Пәні: Геодезия Тақырыбы: Теодолиттік жүрістің координаталарын есептеу Тексерген



Дата16.03.2022
өлшемі425,98 Kb.
#135884
Байланысты:
теодолит геодезия ТН.


Қарағанды техникалық университеті

МІ және Г кафедрасы


Зертханалық жұмыс №5
Пәні: Геодезия
Тақырыбы: Теодолиттік жүрістің координаталарын есептеу


Тексерген: Рымқұлова А. Б.
Орындаған: Саматов С.
Тобы: ЦАФ 21-1
2021
Алғашқы бұрыш өлшегіш құралының пайда болуы ежелгі ғалым Герон Александрийскийдің атымен тығыз байланысты Б.з. І ғас.10-75 жылдары Егепитте өмір сүрген ғалым “О деоптре” атты жұмысында әр түрлі геодезиялық өлшемдерді жүргізуге арналған әдістері мен құралдары туралы жазылған. Бұрыштарды өлшеу құралдарын Герон- диоптр деп атаған. Григориус Рейш теодолит құрылғысы туралы Страсбургте 1512 жылы шығарылған “Margarita Philosophica” кітабының анықтамасында жазған. Сол жылы Ринеландада топогроф-картогроф Мартин Валдсемюллердің басылып шыққан шығармасында теодолиттің сипаттамасы бар. Ғалым бұл құрылғыны – полиметр деп атаған.
1571 жылы Леонардо Диггес жазған “Pantometria“ атты жер өлшеу анықтамасында “Теодолит” немесе “Теодолитус” сөзі алғаш рет қолданылған.
1576 жылы Германияда Джошуа Хабермель құрастырған құрал қазіргі теодолит құрылысына ұқсаған. Ол компас пен треногамен біріктірілген еді. Көлденең бұрыштарды өлшеу үшін алидада қолданылған. Уақыт өте қарапайым алидада дүрбімен алмастырылған. Алғашқы рет Джонотан Сиссон 1725 жылы алмастырған.
Геодезиялық және картографиялық аспаптар мен құралдарда көру дүрбісі (1608), микроскоп (1609), верньер (1631), деңгейлеуіш (1660) және жіптік тор (1670) тәрізді тетіктер қолданыла бастады. Осы тетіктерді біріктіру нәтижесінде 1783 ж. Джесси Рамсден тұңғыш рет теодолит аспабын жасады.
Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі «теодолит» деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшейтін секундтық орташа квадраттың қателігін білдіреді, мысалы T5 теодолиті үшін mβ=5”, T30м үшін mβ=5”, ал М-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналғандығын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2T2, 2T5, 2T30 тектес болып шығарылуда.
Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді:
1) Бағалау микроскобы;
2) Шкалалы микроскоп;
3) Оптикалық микрометрлер;
Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттер лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып қоятын және жетекші бұрандалары болады. Оларға T30, 2T30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарға 2T30М, 2T5, 2T2, т.б. жатады, оларды лимб арнайы құрылғы арқылы керекті жағына бұрылады.
Негізгі бөлшектері мен олардың қызметі
ž Көлденең және тік шеңбер – көлденең және тік бұрыштарды өлшеу үшін. Құрылымы: лимб – 0˚тан 360˚-қа дейінгі бөліктері бар шеңбер, алидада –есеп алу құрылғыларының элементтері орналасқан аспап бөлігі.
ž Дүрбі – нысананы нысаналау және көлденең шеңбердің жазықтығына өлшенетін бұрыш жақтарын жобалау үшін.
ž Цилиндрлік деңгей – аспап осьтерін тіктеуіш жағдайына келтіру және жұмыс барысында осы жағдайдың қалыпты болуын бақылау үшін
ž Тіктеуіш – жіп немесе оптикалық құрылғы арқылы бұрыш шынын аспабпен центрлеу
ž Жетекші винттер – бекіткіш винттермен қатар жұмыс жасайды және нысанаға дәл келтіру қызметін атқарады.
ž Юстировкалау винттері – аспаптың қателіктерін түзету үшін (цилиндрлік деңгей мен дүрбіні)
ž Есеп алу құрылғысы – шкалалы микроскоп
ž Кремальера – дүрбіні фокустау үшін
ž Стан винтті – теодолитті штатив устеліне бекіту үшін
ž Тұғырық- үш көтергіш винттері бар тұғыр.

Теодолиттік түсіріс деп теодолит аспабымен орындалатын горизонталь немесе контурлық түсірісті айтады. Теодолитпен горизонталь және көлбеу бұрыштар өлшенеді. Ұзындықтар ленталармен және қашықтық өлшеуіштермен өлшенеді.



Теодолиттік суретке түсірерде қоданылатын тәсілдер:
перпендикуляр тәсіл;
• бұрышты белгілеу тәсілі;
• сызықты белгілеу тәсілі;
• полярлық әдіс.
Теодолиттік түсіріс
Теодолит деп аталатын бұрыш өлшейтін аспапты пайдалану арқылы көкжиектік бұрышты анықтайды. Жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі – вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) – шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады.
Теодолитті пайдалана отырып, өлшеу жұмыстарын жүргізгенде, теодолит құрамында: буссоль, штатив, тіктеуіш сияқты құралдар бірге болуы тиіс. Буссоль – магниттік азимуттар мен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап, штатив – бір ұшы арнайы түрде қозғалмалы бекітіліп істелінген үш тағанды қарапайым құрал.
Қазіргі таңда қолданылатын автоматтандырылған теодолиттер соңғы нәтижелерді үлкен дәлдікпен алуға мүмкіндік береді.
Теодолитті пайдалана отырып, өлшеу жұмыстарын жүргізгенде, теодолит құрамында: буссоль, штатив, тіктеуіш сияқты құралдар бірге болуы тиіс. Буссоль – магниттік азимуттар мен румбтар бірліктерін анықтайтын аспап, штатив – бір ұшы арнайы түрде қозғалмалы бекітіліп істелінген үш тағанды қарапайым құрал.
ß бұрышын өлшеу жұрістегі бұрылу нүктелерінде теодолитті кезек-кезек қойып отырады. Әдетте, теодолитті өлшенетін телім (учаске) оң жақта болатындай етіп қояды да, жүріс бойынша оң жақтағы бұрыштарды өлшейді. Өлшенетін бұрыштың төбесіне теодолитті тіктеуіш арқылы дұрыстап қояды да, өлшеуге дайындайды. Түтікшені бұрыштың оң және сол жақ нүктелеріне қарай бағыттағанда санақты горизонталь дөңгелектегі (лимбадағы) верньерлер (шкалалар) бойынша алып отырады. Бірінші верньер бойынша градус, минут және олардың бөліктеріне дейін, яғни, толық санақтап алады, ал екінші бойынша – тек минуты мен оның бөліктері ғана алынады. Кейін ол санақтардың орта мәнін шығарады.
Өлшеудің дәлдігін арттыру үшін әдістің екінші жартысын пайдаланамыз, ол үшін вертикаль дөңгелектегі жағдайға қою керек. Түтікшені зенит арқылы айналдырып, сол бұрышты екінші рет өлшейді. Егер шыққан шама верньердің екі есе дәлдігінен артық болса, онда оның орта шамасы алынады. Өлшеу нәтижелерін дала жазба журналына жазу керек. Суретке түсіру теодолит жүрісінің нүктелері мен сызықтарынан басталады. Суретке түсірудегі мақсат – теодолит жүрісіндегі нүктелер мен сызықтарға орай салыстырыла отырып, контурдағ характерлік нүктелердің алған орнын анықтау. Оларды абрис деп аталатын қолдан жасалған арнайы журналға түсіріп отыру керек.
Теодолиттік суретке түсірерде қоданылатын тәсілдер:
• перпендикуляр тәсіл;
• бұрышты белгілеу тәсілі;
• сызықты белгілеу тәсілі;
• полярлық әдіс.
Теодолиттік түсіріс дайындық:
далалық
• ғылыми өңдеу жұмыстарынан тұрады.
Дайындық жұмыстары кезінде жергілікті жердің жай-жапсарын кескіндеудің қажетті дәлдігіне сүйеніп, түсірістің масштабын таңдайды да, қолдағы бар картографиялық материалдарды мұқият қайта қарап зерттейді. Егер түсіріс жүргізілетін ауданда геодезиялық тірек жүйесінің пунктері болса, онда олардың орналасқан жерінің координаталарын жазып алады.
Далалық жұмыстардың құрамына мынадай жұмыстар кіреді:
1. жергілікті жерді рекогносцировкалау және пунктерді бекіту;
2. түсірістің пландық негіздеуін жасаған кезде бұрыштарды және сызықтардың ұзындығын өлшеу;
3. жергілікті жердің контурын түсіру;
4. түсіріс негіздеуінің пунктерін мемлекеттік немесе жергілікті жүйе пунктеріне байланыстыру.
Рекогносцировка кезінде геодезиялық тірек жүйесінің пунктері ізделініп табылады және жүргізілетін теодолиттік жүрістердің неғұрлым қолайлы орындары белгіленеді.
Теодолиттік жүрістер тұйықталған, тұйықталмаған және бір жағы байланыстырылған болуы мүмкін. Тұйықталған теодолиттік жүріс, әдетте, геодезиялық негіздеудің пунктіне байланысқан тұйық көпбұрыш түрінде болады. Тұйықталмаған жүрістер басы мен аяғында геодезиялық негіздеудің координаталары белгілі пункттеріне тірелуі тиіс. Бір шеті геодезиялық негіздеудің пунктіне байланыстырылып, ал екінші шеті еркін қалса бұл жүріс бір жағы байланыстырылған жүріс деп аталады.

Теодолиттің түрлері


Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:
1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.
2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.
3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.
Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттык қателігін білдіреді, мысалы Т5 теодолиті үшін mp-5 , ТЗОМ үшін тр=5 , ал Л/-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып шығарылуда. Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.
Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып коятын және жетекші бұрандалары болады. Оларга ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда лимб арнайы күрылғы аркылы керекті жағына бұрылады. Теодолиттік жұмыстарды жүргізу кезінде жүргізілетін жұмыстар
Теодолиттік жүрістерді жүргізу кезінде мына жұмыстар істеледі:
– теодолиттік жүрістердің бұрылу нүктелерін қазықшамен, шегемен, үлкен шегемен, металл трубалармен және бағаналармен бекітеді, олардың жанындағы белгілерде нүкте нөмірлері, жұмысты жүргізіп отырған мекеме аты мен орындалған жылы көрсетіледі.
‒ бұрыштарды Т15, T30, 2T30 және т.б техникалық теодолиттердің көмегімен бір толық тәсілдер жолымен 30´´ дәлдікпен өлшейді. Теодолитті орнату нүктесінің үстіне дәлдігі (5-10) мм қателікпен центрлейді. Нысаналау кезінде дүрбіні қаданың көрініп тұрған ең төмен бөлігіне бағыттайды, қабырғаның көлбеулік бұрыштары ν ≥ ± 2º болса, онда олардың горизонталь ұзындықтарын есептеп шығарады. Горизонталь бұрыштарды бір толық тәсілдер жолымен өлшегенде жартылай тәсілдер арасында лимбаның орнын 90º-қа ауыстырылады;
– сызықтың ұзындықтарын 20 м‒лік өлшеуіш лентамен немесе рулеткамен тура және кері бағытта өлшейді: өлшеудің екі нәтижесін және олардың орта мәнін арнайы дайындалған журналға жазады. Әрбір қабырғаның екі реи өлшеген ұзындығының арасындағы айырмашылығы 1- разрядты жүрістерде ұзындық 1:2000-нан, ал 2 – разрядты жүрістерде – 1:1000 – нан аспауы керек.
Теодолиттік түсірістің мәліметтері бойынша планды жасау планшетте қабырғалары 10 см квадрат координаталар торын салудан басталады. Планшетке көлемі 60x60 см-дей жоғары сапалы фанера немесе аллюминий табағы алынып, оған сызба қағазы жапсырылады. Координаталар торы координатографтың немесе Ф.В. Дробышев сызғышының көмегімен құрылады.
Дробышев сызғышымен координаталар торын салу қағаз бетіне 50x50 см (50²+50²=70,71²) квадратын, немесе қабырғалары 30,40 және 50 см (30²+40²=50²), не тиісінше 60,80 және 100 см (60²+80²=100²) үшбұрышты көшіріп түсіруден тұрады; мұнын өзі Дробышев сызғышының өлшеміне байланысты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет