Әдебиеттер
Шәріпов, С. Бекболат. Повесть. Әңгімелер / құраст.: Е.Өтебаев. – Алматы, 1970. – 288 б.
Шәріпов, С. Екі томдық шығармалар жинағы. / С. Шәріпов – Алматы: жазушы, 1982. – 1 т. Повестер. – 488 б. 2 т. Очерктер, әңгімелер, публицистика. – 512 б.
***
С. Шәріпов // Жұмат Шанин //Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: анықтамалық. - Алматы, 2004. – 335 б.
С. Шәріпов //Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 424 б.
10 шілде Ғалым, химия ғылымдарының докторы Х. Қ. Оспановтың туғанына 80 жыл (1932)
Хабиболла Құсайынұлы Оспанов 1932 жылы 10 шілдеде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында туған. Ғалым, химия ғылымдарының докторы (1982), профессор (1983). КСРО өнертапқышы (1976). Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы (1977). Қаз ҰУ –н бітірген (1955). 1966 жылдан ҚазҰУ –де ғылыми қызметкер.
Х.Оспановтың негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты қатты заттардың (минералдардың) реакцияға түсу қабілетінің әр түрлілігін болжаудың физикалық, химиялық негіздері мен жалпы принциптеріне арналған. Ғалым кешен түзуші ерітінділер мен тотықтыратын ортада еруі қиын минералдардың еру жылдамдығының өзгеруі және кешен түзуші реагенттердегі сульфидтер арасындағы гальваникалық әсер қарқындылығының өзгеру заңдылықтарын ашқаны үшін ғылыми жаңалықтар авторларының халықаралық Ассоциациясының күміс (2003), алтын (2004) медальдарымен марапатталған. 24 монография мен 100 авторлық куәлік, патенттердің авторы.
Әдебиеттер
Оспанов Хабиболла Құсайынұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3т. – 412 б.
Оспанов Хабиболла Құсайынұлы // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2005. – 728 б.
Оспанов Хабиболла Құсайынұлы // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – 2 т. – 235 – 236 б.
Жұматов, Ғ. Әлемдік ғылыми жаңалық иесі / Ғ. Жұматов // Сарыарқа самалы. – 2003. – 20 желтоқсан. – 9 б.
10 шілде Ғалым, философия ғылымдарының докторы Т. Қ. Айтқазиннің туғанына
65 жыл (1947)
Айтқазин Телісжан Құрманұлы 1947 жылы 10 шілдеде Павлодар облысы Лебяжі селосында туған. Философия ғылымдарының докторы (1995). С.М.Киров атындағы ҚазМУ, (1976). ҚазМУ аспирантурасын (1982) бітірген. 1968-1970 жылдары Павлодар облыстық атқарушы комитет ІІБ – да байланыс технигі. 1970 – 1971 жылдары Павлодар трактор зауытының слесарі жұмыстарын істеді. 1976 – 1979 және 1982 – 1986 жылдары оқытушы, Павлодар индустриалды институтының философия кафедрасының аға оқытушысы. 1986 – 1992 жылдары философия кафедрасының меңгерушісі, 1992 – 1994 жылдары аға ғылыми қызметкер, 1992 – 1996 жылдары философия, экономикалық теория және құқық кафедрасының меңгерушісі, 1996 жылы ПМУ – дің қоғамдық ғылымдар меңгерушісі. 1996 – 1997 жылдары әлеуметтік- гуманитарлық дисциплиналардың оқу- ғылыми комплекстерінің директоры. 1997 жылы Л.И.Гумилев атындағы Евразия университетінің философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Т.Айтқазиннің 30 – ға жуық ғылыми жұмыстары жарияланды, оның ішінде монографиялары бар.
Әдебиеттер
Айтқазин, Т. Қ. Қазақтардың мұраты. / Т. Қ. Айтқазин. - Алматы, 1994.
Айтқазин, Т. Қ. .Қазақ ойшылдарының қоғамдық мұраттары. / Т. Қ. Айтқазин. - Астана, 2005.
***
Т. Қ. Айтқазин. // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т. 1. – 77 б.
20 шілде Ақын, драматург А. Шамкеновтың туғанына 85 жыл (1927-2004)
Аманжол Шамкенов 1927 жылы 20 шілдеде Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң «Әдебиет және өнер» (қ. «Жұлдыз» ) журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ КСР Радио комитетінде, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті көркем әдебиет редакциясында, «Жазушы» баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында директорлық міндет атқарды.
А.Шамкеновтың тұңғыш жинағы «Студент сыры» деген атпен 1951 жылы басылып шықты. 40 шақты кітабы жарық көрген. «Табамын сені», «Сен жалғыз емессің», «Уәкілдер», «Майор Майданов» атты актілі пьесалары сахнада қойылған.
Пушкиннің, Лермонтовтың, Хикметтің, Есениннің, Исаковскийдің, Бажанның, Құлиевтің бірқатар өлеңдерін, Г.Тушканның «Жора» романын, Н.Хикметтің «Әпенде», М.Шатровтың «Большевиктер», В.Розовтың «Өмір жолдары» атты пьесасын қазақ тіліне аударды. Оның аудармасында немістің ұлы ақыны Г.Гейненің лирикасы жеке кітап болып шықты.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты.
Әдебиеттер
Шамкенов, А. Дала аңызы: өлеңдер мен поэмалар. /А. Шамкенов – Алматы, 1986. – 146 б.
Шамкенов, А. Сәби үні: жол жазбалар, эссе, әңгімелер. /А. Шамкенов – Алматы, 1988. – 335 б.
Шамкенов, А. Таңдамалы: өлеңдер. /А. Шамкенов – Алматы, 1987 – 368 б.
* * *
Шамкенов А. // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. - Алматы, 1999. – 680 б.
Шамкенов А. // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 543 – 544 б.
Шамкенов Аманжол // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4т. – Алматы, 1989. – 4т. – 624 б.
Шамкенов Аманжол // «Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр»: анықтамалық. – Алматы, 2004. – 333 б.
Шамкенов Аманжол // Советтік Қазақстан жазушылары. – Алматы, 1987. – 682 б.
***
Байгісиев, И. Сағыныш : ән / И. Байгісиев; сөзі А. Шамкеновтікі. // Жалын. – 2008. - № 10. – 97 б.
Жұматов, Ғ. Ақын есіміне құрмет: облыста ақын А. Шамкеновтың 80 жылдығын атап өтті / Ғ. Жұматов. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 29 қыркүек. – 1, 8 б.
Ибраева, З. Айнымас дос еді: [ақын А. Шамкеновтың туғанына – 80 жыл] / З. Ибраева. // Сарыарқа самалы. – 2007. -27 қыркүйек. – 15 б.
13 тамыз Инженер - электрик, техника ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы
Т. А. Еңсебаевтың туғанына 65 жыл (1947- 2009)
Еңсебаев Тілеухан Ахметұлы 1947 жылы 13 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1963 жылы Киров ауданында № 20 орыс орта мектебін бітіріп, кейін “Карагандауголь” тресінің ағаш өңдеу комбинатында столяр болып жұмыс істеді.
1965 – 1970 жылдар аралығында Т.А.Еңсебаев Қарағанды политехникалық институтының тау-кен электромеханикалық факультетінде “Тау – кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру” мамандығы бойынша оқу оқыды. 1970 жылы тау-кен электрик-инженері дәрежесіне ие болып, ҚарПТИ “Өндірістік кәсіпорындарды электрлендіру” кафедрасында ассистент болды.
1976 – 1980 жылдар аралығында Т.А.Еңсебаев техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.П.Галишниковтың жетекшілік етуімен ҚарПТИ аспирантурасында оқыды.
1980 жылы 24 желтоқсанда Ленинград қаласында Жалпыодақтық электрмашиналарын жасау ғылыми зерттеу институтының Кеңесінде “Алты фазалы турбогенератордағы бір мезгілдегі және бір ізді қысқа тұйықталуларды зерттеу” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты болды.
1981 жылы ҚарПТИ “Электр техникасы” кафедрасында ассистент, бір жылдан кейін – аға оқытушы, 1982 – 1985 жылдары доцент болып қызмет істеді. 1985 жылдың қаңтар айында Павлодар индустриалдық институтының энергетика факультетінің “Электр техникасы” кафедрасына ауысты. Кафедра таратылып, ПИИ ҚазМТУ болып өзгергеннен кейін, “Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау” кафедрасында қызмет атқарды. Павлодар мемлекеттік университетінің “Технологиялық процестерді автоматтандыру және электр желісі” кафедрасында қызметін атқарды.
Энергетика факультетінде ғалым бірінші болып “Электр техникасы” және “Электр техникасының теориялық негіздері” пәндер лекцияларын мемлекеттік тілде оқыта бастады. “Энергетика” орыс- қазақ түсіндірме сөздігінің авторы.
Т.А.Еңсебаев Ертіс – Баянауыл өңірінің шежірешісі. Жыл сайын С.Торайғыров атындағы ПМУ және Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи - өлкетану мұражайы ұйымдастырған тарихи – этнографиялық экспедицияларға қатысты. Жергілікті басылымдарда ғалымның тарихқа арналған мақалалары жиі шығып тұрады. Облыстың тарихына, этнографиясына, өлкетану тақырыптарына арналған 200 –ден аса мақалалары жарияланған. Өлке тарихының зерттеулеріне арналған көп еңбектер жазумен қатар оқу құралдарын дайындаған.
Ғалымның жасаған осы ғылыми еңбектері, зерттеу жұмыстары жоғары бағаға ие болған. С.Торайғыров атындағы ПМУ–дің Ғылыми Кеңесінің шешімімен Т.А.Еңсебаевқа профессор атағы берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |