Түйін сөз: имидж, рейтинг, саяси технология, әлеуметтанулық зерттеу, қоғамдық пікір.
Жеке тартымдылық технологиялары туралы имиджелогияның басым мақсаты әртүрлі жастағы адамдарды имидж – біліммен жабдықтау және оны жеке – даралық әрі іскерлік қатынастар құру кезінде тиімді пайдалануларына қолғабыс жасау. Адам өзіне тартымды имидж жасау қабілетін меңгерген сайын, оның мінез – құлық әрқилылығы да арта түседі. Соның арқасында, ол басқа адамдар әсерлерін тиімді басқара отырып, әлеуметтік қарым-қатынастардың сан салаларында үлкен табыстарға қол жеткізеді және аса сүйкімділік пен үлкен құрметке ие болады.
Адамның өмірлік табыстары, оның жеке тартымдылық тиімділігімен тығыз байланыста және осының арқасында ол басқа адамдарға өзін мойындатады әрі олардың қолдауына ие болады. Олар оны өз рухани әлеміне енгізеді, себебі ол адамдарды қандай жағдайда да жұбата алады әрі олармен қандай жағдайда да тіл табыса алады. Осының бәріне де имиджелогияны тиімді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. Имиджелогия девизі: адам өмір сүріп тұрған кезінде, басқаларға ұнаудың кез-келген мүмкіндігін де бос жібермеуі тиіс.
Имиджелогияның зерттеу объектісі ретінде жеке, іскерлік және қоғамдық құрылымдардың әлеуметтік қарым-қатынастарының барлық кеңістігін атауға болады. Оның зерттеу пәні адам қадір-қасиетін танытудың әртүрлі құралдарынан тұратын және виртуалды немесе шыни күйдегі имидж болып табылады. Осы мақала төлиесінің басты идеясы мынада: имидж аса көптеген мамандар, яғни модельер, визажист, шаштараз, парфюмер және т.б. көмегімен дүниеге келеді және бұл салада жеке тұлғаны осы аталған мамандар көмегін икемді де тиімді пайдалануға үйрететін имиджмейкер рөлі басты болып саналады. Имиджмейкер жеке тұлғаны өзін-өзі ортаға сәйкесті ұстауға, әртүрлі жағдайлардағы сөйлеу мәнеріне, әртүрлі ортада адамдармен дұрыс тіл табысуына және т.б. көптеген істерге үйретеді. Сол себепті де, имиджелогия ғылыми интегративті пән болып табылады және ол пәнаралық ақпараттық жарықтануға ие.
Имиджелогияның негізгі бөлімі имидж қызметтерін қамтиды. Қызмет-тер – бұл нақты құбылыс мазмұны мен мәнінің көрініс табуының белсенді нысандары. Имидж қызметтерін екі ірі топқа бөліп талдау қабылданған.
Имидждің құндылықтық қызметтері:
Жеке тұлғалық көтерілім. Жеке тұлғаның айналасында тартымдылық қасиетін құрудың арқасында, ол адам әлеуметтік сұранысқа ие болады, өзінің ең жақсы қасиеттерін қысылып – қымтарылмастан алға тартады.
Жеке тұлғалық қатынастарды жақсы жағдайға келтіру. Осы қызмет арқасында адамдардың бір-біріне тартымдылығы ортақ ұнамдылық пен сыйластыққа әкеледі және осы арқылы адамгершілік төзімділіке қол жеткізіледі.
Психотерапевтік қызмет. Бұл қызмет мәні мынада, яғни өз жеке ерекшелігіне және өзгелермен тез ортақ тіл табыса алатындығына сенімді адамның көңіл – күйі әрқашанда көтеріңкі әрі ол адам әрқашан да өз - өзіне сенімді болады.
Имидждің технологиялық қызметтері:
Тұлға аралық бейімделу. Дұрыс таңдалған имидждің арқасында нақты бір әлеуметтік ортаға тез кірігуге, өзіне назар аудартуға және тез арада сүйкімді қарым – қатынастар орнатуға болады.
Ең жақсы жеке – іскерлік қасиеттер көрсету. Сәтті таңдалған имидж адамның ең жақсы қасиеттерін баса көрсетеді және онымен істес болған адамдар бойында жақсы сезімдер қалыптастырады.
Жағымсыз жеке қасиеттерді жасыру. Әртүрлі көз алдау технология-лары және сыртқы өзгерістер (мыс., киім стилі) көмегімен адамның жеке жағымсыз қасиеттерін сырт көзден жасырып ұстауға болады.
Назар аударуды ұйымдастыру. Жағымды имидж адамдарды еркінен тыс өзіне тартады және сол себепті де ол адамның сөйлеген сөздері мен қимыл – қозғалыстары еріксіз назар аудартады.
Имиджелогия ғылыми пән әрі кәсіби маман тәрбиелеу мен қалыптас-тырудың теориялық негізі ретінде жалпы философиялық теориялардың бірде – біріне жатпайды. Сол себепті де, өз заңдылықтары ерекшеліктеріне негізделген «өз философиясын» даярлауды талап етеді.
Имиджелогия ғылыми білім саласы ретінде, өзінің оқыту үйлесімді-лігіне басынан бастап жеке тұлғаны эстетико – этика бағытында қалып-тастыруға толықтай бағытталғанда ғана сәйкес келеді. Кез – келген басқа мамандықта теориялық білім алу үрдісі мен жеке тұлғаның мінез – құлық ерекшеліктері арасында келіспеушілік жіберілетін болса, имиджеология ондай жағдай мүмкіндігінің өзін жоққа шығарады.
Имиджелогия өз алдына дербес оқу пәні ретінде өмір сүре отырып, өз философиясын талап етіп қана қоймайды, өзі де әлі жеткілікті дамымаған күйде болса да, жаңа дәуір философиясы болып табылады. Іс мәні оның жоғары адамгершілік ұстанымдардан бастау алуында ғана емес, оның тек қана адамның жағымды пайдасына қызмет істеуінде болып табылады.
Имиджелогия мәселелерінің тағы бір аспектісі, бұл оның ғылыми сала ретіндегі ерекшеліктерінің толықтай айқындалуы ғана емес, оны оқу үрдісінде оқу пәні ретінде жүргізудің оптималды мүмкіндіктерін де ашу.
Қазіргі дидактикалық байланыс тұрғысынан қарастыратын болсақ, ғы-лым оқу пәнінің құрамдас бөлігі болып табылатын болса да, оған толық текес-тікте емес. Осыған байланысты, имиждеология ғылыми білімнің жаңа саласы мен жаңа оқу пәні бола отырып, мақсатты бағытталып ұйымдастырылған іс - әрекет ретінде білім беру заңдылықтарына толық бағынышты болып табылады. Білім беру философиясының өмір сүріп тұрған дәстүрлі тұжырым-дарымен қатар, қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер мен әлемнің өзекті тұтыныстары білім берудің жаңа ұстанымдары тұғырнамасын да қажет етеді.
Қоғамда орын алып жатқан сапалы өзгерістер тұрғысынан алып қарайтын болсақ, қазіргі қалыптасқан жағдай аса әмбебап болып табылады. Бұл мезгіл, шындықты тану мен оны құрылымды өзгертудің дәстүрлі құралдарының сапалы жаңғыруы кезеңі болып отыр. Жаратылыстық – ғылыми парадигма жаңа гуманитарлық парадигмаға көшбасшылық орынды босатып берді.
Парадигмалар ауысуына әкелген бұл жағдай, адамның өзі және өз жеке мүмкіндігі әрі оның әлемдегі орны мен дүниетанымы туралы көзқарасын түпкілікті өзгеріске түсірген ғылыми – техникалық жұлқыныс әсерінен болған өркениеттік үрдістер нәтижесі болып отыр. Сондықтан, зерттеушілер назары «объект» (әлем, машина, технология) құбылысын белсенді зерттеуден «субъект» (адам, қоғам, өркениет) құбылысын зерттеуге ауысты. Осының нәтижесінде әлемді ең алдымен адам арқылы танып – білуге ұмтылатын әрі адамзат тұтыныстары мен мүмкіндіктерін әлемнің қозғаушы күші ретінде санайтын гуманитарлық парадигма (Н.А. Бердяев, В.И. Вернадский, Д.И. Менделеев, К.Э. Циолковский және т.б.) қайта түледі.
«Имидж» түсінігі көптеген әртүрлі айқындамаларға ие. А.В. Петров-ский мен М.Г. Ярошевский редакциясымен шыққан қысқаша психологиялық сөздікте имидж «нақты объектінің бұқаралық санада бейнеленетін стерео-типті үлгісі» ретінде анықталады. Әдетте, имидж түсінігі нақты жеке тұлғаға қатысты. Бірақ, нақты бір тауар, ұйым, мамандық және т.б қатысты қолданылуы мүмкін.
Құқық әлеуметтануы саласының мамандары пікірінше, имидж «әлеуметтік – құқықтық әсер ету әдістері мен заңдар туралы жүйелі түсініктердің құқықтық шындығының жеке және қоғамдық санада сезімдік бейнеленуі» (Оксамытный В.В. Правомерное поведение личности).
Әлеуметтік басқару мен имиджеология саласының жетекші зерттеу-шілерінің бірі В. М. Шепель былайша айқындайды, - «Имидж – бұл бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік топ арқылы немесе өз жеке күш – жігерімен, өзіне ерекше назар аударту мақсатында әдейі әсерілендіріліп берілетін жеке – даралық бейне».
Әлеуметтану, саясаттану ғылымдарында имидж түсінігі корпоративті имидж (компания, фирма, кәсіпорын, мекеме, саяси партия, қоғамдық ұйым және т.б.) және жеке – дара имидж (саясаткер, бизнесмен, әртіс, басшы, қоғамдық қозғалыс көшбасшысы және т.б.) болып бөлінеді. Әртүрлі имидждер қалыптасуының мазмұны мен тетіктері әртүрлі болғанымен, олардың жалпы бейімделуі мен әсер етуі бірыңғай болып келеді.
Қандай жағдайда да, ұйым немесе жеке тұлға имиджіне қатысты сыртқы және ішкі бейнелер туралы айтуға болады. Ұйымның сыртқы имиджі – бұл оның үлгісі, ол туралы сыртқы қоршаған ортада, яғни клиенттері, тұтынушылары, бәсекелестері, билік органдары, БАҚ, жұртшылық арасында қалыптасқан түсініктер. Жеке тұлғаның сыртқы имиджі вербалды, визуалды, этикалық, эстетикалық қимылдар мен әртүрлі мінез нысандарынан қалыптасады және оның субъектісі осы жеке тұлғамен тікелей немесе жанама түрде байланысқа түскен адамдар болып табылады.
Зерттеушілер имиджді жіктеуде үш мүмкін байламды ұсынады: қызметтік байламда, оның әртүрлі типтері әртүрлі қызметтік негізден шыға отырып бөлінеді; жүйелілік байламда оның типтері әртүрлі іске асырылу жүйелеріне сәйкес жіктеледі; салыстырмалы байламда өзара жақын имидждер салыстырмалы түрде жіктеледі.
Имидж қалыптастыру, бұл бүкіл табыстың бәрі имидж қалыптастыру технологиясы мен сол кездегі нақты жағдайға тәуелді ұзақ және күрделі үрдіс. В. М. Шепелдің пікіріне сүйенетін болсақ, - «имидж қалыптастыру – бұл мінез – құлық моделдерінің әдейі құрылған қатары».
Өзін - өзі дәріптеу – бұл өзін басқа адамдарға ұсына білу өнері. Ғылы-ми ұғымда, бұл мінез – құлық қалыптастыру стратегиясының көмегімен, басқа адамдар бойында өзі туралы жағымды пікірлер қалыптастыруды басқаруды білдіреді. В. М. Штепель пікірінше, - «Адамның өзін - өзі дәріптеуі дегеніміз, бұл өзіне аса назар аударта білу, өзінің сөйлеген сөзі мен сыртқы бейнесіне талдау жасай отырып, өзін басқаларға ұсына білу».
Американдық дәстүрде адамның өзін - өзі дәріптеуі жеке аралық қатынастардағы демонстративті мінез таныту ретінде бағаланады және демонстративті мінездің өзі әлеуметтік мінез – құлық нысандарының бірі ретінде қарастырылады.
Осы бағытта жұмыс атқарушы көптеген зерттеушілер, адамның өзін - өзі дәріптеуінің Ж. Тедеши мен М. Риес ұсынған анықтамасын мойындайды. Бұл зерттеушілер пікірінше, - «Өзін - өзі дәріптеу – бұл қоршаған адамдар бойында өзі туралы жағымды пікірлер қалыптастыруға бағытталып саналы түрде әдейі іске қосылған мінез – құлық моделі». Ғылыми зерттеулерде назар аударуды басқару технологиялары өзін - өзі дәріптеудің баламасы ретінде танылады.
Имидж еркіндігі, оған әртүрлі тетіктер көмегімен әсер ету мүмкіндігіне жол ашады. Осылардың көмегі арқылы саналы түрде бөліп алынған сапалы қасиеттерден құралған жасанды конструкциялар өмірге келеді.
Әлеуметтік – психологиялық көзқарас тұрғысынан, бұл үрдіс бірқатар тетіктерге сүйенеді. Фасцинация (ағылшын тілінен fascination – сүйкімділік) сөз арқылы әсер етумен байланысты, бұл кезде ақпарат ағымына қызығушылық еліктіріледі. Аттракция (ағылшын тілінен attraction – өзіне тарту) адамның өзіне қатысты жағымды әрекеттерге қызығушылығының әрі сезімдік қатынасының бейнелі тіркелуі. В. М. Шепель пікірінше, фасцинация мен аттракция имидж қалыптастырудың ажырамас элеметтері болып табылады және аса тиімділік қалыптастырудың көптеген тәсілдеріне ие.
Жалпы алғанда, имидж қалыптастыру міндеттері аса ерекше болып табылады. Бір жағынан, имидж қалыптастыру үрдісі қатал ережелерге, даярланған іс - әрекеттер пакетіне, нәтижелерді тіркеу әдістері мен критерилеріне негізделген үлкен технология. Екінші жағынан, ол көркем өнер міндеттеріне аса жақын келетін толыққанды шығармашылық мінезге ие.
Жеке тұлғаның психологиялық саулығы ахуалымен тығыз байланысты сыртқы бейне тартымдылығын зерттеу мәселелері ісін зерттеу нәтижелері, оның ер адамдарға қарағанда әйел адамдар үшін аса маңызды екендігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік қарым – қатынастарда сыртқы келбеті сүйкімді әйел адам, келбетті ер адамға қарағанда үлкен әлеуметтік ұтыстарға ие болу мүмкіндігіне ие.
Ұзақ жылдарға созылған зерттеулер нәтижесіне сүйенетін болсақ, нағыз еркек стереотипіне мезоморфты түр сәйкес келетін болса, нағыз әйел стереотипіне эктоморфты түр сәйкес келеді. Сонымен ер адам құрыштай мықты, ал әйел адам денесі нәзік болуы тиіс.
Дене бітімінің мезоморфты түрі ер адам денесі үшін үлгі болып саналады және атлеттер эталонына сәйкес келеді. Әйел денесінің эктоморфты түрі әйелдер үшін нәзіктік эталоны болып саналады. Сонымен, адамның жыныстық рөлінің бейнесі оның әлеумттік текестігін қалыптастырушы фактор болып табылады.
Адамдар өмірі олардың мүддесін қорғау мен жоспар – істерінің іске асуының, олардың арасындағы қарама – қайшылықтар мен туындап отыратын дау – жанжалдар шешілуінің аса күшті құралы билікпен үзілмес байланыстар болып табылады. Биліктің жоғары сатысы саяси билік болса қоғам дамуы мен әлеуметтік өзгерістер көзі қызметін атқарады және қоғам құрылымы мен елдер мен халықтар тағдырын өзгертетін деструктивті қызмет те атқаруы мүмкін.
Саяси билік имиджін құру базасы ретінде саяси технологиялар іске асырылады. Бүгінгі қазақстандық шындықтың аса ерекшелігі соншалықты, оған батыстық саяси технологиялар түгілі, академиялық мінездегі ресейлік және отандық технологияларды да тиімді қолдану аса қиын.
Осы арада, «саяси технологиялар» мен «саясаттағы технология» категорияларын бөліп қарастыру қажет. Көптеген жағдайларда, бұл түсініктер арасындағы шекті бөлу аса қиын, себебі, олар өзара тәуелді және өзара негізделген континуум құрайды әрі әдетте бір-бірін толықтыра отырып жүйелі түрде іске асырылады.
Осыған қарамастан, «саясаттағы технолгия» түсінігі қолданбалы – тәжірибелік мінезге ие және өзіне алға қойылған саяси мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекеттердің саяси компоненттерімен қатар ұйымдық, мәмілегерлік, әскери, қаржы, ақпараттық, психологиялық, компьютерлік және т.б нысандары мен әдістерінің аса кең спектрін қосады.
«Саяси басқару» ұғымы көптеген жылдар бойы батыс елдерінің де, көршілес Ресей елінің де саясаттанушылары тарапынан аса сақтықпен қолданылып отырды. Қоғамдық санада саяси басқару ұғымы демократиялық тәртіп жағдайында бұқаралық санаға манипуляция жасау мен тоталитарлық тәртіп жағдайындағы бұқаралық мінезбен ұштасып келді. Соңғы жылдары бұл ұғымға қатысты көзқарастар өзгере бастады. Ұғымның өзінің ішкі мазмұны да өзгере бастады. Саяси басқару ең алдымен, ел азаматтарының басқару үрдісі мен биліктік – басқару шешімдерінің даярлануы мен іске асырылуы үрдісіне қатысуы және елдің саяси бағытын таңдауға қатысуын бейнелейтін ұғымға айналды.
Осындай өзгерістерге байланысты, жаңа саяси басқару ұғымына сәйкес келетін әдістер мен тәжірибелер жиынтығын құрайтын және саяси басқару технологиялары деп аталған жаңа типті басқару іс-әрекеттері қалыптаса бастады. Саяси басқару технологияларын саяси басқару өнері ретінде де әрі саяси ғылымның жаңа ғасырдағы басым бағыттарының бірі ретінде қарастыруға болады.
Халықаралық маркетингтің алтын ережелерінің бірі «Клиенттің сөзі – қашан да дұрыс» деген сөзбен бейнеленеді. Сол себепті де, белгілі бір тұлғаның имиджін құруға тапсырма алған кезде, оны теріс жағынан көрсететін мінез – құлқы көріністерін жасыра отырып, оның жағымды бейнесін қалыптастыруға көмектесетін күшті жақтарын баса көрсету қажет.
Мақсатты түрде әрі жақсы ойластырылған бейне оң нәтижеге әкеледі және өзіне дәл берілген қызметтерді атқара отырып «клиент» пайдасына жұмыс жасайды. Имиджмейкер – маман жеке тұлғаның имиджін жобаламас бұрын онымен нақты өзара сенімді байланыс орнату қажет.
Әдетте, имиджді екі ракурста қарастырады, яни «бейне» немесе «бетперде». Бірінші жағдайда, имиджді адамның ішкі мазмұнының сыртқы көрініс табуы ретінде түсіну өзіне оның жеке тұлғасының әртүрлі бағыттарда күрделі қызмет атқаруын қосады және даралықтың нақты қызметі мен мінез – құлқына оның психикасының философиялық терең қабатының әсерін айқындайды. Екінші жағдайда, бір сәттік нақты бір мақсатқа жету үшін қажетті әрі жасанды бетперде қалыптастырылады.
Имидж қалыптастырудың зор ерекшеліктерінің бірі, оның сыртқы тиімділікке бағытталуында ғана емес, адам өмірі мен оның қозғалыстағы бейнесінде көрініс табатын рухани – адамгершілік және субъективті – жеке мәнінің, яғни ділінің үйлесімділігінде.
Осы байламды негізге алатын болсақ, имидж қалыптастыру стратегиясы мен тактикасын даярлаудың жаратылыстық негізі ретіндегі ділдің аса маңыздылығын толық түсінуге болады. Ділдің маңызды құрамдас бөліктері, яғни ұлттық тән мінезі, өмірлік қызметінің үлгісі, этнопси-хологиялық ерекшеліктері имиджмейкер жұмысының басым бағыттары үшін үлкен маңызға ие.
Тартымды кәсіби имидж қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі ретінде жеке тұлғаның рухани – адамгершілік сапасы баса көрсетіледі және оның негізі ретінде іскерлік пен көшбасшылық қасиеттер, туындаған дау – жанжалдарды шеше білу қабілеті, әріптестік қатынастар орната білуі, тіл табыса білу қабілеттері, сендіре білу, бейімделе білу, оптимизм, мейірімділік алынады.
Кәсіби имидж ерекшелігі ұйым мен қызметшілер мүдделерін үйлестіре білу, корпоративті саясатты іске асыруда табанды болу, қызметкерлер талаптары мен мұқтаждарына мұқият қарау, тәртіпті әрі сенімді болу, адал қызмет атқару және т.б. ұйымдық талаптардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |