2 мамыр географ, өлкетанушы, Павлодар облысын зерттеуші З.В. Кузнецованың туғанына 100 жыл (1917-1999) *
10 мамыр актер, режиссер, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген әртісі Б.У. Омаровтың туғанына 90 жыл (1927-2008) *
13 мамыр Баянауыл ауданында Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайының ашылғанына 50 жыл
(1967)
15 мамыр ғалым, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ғ.М. Мұқановтың туғанына 85 жыл (1932-2015)*
17 мамыр журналист Л.П . Гришинаның туғанына 70 жыл (1947)
28 мамыр режиссер, драматург, қазақ театрының негізін қалаушы Ж.Т. Шаниннің туғанына 125 жыл (1892-1938) *
28 мамыр ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Э.И. Шиллердің туғанына 95 жыл (1922-1985)*
Маусым
7 маусым қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Н.И. Чмыхтың туғанына 70 жыл (1947)
10 маусым Павлодар облысының мемлекет және қоғам қайраткері Б.В. Исаевтың туғанына 85 жыл
(1932)
10 маусым ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы А .Нұхұлының туғанына 55 жыл (1962)
12 маусым Екібастұз қаласының құрылғанына 60 жыл (1957)*
20 маусым Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына 75 жыл (1942)*
25 маусым Кеңес Одағының батыры С.К. Токаревтің туғанына 95 жыл (1922-1996)
28 маусым журналист, педагог Ю.А .Ковхаевтың туғанына 85 жыл (1932)*
Шілде
7 шілде жазушы, қоғам қайраткері С. Шәріповтің туғанына 135 жыл (1882 -1942)*
8 шілде ғалым, тарих ғылымдарының докторы Қ.М. Алдабергеновтың туғанына 65 жыл (1952)
10 шілде Ғалым, химия ғылымдарының докторы Х. Қ. Оспановтың туғанына 85 жыл (1932)
10 шілде ғалым, философия ғылымдарының докторы Т.Қ. Айтқазиннің туғанына 70 жыл (1947)*
20 шілде ақын, драматург А. Шамкеновтың туғанына 90 жыл (1927-2004) *
25 шілде Халық шебері Б.Ж .Сағындықовтың туғанына 85 жыл (1932-2014)
26 шілде ҚазКСР- нің Еңбек сіңірген мұғалімі Қ.И. Ильясовтің туғанына 105 жыл (1912-1955)
Тамыз
11 тамыз “Свободная степь” басылымының жарыққа шыққанына 100 жыл (1917)
13 тамыз инженер-электрик, техника ғылымдарының кандидаты, өлкетанушы Т.А.Еңсебаевтың
туғанына 70 жыл (1947-2004)*
13 тамыз өлкетанушы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген қызметкері, мұрағатшы В.Д.Болтинаның туғанына 70 жыл (1947) *
15 тамыз дәрігер-терапевт, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Ғ.Т.Сұлтановтың туғанына 115 жыл (1902-1982) *
Қыркүйек
1 қыркүйек журналист А.Ж. Нұрғазиннің туғанына 90 жыл (1927-2008) *
6 қыркүйек ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Н.Қ. Ахметовтың туғанына 65 жыл (1952)
12 қыркүйек ғалым, медицина ғылымдарының докторы Х.Ж. Жұматовтың туғанына 105 жыл
(1912-1972)*
22 қыркүйек педагог И.И. Поминовтың туғанына 115 жыл (1902-1985)
25 қыркүйек ақын, журналист В.Г. Семерьяновтың туғанына 80 жыл (1937) *
Қазан
1 қазан ғалым-энергетик, техника ғылымдарының докторы Ш.Ш. Шөкиннің туғанына 105 жыл
(1912-2003) *
2 қазан скульптор В.В. Мартыненконың туғанына 70 жыл (1947–1999)
6 қазан ғалым, философия ғылымдарының докторы Қ.М. Мардановтың туғанына 75 жыл (1942)
12 қазан Кеңес Одағының батыры Г.П. Кравченконың туғанына 105 жыл (1912-1943)
15 қазан журналист, жазушы Ғ.С.Жұматовтың туғанына 65 жыл (1952)*
15 қазан көркемсуретші Ө. А. Шорановтың туғанына 65 жыл (1952)
18 қазан Ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы З. Д. Дүйсенбековтың туғанына 80 жыл (1937)
20 қазан журналист О.И. Фролованың туғанына 70 жыл (1947)*
21 қазан жазушы, журналист, өлкетанушы С.П. Шевченконың туғанына 90 жыл (1927-2001)*
қазан «Павлодартұз» мемлекеттік тұз трессінің құрылғанына 95 жыл жыл (1922)
Қараша
8 қараша ғалым, физика – математика ғылымдарының кандидаты Т.Х. Шаяхметовтың туғанына
80 жыл (1937-2007)*
10 қараша ғалым, педагог, философия ғылымдарының кандидаты В.А. Федотовтың туғанына 70 жыл (1947)
17 қараша журналист Б .Жанымбеттің туғанына 75 жыл (1942-2009)
18 қараша ғалым, техника ғылымдарының докторы А.В. Дробинскийдің туғанына 75 жыл (1942)
25 қараша суретші М.П.Колмогоровтың туғанына 95 жыл (1922-2004)*
29 қараша ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Б.У. Уахатовтың туғанына
85 жыл (1932-1984) *
қараша педагог, ҚазКСР – нің еңбек сіңірген мұғалімі С.Д. Дүкенбаевтің туғанына 100 жыл
(1917 – 1967)*
қараша Естай атындағы қалалық Мәдениет сарайының пайдалануға берілген уақытына
40 жыл (1977)
Желтоқсан
2 желтоқсан ғалым, филология ғылымдарының докторы З.Қ. Ахметжанованың* туғанына 70 жыл
(1947)
6 желтоқсан ақын-импровизатор, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. Баймұратовтың*
туғанына 130 жыл (1887-1969)
15 желтоқсан Кеңес Одағының батыры А.С. Квитковтың* туғанына 95 жыл (1922-1994)
19 желтоқсан актриса О.Е. Белаяның туғанына 70 жыл (1947)
26 желтоқсан жазушы Д. Әбілевтің* туғанына 110 жыл (1907-2003)
27 желтоқсан ғалым, тарих ғылымдарының докторы С.Б. Бейсембаевтың* туғанына 105 жыл
(1912-1989)
28 желтоқсан ҚазКСР-нің еңбек сіңірген дәрігері Ф.Д. Әбдіқалықованың* туғанына 90 жыл
(1927-1992)
29 желтоқсан ғалым, тарих ғылымдарының докторы А.Қ. Құсайыновтың* туғанына 75 жыл (1942)
31 желтоқсан жазушы З.Ж. Шашкиннің туғанына 105 жыл (1912-1966)
Айы мен күні белгісіз Павлодар облысының еске алынатын
және аталып өтілетін күндер тізімі
Торайғыр би Едігеұлының туғанына 245 жыл (1772 -1825)
Орта жүз биі Бердалы Қазанғапұлының туғанына 215 жыл (1802 -1842)
Алғашқы қазақ дәрігері А. Сүлейменовтың туғанына 140 жыл (1877-1937)
Ақын Б. Қаппасовтың (Қорт Боранбай) туғанына 110 жыл (1907-1991)
Ақтоғай ауылының құрылғанына 110 жыл (1907)
Ақын, журналист А.Теміржановтың туғанына 105 жыл (1912 -1962)
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының (ПГПИ) құрылғанына 55 жыл (1962)
Балалар жасөспірімдер экологиялық мектебінің ашылғанына 70 жыл (1947)
«Павлодарочка» халық би ансамблінің құрылғанына 60 жыл (1957)
Павлодар облыстық әдеби бірлестігіне П. Васильев есімі берілгеніне 60 жыл (1957)
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының ашылғанына 55 жыл (1962)
Шарбақты ауданы құрылғанына 50 жыл (1967)
«Павлодар облысында 2017 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер» күнтізбесіне берілген қысқаша анықтамалар мен әдебиеттер тізімі
10 қаңтар Кеңес Одағының Батыры К.Ф.Шуваловтың туғанына 105 жыл (1912-1999)
Кеңес Одағының батыры К.Шувалов 1912 жылы Павлодар қаласында туған. 1941 жылы Соликамск қалалық әскери комиссариаты арқылы Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1943 жылы 27 наурыздан бастап майданда болды.
Ұлы Отан соғысында үлкен ерлік көрсетті. Днепрден өту кезінде көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін лейтенант К.Ф.Шуваловқа Кеңес Одағы Президиумының 1944 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1946 жылы бронетанкілік және механикаландырылған әскерлер әскери Академиясының қасындағы офицерлер құрамының кәсіби деңгейін көтеру курстарын бітірді. 1962 жылдан подполковник К. Ф. Шувалов запаста болды. Одесса қаласында тұрып,әкімшілік – шаруашылық жұмыста болды. Ленин ордені, Қызыл Ту, I дәрежедегі Отан соғысы, екі рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1999 жылы дүние салды.
Әдебиеттер
Қазақстандық Совет Одағының батырлары: [К. Ф. Шувалов] // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. – Алматы, 1984. - 1 т. – 256 б.
Шувалов Константин Фомич // Совет Одағының қазақстандық батырлары. – Алматы, 1969. – 413 – 414 б.
Қазақстандық Қеңес Одағының батырлары: [К. Ф. Шувалов] // Қазақстан. Ұлтық энциклопедия. – Алматы, 2003. – т. 5. - 341 б.
Шувалов Константин Фомич //Жеңісіміздің жұлдыздары. 1941-1945= Звезды нашей Победы.1941 – 1945:биоблиографиялық көрсеткіш – библиографический указатель . – Павлодар, 2010. – 25 б.
***
Павлодарлық Кеңес Одағының Батырлары // Сарыарқа самалы. – 2010. – 6 мамыр. – 17 б.;
8 мамыр. – 6 – 8 б.
Олар Днепрді кешіп өтті: [Кеңес Одағының Батыры К. Ф. Шувалов жайлы] // Сарыарқа самалы. –
2015. – 26 қараша. – 11 б.
12 қаңтар Ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Н.Ы.Баяндиннің туғанынына 105 жыл (1912-1991)
Баяндин Нығман Ыбырайұлы 1912 жылы Баянауыл ауданы Беріктас ауылында туған. 1951 жылы Мемлекеттік Орта Азиялық университетін бітірген. Ғалым ғылыми және педагогтік жұмыстармен айналысты. ҚазКСР-нің ҒА топырақтану институты, Қазақстанның ауылшаруашылығы институтының топырақ географиясы кафедрасының доценті.
Н.Ы.Баяндин Қазақстанның топырағы жайлы көптеген ғылыми жұмыстар жазды. Сонымен қатар Ертіс топырағына арналған ғылыми еңбектердің авторы.
Әдебиеттер
Мүбәраков, Ш. Қомақты үлес қосқан: [ғалым-зерттеуші Н. Баяндиннің туғанына – 95] / Ш. Мүбәраков. // Сарыарқа самалы. – 2007. – 20 қаңтар. – 3 б.
Баяндин Нұғман Ыбырайұлы //Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т.1. – 223 б.
Баяндин Нұғман Ыбырайұлы // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. –233 б.
15 қаңтар Ақын Н. М. Чернованың туғанына 70 жыл (1947)
Белгілі ақын – жазушы Н.М.Чернова 1947 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Сол жерде орта мектепті бітіріп, С.Киров атындағы университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсті.
Н.Чернованың шығармашылық қызметі Семей облыстық телестудиясында басталды. Онда телестудияның редакторы болды. Кейін Көкшетау облысында орта мектепте мұғалімдік жұмыс атқарды.
Н.Чернова Қазақстан Жазушылар Одағының Семей облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болды. Университетті бітіргеннен кейін “Жалын” баспасында редактор, “Ленинская смена” газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті жанындағы шығармашылық жастар кеңес басшысының орынбасары болды. 1980 жылдан “Простор” журналында бөлім редакторы қызметін атқарды.
Н.Чернова өлең жазумен бірге аудармамен де шұғылданды. Ол К.Ахметованың өлеңдерін орысшаға аударып, жеке кітапша етіп шығарды. Ақынның өз өлеңдері де қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған. Ақынның шығармалары: “Возраст августа”, “Цветущий саксаул”, “Помню”, “Кочевница” және т.б.
Өлеңдері қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған, 2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты болды. «Құрмет» орденінің иегері.
Әдебиеттер
Чернова, Н.Возраст августа: стихи / Н. Чернова. Алматы: Жазушы, 1978.
Чернова, Н. Цветущий саксаул: стихи. / Н. Чернова. - Алма-Ата:Жалын, 1979.- 135 с.
Чернова, Н.М. Скалы Баянаула: стихи. / Н. Чернова.- Алма-Ата, 1979. - С.67
Чернова, Н. Помню: стихи. / Н. Чернова.- Алма-Ата:Жазушы, 1982. – 88 с .
Чернова, Н. Бродячие сюжеты: стихи. / Н. Чернова. - Алма-Ата : Жалын, 1988. – 5 с.
Чернова, Н. Семипалатинск / Н. Чернова. // Простор. - 1991. - № 1- 2.- С. 153.
Чернова, Н. Стихи / Н. Чернова.// Простор. - 1994. - № 3. - С. 2 – 7.
Чернова, Н. Стихи / Н. Чернова.// Простор. - 1996. - № 9. - С. 32 – 33.
Чернова, Н. «Зердесі зерек – сөз зергері» / Н. Чернова. //Қазақ әдебиеті. - 2009. - 2 шілде (№ 9). - 1, 6 б.
***
Чернова Надежда // Советтік Қазақстан жазушылары: биобиблиографиялық анықтамалық. – Алматы, 1987. – 672 б.
Чернова Надежда // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, 2009. – 416 б.
Чернова Надежда // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 720 б.
10 ақпан Ғалым, техника ғылымдарының докторы Ж.С.Ержановтың туғанына 95 жыл (1922-2003)
Ержанов Жақан Сүлейменұлы 1922 жылы 10 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1944 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. 1944-1947 жылдары ҚазКСР ҒА-ның аспиранты, 1947 – 1949 жылдары ҚазКСР ҒА-ның Кен ісі институтының инженері. Кейін ҚазМУ- дің аға оқытушысы, ал 1951 – 1960 жылдары Днепропетровск кен институтының доценті болды. 1960 – 1968 жылдары ҚазКСР ҒА-ның Математика және механика институты директорының орынбасары және бөлім жетекшісі болды.
Ж.Ержанов 1968 – 1976 жылдары ҚазКСР ҒА – ның Президиумының Бас ғылыми хатшысы қызметін атқарды. 1976 – 1986 жылдары ҚазКСР – ның Сейсмология институтының директоры. ҚазКСР ҒА – ның Жер жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің академик – хатшысы. 1987 жылдан ҚазКСР Математика және механика институтының лаборатория меңгерушісі.
Негізгі ғылыми еңбектері жер қойнауындағы механика табиғатын, әр түрлі құбылыстарды зерттеуге, атап айтқанда, жер асты құбылыстарының беріктігі мен орнықтылығын, оның сейсмикалық төзімділігін есептеу әдістеріне, сейсмикалық процестерді математикалық модельдеуге, жердің тектоникалық даму механикасына т.б. арналған. Жалпы 345 рет жарияланған, оның ішінде 38 монография.
Ж.Ержанов 1974 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлық лауреаты атанған. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер
Ержанов Жақан Сүлейменұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 томдық. – Алматы, 1988. – 3т.. – 220б.
Ержанов Жақан Сүлейменұлы // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2001. – 3т. – 395 б.
Ержанов Жақан Сүлейменұлы // Қазақ елінің ғылыми тұлғалары = Лидеры науки земли казахской. – Павлодар, 2006. - 94 – 98 б.
Ержанов Жақан Сүлейменұлы // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 302 б.
26 ақпан Жазушы, әдеби сыншы А. А. Устиновтың туғанына 85 жыл (1932-2014)
Альберт Устинов 1932 жылы 26 ақпанда Павлодар облысы Қашыр ауданы Осьмерыжск селосында туған. Еңбек жолын 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін, мектепте орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастады. 1958 жылы Қазақстан ЛКЖО Қашыр аудандық комитетінің бірінші, 1959 жылы Павлодар облыстық комсомол комитетінің екінші, сонан соң бірінші, 1961 – 1965 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
А.Устинов 1965 – 1968 жылдары КОКП Орталық Комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасында оқыды. 1968 – 1982 жылдары партиялық жұмыста: Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1982 – 1986 жылдары республикалық “Казахстанская правда” газетінің редакторы, одан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі болды. Филология ғылымдарының кандидаты, бірқатар әдеби сын кітаптардың авторы. Халықтар Достығы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер
Устинов, А. Н. Астық жинайтын комбайндар: оку құралы. / А. Н. Устинов – Астана; Фолиант, 2007. – 119 б.
***
Устинов Альберт // Советтік Қазақстан жазушылары: биобиблиогр. анықтамалық. – Алматы, 1987. – 652 б.
Устинов Альберт // “Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр:анықтамалық. – Алматы, – 2004. – 319 – 320 б.
Устинов Альберт // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2006. – 524 б.
Устинов Альберт // “Қазақстан жазушылары: анықтамалық. – Алматы, – 2009. – 405 – 406 б.
5 наурыз Ғалым, философия ғылымдарының докторы Қ. Ш.Шүлембаевтың туғанына
80 жыл (1937-1998)
Қатыршат Шапағатұлы Шүлембаев 1937 жылы 5 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1959 жылы ҚазПИ- ді бітірген. 1959 – 1960 жылдары сол жерде оқытушы. 1961 – 1964 жылдары ҚазКСР- нің Орталық мемлекеттік мұражайының аға ғылыми қызметкері болды. 1967 – 1971 жылдары ҚазПИ - де аға оқытушы, ал 1972 жылдан бастап философия кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Қ. Шүлембаевтың ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты ғылыми атеизм және тарихи материализм болды.
Әдебиеттер
Шүлембаев Қатыршат Шапағатұлы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3т. – 582 б.
Шүлембаев Қатыршат Шапағатұлы // Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т. 2. – 464 б.
Шүлембаев Қатыршат Шапағатұлы // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 744 б.
***
Әйтенов, С. Ұлағатты ұстаз, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері: [философия саласына арналған ұлағатты ұстаз, ғалым, академик Қ. Ш. Шүлембаевтың 70 жылына орай] /С. Әйтенов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 3 наурыз. – 13 б.
Ақытегі, Н. Ғалымның хаты өлмейді... : [Академик Қ. Шүлембаевтың туғанына 75 жыл] / Н. Ақытегі // Сарыарқа самалы. – 2012. – 6 науыз. – 3 б.
5 наурыз Журналист Ө. Тастемхановтың туғанына 70 жыл (1947)
Өскембай Мұхамеджанұлы Тастемханов 1947 жылы 5 наурызда Павлодар қаласында туған. № 9 орта мектебінде 7 сынып бітіріп, 1961 жылы педучилищеге түсті.
1965 – 1966 жылдары Краснокутский (қ.Ақтоғай) ауданында Ақкөл орта мектебінде мұғалімдік қызметін атқарды. 1966 жылы сырттай ҚазМУ -–дің журналистика факультетіне түсті. 1966 жылы “Қызыл ту” газеті редакциясының әдеби бөлімінде жұмыс істеп, корректор болды. 1967 жылы журналист маман болып, 1991 жылға дейін газеттің жауапты редакторының орынбасары болды. 1991 жылдан 1998 жылға дейін коммерциялық бөлімнің меңгерушісі. Ал, 1998 жылдан бастап экономика бөлімінің редакторы болды.
Ө.Тастемханов экономика саласына арналған бірнеше кітаптың авторы. Көптеген грамоталармен марапатталған.
Әдебиеттер
Тастемханов, Ө. Астанаға қалай жетсек екен немесе күн тәртібінде - электропоезд мәселесі / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 20 сәуір. – 3 б.
Тастемханов, Ө. “Богатырь Аксес Көмір”: жаңа белестер / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 9 ақпан. – 4 б.
Тастемханов, Ө. Екібастұз өңірінің беделді басылымы “Отарқа” газеті туралы сөз / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 22 маусым. – 5 б.
Тастемханов, Ө. Еңбек ер атандырады / Ө. Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 25 мамыр. – 17 б.
Тастемханов, Ө. Жұртшылық жолдауымен қанаттанған / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 16 ақпан. – 20 б.
Тастемханов, Ө. Кәсіпкерін қолдаған мемлекет күшті / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 6 сәуір. – 6 б.
Тастемханов, Ө. “Тоғыз құмалаққа тосырқамай қараңыз” / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2006. – 16 наурыз. – 36 б.
Тастемханов, Ө. Әбекең әрқашан қатарда: [ҚР Еңбек сіңірген көлік қызметкері, «ҚТЖ» ҰК» Консультативтік кеңесінің мүшесі Ә. Сарқыншақов туралы] / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2009. – 9 мамыр. – 6 б.
Тастемханов, Ө. «Әлем біріншілігінде бағымды сынағым келеді»: 63 жастағы спорт ардагері В. Ухов осылай дейді / Ө.Тастемханов // Сарыарқа самалы. – 2010. – 5 қазан. – 5 б.
7 наурыз Ғалым, геология – минералогия ғылымдарының докторы Ғ. Р. Бекжановтың туғанына 90 жыл (1927-2015)
Бекжанов Ғинаят Рахметоллаұлы 1927 жылы 7 наурызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Геология - минералогия ғылымдарының докторы. Профессор. Халықаралық инженерлік және халықаралық минералды ресурстар Академияларының, Жаратылыстану ғылымдары Ресей Академиясының академигі. ҚазКСР және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты (1972, 1984). Қ.И.Сәтпаев атындағы сыйлықтың лауреаты (1991). ҚазКСР еңбек сіңірген геолог- барлаушысы (1970).
Ғ.Бекжанов қазақ тау - кен институтының (қ. Қ.И.Сәтпаев атындағы Қаз ҰТУ) геологиялық барлау факультетін бітірген. Еңбек жолын 1941 жылы егін бригадасының есептеушісі болып бастады. 1951 – 1961 жылдары геологиялық жұмыста. 1956 жылы Қарағанды геология басқармасының Қарағайлы экспедициясының бас геологы. 1961 – 1972 жылдары Қазақстан геофизикалық трестің бас инженері және бас геологы.
Ғ.Бекжанов Қазақстанда аймақты рудалық, геофизика және мұнай геофизиктерінің алдыңғы қатарлы мектебінің дамуына үлкен үлес қосқан. 1972 – 1997 жылдары Қазақстан минералды шикізат ғылыми зерттеу институтын басқарды және 1987 –1997 жылдары сол жұмыспен қатар «Казнедра» ғылыми - өндірістік бірлестігінің бас директоры болды. 1997 жылы ҚР Минералды ресурстар Академиясының Президенті болып тағайындалды.
Ленин орденімен, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет» ордендерімен және басқа медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер
Ғ. Р. Бекжанов // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999. – т. 2. – 256 б.
Ғ. Р. Бекжанов //Қазақстан ғылымы: энциклопедия. – Алматы, 2009. – т. 1. – 233 б.
Ғ. Р. Бекжанов // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 239 – 240 б.
***
Сахаба, Т. Ғалымның хаты өлмейді: [жерлесіміз, ғалым Ғ. Бекжанов жайлы] / Т. Сахаба // Сарыарқа самалы. – 2015. - 28 наурыз. – 12 б.
15 наурыз “Мойылды” курортының ашылғанына 95 жыл (1922)
Мойылды – Павлодар қаласынан 11 км жерде, Құлынды жазығының батыс бөлігінде, Қазақстанның Павлодар облысындағы шипалы балшықты курорт ауылы.
Ауа райы ызғарлы-континенттік, жазы жылы (шілде айының орташа температурасы 21 °C), қысы суық (қаңтар айының орташа температурасы 18 °C); ылғалдылығы жылына 260 мм.
Емдік заттар: Мойылды көлінің тұнбалы балшығы мен ащы-тұзды рапа. Мұнда қимыл-қозғалыс органдары, гинекологиялық, жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын адамдарды емдейді. Санаторий шипалы балшықпен емдейтін орын.
Мойылды Павлодар қалалық әкімшілігіне бағынышты ауыл, аттас ауылдық округінің орталығы, 1994 жылдан бастап Павлодар қаласының шегіне енген. Мойылды ауылы Ертіс өзенінен 12 км және Павлодар қаласынан 11 км жерде Мойылды көлінің жағалауында орналасқан. Координаттары – 52,24 с.е. және 77,4 ш. б.
Мойылды – тұзды көл, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 11 км жерде және Павлодар станциясынан 15 шақырымда орналасқан. Теңіз деңгейімен салыстырғанда 107,3 м биіктікте орналасқан. Ауданы 0,98 км.ш, тереңдігі 1,2 м. Көл батыстан шығысқа қарай созылған, жағалауы төмен, оңтүстік пен батысқа қарай шалшықтанған, қамыстар өскен. Көлдің балшығын бальнеологиялық мақсатта пайдаланады. Көлдің жағалауында «Мойылды» курорт-санаторийі орналасқан.
Аумақта республикалық деңгейдегі санаторий жұмыс істейді. Жыл сайын бұнда 9 мыңнан аса адам демалып, сапалы ем алады. «Мойылды санаторийі» АҚ басшылығы ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысады.
«Мойылды» санаторийі Павлодар облысында, Павлодар бекетінен 15 км және Павлодар қаласынан 11 км жерде орналасқан, Павлодар қаласы шегіне кіреді. Құлынды жазығында Мойылды тұзды көлінің (Черемухово) жағалауында орналасқан.
Мойылды көлінің балшығын емдік мақсатта 1916 жылдан бастап пайдалана бастады. Бұнда павлодарлық монша иесі И.Словцов науқас адамдарға алғашқы емдік барақ орнатқан.
Курорт ретінде 1922 жылдан бастап жұмыс істейді. Курорт ХХ ғ. 30-40 жылдары салынған саябақта орналасқан. Негізгі табиғи-емдік факторлар – көлдің тұнбалы балшықты сульфат-хлоридті натрий-магнийлі рапасы (оның ауданы 0,5 км.ш). Мойылды аумағында 700 м тереңдіктен бұрғылау жолымен табиғи ауыз суы мен емдік натрийлі су алады.
Негізгі бағыттары: балшықпен, рапамен емдеу. Санаторий жанында жоғары минералды тұнбалы балшық пен рападан, сондай-ақ минералды су саңылауынан тұратын табиғи көл бар. Шипалы балшықпен емдеуге медициналық түсінік: қимыл-қозғалыс органдарының ауруы, жүйке жүйесі, гинекологиялық аурулар, тыныс алу органдары аурулары, қант диабеті, тері аурулары.
Мойылды ауылында 1080 аса адам тұрады, ұлттық құрамында қазақтар (79,6%), орыстар (13%), немістер (4,5%) және т.б. бар.
Ауылда пошта бөлімшесі, медициналық пункт, кітапхана, 3 дүкен жұмыс істейді. Сонымен қатар №38 жалпы орта мектебі бар. Бұнда 114 оқушы оқиды. Мектептің педагогикалық ұжымы 28 мұғалімді құрайды, оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде өтеді. Ескі саябақ бар. Ауылдағы ардагерлер кеңесі жанында «Даналық» клубы жұмыс жасайды. Ауыл жолаушыларын тасумен «Шығыс» ҚБ (№ 66 маршрут) айналысады. Сондай-ақ екі шаруа қожалығы, мал мен құс өсіретін 70 жеке үй басы тіркеліп, жұмыс істейді. Мойылды ауылында мынадай 7 көше бар: Абай, Курортная, Парковая, Подхозная, Степная, Центральная, Черемуховая.
Әдебиеттер
Мойылды // Қазақ Совет энциклопедиясы. – Алматы, 1976. – Т. 8. – 88 б.
Мойылдының шипалы балшығы // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. Алматы, 1984. – Т. 4. – 396 б.
Мойылды // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 2004. – Т. 6. – 539 б.
Мойылды
***
Бықай Ф. Мойылды енді мұңаймайтын болар: [Мойылды ауылы туралы] / Ф. Бықай. // Егемен Қазақстан. – 2006. – 28 қаңтар. – 2 б.
Бықай, Ф. Мойылды мұңаймайтын болды: [Павлодар облысындағы Мойылды ауылы туралы] / Ф. Бықай. // Егемен Қазақстан. – 2006. – 10 қазан. – 5 б.
Жұматов, Ғ.Тұрғындардың сұрақтан гөрі ризалығы басым болды (Павлодар қаласының әкімі Бәкір Саматұлы Демеуовтің Мойылды ауылдық округі тұрғындарымен есепті кездесуінен) / Ғ. Жұматов.
// Сарыарқа самалы. - 2006. - 31 қаңтар. - 1 – 2 б.
Молдайып, С. Мектеп деген - даналардың мекені..." (Мойылды ауылында жаңа білім ордасы ашылды) / С. Молдайып. // Сарыарқа самалы. - 2006. - 2 қыркүйек. – 1 б.
Соколкин, Э. Д. Мойылды // Соколкин, Э. Д. Қаламыздың көшелері / Улицы нашего города. / Э. Д. Соколкин. – Павлодар, 2007. - 227 б.
Мойылды шипажайының бас дәрігері Есенаман Қаймиденов: Дертке шипа байлығымызға жанашырлықпен қараймыз: [Мойылды шипажайының бас дәрігері Есенаман Қаймиденовпен сұхбат]
// Сарыарқа самалы. - 2009. - 10 қыркүйек. - 4 – 5 б.
Молдайып, С. "Мойылдының" болашағы зор : [Мойылды ауылы жайлы] / С. Молдайып. // Сарыарқа самалы. - 2009. - 20 тамыз. – 4 б.
Жоламанов, Б. Т. Қалада шешілген де, шешілмеген де мәселе көп: [«Жол картасы» бойынша әлеуметтік, коммуналдық шаруашылық бағыттарындағы, жұмыссыз тұрғындар туралы мәселелер Павлодар қаласының әкімі Б. Т. Жоламановпен сұхбат] / сұхбаттасқан Ғ. Жұматов / Б. Т. Жоламанов.
// Шаһар. – 2009. – 17 қыркүйек. – 2 – 3 б.
Қабдуахит, Ә. Мойылдылықтар мүдделестік танытты: [Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуовтың Мойылды ауылының тұрғындарымен есепті кездесуі] / Ә. Қабдуахит. // Шаһар. – 2009. – 29 қаңтар. – 3 б.
Әміренов, Ф. Аты алысқа тараған Мойылды: [Мойылды ауылы туралы] / Ф. Әміренов. // Сарыарқа самалы. – 2010. – 11 желтоқсан. – 6 б.
Мойылды // Ертістің Павлодар өңірі. – Алматы, 2013. – 239 – 240 б.
Достарыңызбен бөлісу: |