерттеушіне белгілі жеке тұлға (индевид) немесе топты сипаттаушы психикалық компоненттерді бағалайтын экспериментальды әдістердің арнайы орентациясын айтуға болады. Анықтамасында көрсетілгендей, диагностиканың елеулі кезеңінде осы шақтағы беймәлім психикалық құбылыстар зерттермейді, керісінше, бұрынғы белгілері алдын-ала анықталған факторлар әсерімен белгісіз жағдайларда көрінетіндері: жеке тұлғалық айырмашылықтар жүктемелерге, жарыстарға бейімделуі бағаланады.

Спорттағы психодиагностика спортшы жеке басының қасиеттерін, психикалық процестер деңгейін (мысалы, құрамының жаңа ойыншыларының қабілеттерін анықтау үшін) жаттығу және жарыс кездерінде психикалық жай-күйлерін, жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бағалауға бағытталған.

Психодиагностика әдістері мен құралдарын таңдағанда зерттеуші ең алдымен төмендегі принциптерді басшылыққа алу керек:

1) Обективтілік принципі: птсихикалық құбылыстарды өмірде кездестіретіндей күйінде, іс-әрекеттің сыртқы және ішкі жағдайларын байланыстыра қарауды ойластырады, бұл жерде диагностика мәліметтері тәжірибе жасаушының тілегі мен мүмкіндіктерімен емес, олардың объективті мінездемесімен байланыста талданууы керек.

2)  Комплекстік принцип: әдістемелерді комплексті пайдалануды немесе әртүрлі өмір жағдайларындағы эксперименттік көрсеткіштерді алмастыруды, айқындалатын элементтерді біріңғай құрылымға біріктіру үшін қолдануды және жекелеген процестер, қалыптар арасында байланыстарды орнатуды талап етеді.

3) Динамикалық принципі: кез-келген психикалық құбылысты оның мінездемесін ескере отырып, обективті дамуын тек қазіргі уақытта ғана емес, даму перспективасымен де қарастырылуы керек екендігі, диагностика жүргізілгенде әбден бекіген қасиеттері бар жоғары класты тәжірибелі спортшы жеке басында кездесетін мүмкін болатын өзгерістерді де мысалы, оның мотивациясы немесе стрессті факторлардың шексіз әсріне психологиялық тұрақтылығын да ескеру қажеттілігін білдіреді.

4) Аналитикалық-синтетикалық зерттеу принципі: бір жағынан, психиканың кейбір элементтерін, екінші жағынан, жеке тұлғаның немесе белгілі біл психикалық жай-күйдің толық мінездемесін бөліп көрсетеді, бірақ, көбінесе диагностика осы аталған спортшы немесе команда туралы жалпы қорытындыға алып келу керек.

Диагностиканың осы аталған принциптері әдістемені таңдауға және диагностиканы ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды айқындайды.



Валидтілік- біл жағынан, психологиялық эксперименттер нәтижелері, екінші жағынан, сыналушының іс-әрекеті мен жүріс-тұрыс түрлері мен формалары арасындағы байланысты көрсетеді. Ол психологиялық эксперименттің өміршеңдігін айқындайды. Кеңінен қарастырғанда тесттің валидтілігі өзі қызмет ететін қайсыбір мақсаттар мен тілектерге қаншалықты жақын екендігін білдіреді. Психолог, өз пікірінше, спортшы реакциясының жылдамдығын бағалайтын жаттығулар ойлап табуы мүмкін. Дегенмен,  қандай да бір тестті орындау тиімділігі реакцияның жылдамдығына емес, жауап беруші қимылдың орындалу уақытына тәуелді.

Спорттағы психодиагностиканың жалпы принциптері мен әдістері тексерулердің мақсаты мен міндеттеріне қарай қолданылады.



  1. Диагностикаға арналған әдістемелердің;

  2. Спортшының жеке тұлғалық қасиеттерінің ;

  3. Психикалық процестер ерекшеліктерінің;

  4. Психикалық жай-күйлерінің ерекшеліктерінің;

Спорттық командалардың әлеумттік-психологиялық ерекшеліктерінің жинақтары бар.

Такырып 2.  Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған бағдарлама.

1. Спорттық қимылдардың біркелкі қатаң нақтылығы (мысалы, ауыр атлетикада, жүгіруде, лақтыруда т.б.)

2, Тәсілдердің алуан түрлілігі және күрделілігі (мысалы, күрес түрлері, спорт ойындары).

3. Жалпы алғанда жарыстар ұзақтығы.

4. Кейбір қимылдардың қайталануының жиілігі мен ұзақтығы.

5. Қимылдардың жылдамдығына қойылатын талаптар.

6. Ақпарат процестерінің күрделілігімен құрамы.

7. Реакция процестерінің жылдамдығына қойылатын талаптар.

8. Оны өңдеудің күрделілігімен құрамы.

9. Күштердің көріну ерекшеліктері.

10. Дене төзімділігіне қойылатын талаптар.

11. Жарыстар барысында эмоциональды қалыптардың ерекшеліктері.

Тактика ерекшеліктері (жекелік, топтық және т.б.)

Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған материалдар байқаудың жүйелі әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болады, хронометраж, статистикалық талдау, кейбір ақпараттық әдістемелер (мысалы, реакцияметрия, диномометрия т.б.) спорттық қызметтің қалыпты жағдайларында қолданылады.



Такырып 3. Спортшының психологиялық мінездемесін жасауға арналған бағдарлама.

  1. Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің көрінуі: күш салмақтылық, жүйке процестерінің қозғалмалығы, жүйелі психологиялық, педагогикалық мәліметтер бойынша.

  2. Жеке тұлғаның бағыттылығы: қажеттілік, қызығушылық, еңбекке, сабаққа, спортқа дген қарым-қатиынас, спорттық қызметтің мотивтері.

  3. Мінездің моральді- еріктік белгілері: ұжымдық сезімі, тәртіптілік, бастамашылық, ұжымдағы қарым-қатынас.

  4. Жеке тұлғаның эмоциональды көріністері: олардың интенсивтілігі, спорттағы табыстары мен жеңілістерге қарым-қатынас, жарыстар мен жаттығулардың болатын көңіл-күйлер.

  5. Негізгі дене функцияларының даму динамикасы: реакция жылдамдығы, қозғалыстың қалпы, бұлшықеттік-қозғалыстық қабылдау, вестибулярлық аппараттық әсерлену, ес процстерінің тұрақтылығы мен интенсивтілігі, эмоциональды реакциялар жән т.б. Бұл көрсеткіштер спортшының психологиялық профилі түрінде көрсетіледі.

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет