П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы


шілде Жазушы, қоғам қайраткері С. Шәріповтің



бет4/12
Дата11.01.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

7 шілде Жазушы, қоғам қайраткері С. Шәріповтің туғанына 135 жыл (1882-1942)

Жазушы Сабыр Шәріпов (Дәулетшин Мұхаммедсабыр Шәріфұлы) 1882 жылы 7 шілдеде РФ Татарстан Республикасы Ағрыз ауданы Ғарзет ауылында туған. 1898-1903 жылдары Павлодар ауылшаруашылық мектеп-интернатын бітірген. 1904-1916 жылдары Ақмола, Көкшетау уездерінде ағаш шебері, қойма меңгерушісі, тілмаш болып жұмыс істеді.

С.Шәріпов 1917 жылы ақпан буржуазиялық –демократиялық төңкерісін Көкшетауда қарсы алып, сол жылы РСДРП мүшелігіне қабылданады. Қоғамдық, мемлекеттік, жазушылық жұмыстарын қатар атқарады. Сібірде, Түркістанда, Көкшетауда, Петропавлда Совет өкіметін орнатуға қатысады. 1919 жылы Атбасар уездік ревкомының председателі, 1920 жылы Ақмола губаткомы председателінің орынбасары, кейін председателі, 1928 – 1932 жылы Москвадағы “Ембімұнай” тресі басқарушының орынбасары жұмыстарында болды.

1932 – 1934 жылдары “Вевир – Хуриан Лимитед” Совет – Иран акционерлік қоғамының директор – басқарушысы. 1938 – 1941 жылдары Құлсары, Доссор терең бұрғылау мекемелерінің, “Ембімұнай” тресінің геологиялық барлау кеңсесінің директоры болды.

Жазушы 1918 – 1919 жылдары жазылған “Алтыбасар” шығармасында қазақ халқының бұрынғы өмірі, әдет – ғұрпы, шаруашылығы, көшпелі тіршілігі, орыс пен қазақ халықтарының достығы, патша өкіметінің озбырлық саясаты суреттелген және 1921 – 1935 жылдары жазылған тап тартысы көрсетілген “Заң дәуірі” повестері жарық көрді.

С.Шәріпов Иран сапары кезінде жемісті еңбек етті. 1935 жылы “Рузи Иран” повесінде тап қайшылығын көрсеткен. Онда Совет Одағы адамдарының адам айтқысыз жоқшылыққа, ауыр азапқа, қайғы-қасіретке ұшырағаны баяндалады.

Жазушының Ирандағы өмірінен 1936 жылы жазылған екінші повесі – “Ләйлә” шығармасында кедей қыздың ауыр өмірін суреттеу арқылы әйелдер басындағы қиын тұрмысты, қасіретті нақты көрсетеді.

1937 жылы жазылған 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс туралы “Бекболат” повесінде автор Бекболат бейнесі арқылы (прототипі Амангелді Иманов) қазақ кедейлерінің күрес жолын толығырақ суреттеген. “Сүлік”, “Ерден көлі”, “Кәмен”, “Жаубасар” т.б. әңгімелері революциядан бұрынғы қазақ елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – дәстүрін суреттейді. “Ит терісі”, “Көтеріліс алдында”, “Бұқара көтерілісі”, “Өлкейік жағасында”, “Тайшым Орысұлы”, “Алабас”, Албан-Бұғы” т.б. көркем очерктері тарихи шындықты қаз-қалпында баяндайды. Жазушының қаламынан “Бағаналы елінің жайы”, “Екі дәуір”, “Иранға саяхат”, “Мұнай” т.б.публицистикалық шығармалары туған.



Әдебиеттер

Шәріпов, С. Бекболат. Повесть. Әңгімелер / құраст.: Е.Өтебаев. – Алматы, 1970. – 288 б.

Шәріпов, С. Екі томдық шығармалар жинағы. / С. Шәріпов – Алматы: жазушы, 1982. – 1 т. Повестер. – 488 б. 2 т. Очерктер, әңгімелер, публицистика. – 512 б.

***


С.С. Шәріпов // Жұмат Шанин // Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр: анықтамалық. - Алматы, 2004. – 335 б.

Шәріпов //Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 424 б.



С. Шәріпов // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. - 735 б.



10 шілде Ғалым, химия ғылымдарының докторы Х. Қ. Оспановтың туғанына 85 жыл (1932)


Хабиболла Құсайынұлы Оспанов 1932 жылы 10 шілдеде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында туған. Ғалым, химия ғылымдарының докторы (1982), профессор (1983). КСРО өнертапқышы (1976). Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы (1977). Қаз ҰУ –н бітірген (1955). 1966 жылдан ҚазҰУ –де ғылыми қызметкер.

Х.Оспановтың негізгі ғылыми жұмыстарының бағыты қатты заттардың (минералдардың) реакцияға түсу қабілетінің әр түрлілігін болжаудың физикалық, химиялық негіздері мен жалпы принциптеріне арналған. Ғалым кешен түзуші ерітінділер мен тотықтыратын ортада еруі қиын минералдардың еру жылдамдығының өзгеруі және кешен түзуші реагенттердегі сульфидтер арасындағы гальваникалық әсер қарқындылығының өзгеру заңдылықтарын ашқаны үшін ғылыми жаңалықтар авторларының халықаралық Ассоциациясының күміс (2003), алтын (2004) медальдарымен марапатталған. 24 монография мен 100 авторлық куәлік, патенттердің авторы.


Әдебиеттер

Оспанов Хабиболла Құсайынұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3т. – 412 б.

Жұматов, Ғ. Әлемдік ғылыми жаңалық иесі / Ғ. Жұматов // Сарыарқа самалы. – 2003. – 20 желтоқсан. – 9 б.

Оспанов Хабиболла Құсайынұлы // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2005. – 728 б.

Оспанов Хабиболла Құсайынұлы // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – 2 т. – 235 – 236 б.

Оспанов Хабиболла Құсайынұлы // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. - 546 б.




10 шілде Ғалым, философия ғылымдарының докторы Т. Қ. Айтқазиннің туғанына

70 жыл (1947)



Айтқазин Телісжан Құрманұлы 1947 жылы 10 шілдеде Павлодар облысы Лебяжі селосында туған. Философия ғылымдарының докторы (1995). С.М.Киров атындағы ҚазМУ, (1976). ҚазМУ аспирантурасын (1982) бітірген. 1968-1970 жылдары Павлодар облыстық атқарушы комитет ІІБ – да байланыс технигі. 1970 – 1971 жылдары Павлодар трактор зауытының слесарі жұмыстарын істеді. 1976 – 1979 және 1982 – 1986 жылдары оқытушы, Павлодар индустриалды институтының философия кафедрасының аға оқытушысы. 1986 – 1992 жылдары философия кафедрасының меңгерушісі, 1992 – 1994 жылдары аға ғылыми қызметкер, 1992 – 1996 жылдары философия, экономикалық теория және құқық кафедрасының меңгерушісі, 1996 жылы ПМУ – дің қоғамдық ғылымдар меңгерушісі. 1996 – 1997 жылдары әлеуметтік- гуманитарлық дисциплиналардың оқу- ғылыми комплекстерінің директоры. 1997 жылы Л.И.Гумилев атындағы Евразия университетінің философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Т.Айтқазиннің 30 – ға жуық ғылыми жұмыстары жарияланды, оның ішінде монографиялары бар.
Әдебиеттер

Айтқазин, Т. Қ. Қазақтардың мұраты. / Т. Қ. Айтқазин. - Алматы, 1994.

Айтқазин, Т. Қ. .Қазақ ойшылдарының қоғамдық мұраттары. / Т. Қ. Айтқазин. - Астана, 2005.

Т. Қ. Айтқазин. // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т. 1. – 77 б.



Т. Қ. Айтқазин // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 131 б.

20 шілде Ақын, драматург А. Шамкеновтың туғанына 90 жыл (1927-2004)

Аманжол Шамкенов 1927 жылы 20 шілдеде Павлодар облысы Ертіс ауданында туған. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң «Әдебиет және өнер» (қ. «Жұлдыз» ) журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.

Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ КСР Радио комитетінде, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті көркем әдебиет редакциясында, «Жазушы» баспасында Бас редактор, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында директорлық міндет атқарды.

А.Шамкеновтың тұңғыш жинағы «Студент сыры» деген атпен 1951 жылы басылып шықты. 40 шақты кітабы жарық көрген. «Табамын сені», «Сен жалғыз емессің», «Уәкілдер», «Майор Майданов» атты актілі пьесалары сахнада қойылған.

Пушкиннің, Лермонтовтың, Хикметтің, Есениннің, Исаковскийдің, Бажанның, Құлиевтің бірқатар өлеңдерін, Г.Тушканның «Жора» романын, Н.Хикметтің «Әпенде», М.Шатровтың «Большевиктер», В.Розовтың «Өмір жолдары» атты пьесасын қазақ тіліне аударды. Оның аудармасында немістің ұлы ақыны Г.Гейненің лирикасы жеке кітап болып шықты.

Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты.


Әдебиеттер

Шамкенов, А. Дала аңызы: өлеңдер мен поэмалар. /А. Шамкенов – Алматы, 1986. – 146 б.

Шамкенов, А. Сәби үні: жол жазбалар, эссе, әңгімелер. /А. Шамкенов – Алматы, 1988. – 335 б.

Шамкенов, А. Таңдамалы: өлеңдер. /А. Шамкенов – Алматы, 1987 – 368 б.

***

Шамкенов Аманжол // Советтік Қазақстан жазушылары. – Алматы, 1987. – 682 б.



Шамкенов Аманжол // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4т. – Алматы, 1989. – 4т. – 624 б.

Шамкенов А. // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. - Алматы, 1999. – 680 б.

Шамкенов Аманжол // Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық. – Алматы, 2004. – 333 б.

Шамкенов А. // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 543 – 544 б.

Шамкенов Аманжол // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. –725 б.

***


Жұматов, Ғ. Ақын есіміне құрмет: облыста ақын А. Шамкеновтың 80 жылдығын атап өтті / Ғ. Жұматов. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 29 қыркүек. – 1, 8 б.

Ибраева, З. Айнымас дос еді: [ақын А.Шамкеновтың туғанына – 80 жыл] / З. Ибраева. //Сарыарқа самалы. – 2007. - 27 қыркүйек. – 15 б.

Байгісиев, И. Сағыныш : ән / И. Байгісиев; сөзі А. Шамкеновтікі. // Жалын. – 2008. - № 10. – 97 б.

***


Шамкенов Аманжол. Кереку туралы сыр: [өлең] / Шамкенов Аманжол // Сарыарқа самалы. - 2013.- 15 қаңтар.-  9 б.

13 тамыз Инженер - электрик, техника ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы

Т. А. Еңсебаевтың туғанына 70 жыл (1947- 2009)


Еңсебаев Тілеухан Ахметұлы 1947 жылы 13 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1963 жылы Киров ауданында № 20 орыс орта мектебін бітіріп, кейін “Карагандауголь” тресінің ағаш өңдеу комбинатында столяр болып жұмыс істеді.

1965 – 1970 жылдар аралығында Т.А.Еңсебаев Қарағанды политехникалық институтының тау-кен электромеханикалық факультетінде “Тау – кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру” мамандығы бойынша оқу оқыды. 1970 жылы тау-кен электрик-инженері дәрежесіне ие болып, ҚарПТИ “Өндірістік кәсіпорындарды электрлендіру” кафедрасында ассистент болды.

1976 – 1980 жылдар аралығында Т.А.Еңсебаев техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.П.Галишниковтың жетекшілік етуімен ҚарПТИ аспирантурасында оқыды.

1980 жылы 24 желтоқсанда Ленинград қаласында Жалпыодақтық электрмашиналарын жасау ғылыми зерттеу институтының Кеңесінде “Алты фазалы турбогенератордағы бір мезгілдегі және бір ізді қысқа тұйықталуларды зерттеу” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты болды.

1981 жылы ҚарПТИ “Электр техникасы” кафедрасында ассистент, бір жылдан кейін – аға оқытушы, 1982 – 1985 жылдары доцент болып қызмет істеді. 1985 жылдың қаңтар айында Павлодар индустриалдық институтының энергетика факультетінің “Электр техникасы” кафедрасына ауысты. Кафедра таратылып, ПИИ ҚазМТУ болып өзгергеннен кейін, “Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау” кафедрасында қызмет атқарды. Павлодар мемлекеттік университетінің “Технологиялық процестерді автоматтандыру және электр желісі” кафедрасында қызметін атқарды.

Энергетика факультетінде ғалым бірінші болып “Электр техникасы” және “Электр техникасының теориялық негіздері” пәндер лекцияларын мемлекеттік тілде оқыта бастады. “Энергетика” орыс- қазақ түсіндірме сөздігінің авторы.

Т.А.Еңсебаев Ертіс – Баянауыл өңірінің шежірешісі. Жыл сайын С.Торайғыров атындағы ПМУ және Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи - өлкетану мұражайы ұйымдастырған тарихи – этнографиялық экспедицияларға қатысты. Жергілікті басылымдарда ғалымның тарихқа арналған мақалалары жиі шығып тұрады. Облыстың тарихына, этнографиясына, өлкетану тақырыптарына арналған 200 –ден аса мақалалары жарияланған. Өлке тарихының зерттеулеріне арналған көп еңбектер жазумен қатар оқу құралдарын дайындаған.

Ғалымның жасаған осы ғылыми еңбектері, зерттеу жұмыстары жоғары бағаға ие болған. С.Торайғыров атындағы ПМУ–дің Ғылыми Кеңесінің шешімімен Т.А.Еңсебаевқа профессор атағы берілген.
Әдебиеттер

Еңсебаев, Т. А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер: 1 бөлім. Көне дәуірден ХХ ғасырға дейін / ред. Т. Қоңыр. - Павлодар, 2001. – 236 б.

Еңсебаев, Т. А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер: 1 бөлім. Көне дәуірден ХХ ғасырға дейін / ред. Т. Қоңыр. - Павлодар, 2001. – 236 б.

Еңсебаев, Т. А. Қанжығалы шежіресі / Т.А.Еңсебаев. – Павлодар, 2004. – 494 б.

Еңсебаев, Т.А. Керей шежіресі / Т. А. Еңсебаев // Өлкетану. – 2005. – № 4. – 68 – 87 б.

Еңсебаев, Т.А. Найман шежіресі / Т. А. Еңсебаев // Өлкетану. – 2005. – № 1. – 90 – 108 б.

* * *

Еңсебаев Тлеукен Ахметұлы: Биобиблиографиялық көрсеткіш / ҚР Білім және ғылым министрлігі., С.Торайғыров атындағы ПМУ, Академик С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана. – Павлодар, 2003. – 26 б. – (“ПМУ ғалымдары” сериясы).


* * *

Т. А. Енсебаев: [некролог] //Звезда Прииртышья. – 2009. - 29 дек. – С. 7.

Т. А. Енсебаев // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 301 б.

13 тамыз Өлкетанушы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген қызметкері, мұрағатшы

В. Д. Болтинаның туғанына 70 жыл (1947)



Болтина Вера Дмитриевна 1947 жылы 13 тамызда Орынбор облысы Орск қаласында туған. Өлкетанушы, тарихшы - өлкетанушы, ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1985). Мұрағат ісінің үздігі (1988).

1972 жылы Москва мемлекеттік тарихи – мұрағат институтын бітірген. Мұрағат жүйесінде 60-шы жылдардың ортасынан бастап жұмыс істейді. 1973 жылы Павлодар мемлекеттік мұрағатының директоры, 1976 жылы облыстық мұрағат басқармасының жетекшісі. 2000 жылдан Павлодар облысы Архивтер Департаментінің бастығы.

“1919 – 1990 жж. Павлодар өлкесіндегі орыс Православиелік шіркеу тарихынан” (1999)., “1919 –1999 жж. Павлодар өлкесіндегі ислам тарихынан” (2001), “1892 – 2002 жж. құжаттардағы Павлодар өлкесінің денсаулық сақтау саласы” (2002), “Книга скорби. Растрельные списки” (1999) және “Забвению не подлежит” (1997) кітаптар авторларының бірі.

В.Болтина “Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары және оның филиалдары” көрсеткішінің жауапты редакторы және құрастырушысы (1991), Мұрағаттану, құжаттану және Павлодар өлкесінің тарихы туралы мақалалардың авторы.

Орыс Православиялық шіркеуінің орденімен (1999), медальдармен марапатталған.





Әдебиеттер

Азалы кітап: атылғандардың тізімдері / Павлодар облысының мұрағаттар басқармасы; құраст.: В.Д. Болтина, Л.В. Шевелева. – Павлодар: ЭКО, 1999. – 222 б.

Ертістің Павлодар өңіріндегі исламның тарихынан 1919-1999: құжаттар жинағы / құраст.: В.Д. Болтина, Л.В. Шевелева. – Павлодар, 2001. - 492 б.

Павлодар облысының хронографы 1938-2008 / / құраст.: В.Д. Болтина. – Павлодар: ЭКО, 2008. – 544 б.

***

Болтина, В. Алғашқы қадамдар: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңынды] / В. Болтина.



// Сарыарқа самалы. – 2007. – 29 мамыр. – 5 б.

Болтина, В. Беделді басшы еді: [партиялық қайраткер Ә. Ибраев] / В. Болтина. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 29 қараша. – 6 б.

Болтина, В. Қабыштың қайғылы тағдыры: [қоғам қайраткері, ақын Қ. Бердалин] / В. Болтина.

// Сарыарқа самалы. – 2007. – 25 желтоқсан. – 4 б.

Болтина, В. Майданда да, тылда да жұдырықтай жұмылып...: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында. Павлодар облысы Ұлы Отан соғыс жылдарында] / В. Болтина. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 5 шілде. – 9 б.

Болтина, В. Өнеркәсіптің қарқынды өсуі: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында] / В. Болтина. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 13 қараша. – 16 б.

Болтина, В. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Павлодар облысы: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында] / В. Болтина. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 21 тамыз.

Болтина, В. Тың және ұлтаралық келісім: [Павлодар облысының 70 жылдығы қарсаңында] / В. Болтина. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 27 қыркүйек. – 17 б.



***

В.Д. Болтина // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 253 б.



Қожимов, М. Мұрағатшылар: [В.Д. Болтина, Л. Шеведева] / М. Қожимов // Сарыарқа самалы. – 2016. – 31 наурыз. – 16 б.
1 қыркүйек Журналист А. Ж. Нұрғазиннің туғанына 90 жыл (1927-2008)

Арапа Жүнісұлы Нұрғазин 1927 жылы Ақтоғай ауданы «Ақ түйе» колхозында дүниеге келген. 1967 жылы 10 жасында анасынан айрылып, өгей ананың қолында тәрбиеленген. Еңбек жолын 1941 жылы бастаған. Кезінде Қуйбышев (қ.Ақтоғай) ауданына қарасты Ленин колхозында ауылдық кеңестің хатшысы, Қашыр аудандық атқару комитетінде инспектор болып қажырлы еңбек етті. Банк саласында да қызмет жасаған. Журналист Қазақстанның көптеген мерзімді басылымдарында қызмет еткен. Олар: “Егемен Қазақстан”, “Жас Алаш”, “Ана тілі”, “Парасат”, “Қазақ әдебиеті”, “Ақиқат” және т.б. 1982 жылдан бастап республикалық “Шалқар” радио бағдарламасының “Сырласайық, сырласайық” авторларының бірі болып келді.

А.Нұрғазинді бұрын жұртшылық мақал-мәтел жинаушы ретінде қабылдап, газет беттерінде де осылай жарияланып жүрді. Бірақ ол мақал-мәтел жинаушы емес, құрастырушы. Журналистің қаламынан 4000 – нан астам мақал-мәтелдер шыққан. Бұлардың 3000-ы кітаптарына енген.

Жазушы шығармашылығының негізгі тақырыбы – мақал –мәтелдер. Мектеп оқушыларына арнап 3 кітаптан тұратын мақал-мәтелдер жинағын басып шығарған. Өзі жазған төрт мыңнан аса мақал-мәтелдері, 600-ден аса тақпақ - өлең шумақтары (частушки), 1000- нан аса жұмбақтары мен жаңылтпаштары бар. А.Ж.Нұрғазин – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.


Әдебиеттер

Нұрғазин, А. Мың бір мақал – мәтел. Мақалдар мен мәтелдер, қанатты сөздер. /А. Нұрғазин – Павлодар, 1995. – 54 б.

Нұрғазин, А. Мақал – мәтел – мәңгі мұра. /А. Нұрғазин – Шымкент, 1996. – 76 б.

Нұрғазин, А. Мақал – мәтелдер, қанатты сөздер. Баталар, тілектер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. / А. Нұрғазин – Павлодар, 1997. – 66 б.


Нұрғазин, А. Ұлт негізі – ана тіл / А.Нұрғазин; С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. – Павлодар, 2003. – 57 б.

Нұрғазин, А. 377 жұмбақтар / А. Нұрғазин; С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. /А. Нұрғазин – Павлодар, 2003. – 57 б.

Нұрғазин, А. Алтыжүз ақыл. Жүз нақыл / А. Нұрғазин – Павлодар: ПГУ, 2003. – 88 б.

Жақсы бір тілек тілеңіз // Сарыарқа самалы. –2004. – 20 наурыз.




12 қыркүйек Ғалым, медицина ғылымдарының докторы Х.Ж. Жұматовтың туғанына

105 жыл (1912-1972)



Хамза Жұматұлы Жұматов 1912 жылы 15 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Жастайынан білім алуға ұмтылып, 12 жасында Павлодарға келді. Мектептен кейін Қазақ медициналық институтына түсіп, оны 1937 жылы бітірген. 1944 жылы аспирантураны аяқтап, кандидаттық қорғайды.

1951 жылы Х.Жұматовтың ғылыми іскерлігі ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ эпидемиология микробиологиялық ғылыми-зерттеу институты қабырғасынан басталды. Сол жылы жас ғалымның бастамасымен вирусологиялық зертхана (кейін Қазақстандағы бірінші вирусологиялық зерттеу орталығы болған) ұйымдастырылады. Зертхана 1956 жылы КазКСР ҒА-ның жанынан да құрылды. Он жыл бойы негізгі қызметін Москва мен Ленинградтағы экспериментальді медициналық институттарында атқарды. КСРО МҒА – ның Д.И.Ивановский атындағы вирусология институтының докторанты болып, 1954 жылы иммунитетке қарсы вирустық мәселелерді зерттеуге арнаған докторлық диссертациясын қорғады.

Х.Жұматовтың негізгі ғылыми еңбектері вирустардың молекулалық биологиясы мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалымның жетекшілігімен тұмау вирустарының штаммдары бөлініп алынып, жеке зерттелді. Ол тұмау вирустарынан, полиомиелит ауруларынан вакцина егу арқылы сақтанудың әдістерін ұсынды. Тұмау вирусын, адам және жануарларда ауру тудыратын вирустардың рибонуклеин қышқылдарын, жұқпалы гепатит ауруын, өсімдіктердің вирустық кеселдерін зерттеді. 1974 жылы ғылым және техника номинациясы бойынша ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Кене энцефалитінің белгісіз арбовирустық инфекциясын зерттеуде қалыптасқан вирусология ғылымындағы жаңа тарауды академик Х.Жұматовтың атынан бөліп қарауға болмайды. Өйткені тек, Х.Жұматов қана трансмиссивті вирусты инфекцияның ошақтарын зерттеу бойынша арнайы зертхананың ашылуына ықпал етті. Ғалым тек қана полиомиелитті жоюдың ғылыми дәлелденген жүйесін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар инфекциялы гепатит деген қатерлі аурудың алдын алумен айналысты.

Х.Жұматов Қазақстан ҒА – ның академигі (1967), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1960). 1937 – 1944 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтында (қ. Қазақ ұлттық медицина университеті) дәрігер-ординатор, аспирант, ассистент, доцент болды. Профессор (1959).

1944 – 1947 жылдары Бүкілодақтық эксперименттік медицина институтында аға ғылыми қызметкер, КСРО Медицина ҒА – ның Вирусология институтының докторанты, 1947 – 1950 жылдары осы академияның эксперименттік медицина институтында (Ленинград) аға ғылыми қызметкер, 1951 – 1972 жылдары ҚазКСР Денсаулық сақтау министрлігінің Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институтында ғылыми жетекші және Қазақстан ҒА – ның Микробиология және вирусология ғылыми – зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі болды. 1961 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссиясының (ЖАҚ) мүшесі болды.

Х.Жұматов І Халықаралық жұқпалы аурулары патологиясы конгресінде (Франция, Лион, 1956) француз тілінде, І – Халықаралық Африка, Азия дәрігерлерінің конгресінде (Египет, Кипр, 1964) баяндамалар жасады. 2 рет «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен мараптталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет