Серікбол Қондыбай (1968 – 2004) – ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы. Серікбол Әділбекұлы Қондыбай Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде 1968 жылы 14 наурызда дүниеге келген.
1975-1985 жылдары Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентіндегі №3 мектепте білім алған. 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетін “географ-геоморфолог” мамандығы бойынша бітіріп шыққаннан кейін еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін аудандық “Білім қоғамында” жауапты хатшы, аудандық байланыс торабында монтер болып қызмет еткен. 1986 жылғы “Желтоқсан оқиғасына” қатысып, 17 желтоқсан күні ұсталып, 10 күн қамауда отырған.
Биографиясы 1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003), «Арғықазақ мифологиясы» (2004), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005), «Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар.
Серікбол Қондыбай бар болғаны 36 жыл өмір сүрсе де қазақ халқының тарихи санасын қалыптастыруда биік мақсат, ұлттық мүдде тұрғысынан қыруар жұмыс тындырған азамат. Сондықтан да, оның ғылымға, мәдени тарихымызға қосқан зерттеулері жоғары бағаға ие. Айрықша айта кетерлігі, Серікбол Қондыбай өзіне дейінгі ғалымдардың тісі бата қоймаған осы қиын да күрделі, терең де ауқымды мәселеге тайсалмай қалам тартты. Жас ғалымның қазақ мифологиясының табиғатын ашу мақсатында оны тілдің құрылымы тұрғысынан зерттеудегі, атаулар мен есімдердің мифологиялық астары мен мазмұнын танудағы еңбегі өзінің жоғары бағасын ала білді. Бүгінгі басқосуды осы мәселе кеңінен сөз болды. – Серікбол Қондыбай қазақ мифологиясының архетиптерін зерттеп, терең мәдени-танымдық және этнографиялық тұжырымдар жасады. Ғылыми қауымдастық Серікболдың осынау жүйелі ізденістерін қазақтың мәдениеттану саласындағы жаңашыл бағыт ретінде мойындады. Осы ретте, өмір жолы елі мен жерін, халқын шексіз сүюдің шынайы үлгісіндей болған Серікбол Қондыбайдың мол мұрасын жариялауға және есімін ұлықтауға бағытталған ресми шаралар қолға алынып, жүйелі жалғасын таба беретін болады, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Серікбол Қондыбайдың 16 томдық толық шығармалар жинағы, «Эстетика ландшафтов Мангистау», «Есен-қазақ», «Маңғыстаунама» атты кітаптары және орыс тіліне аударылған 4 томдық «Арғы қазақ мифологиясы», «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» және «Қазақ даласы және герман тәңірлері» атты іргелі еңбектері бар
– С.Қондыбайды Қазақ және қоғамтанудың бренді десек болады. Ол мифология сөздігінің алғашқы нұсқасын жасады. Өмірінің соңғы тоғыз жылын Шетпе ауылында өткізді. Яғни денсаулығына байланысты. Ғылыми ортадан тыс жүргеніне қарамастан артына үлкен мұра қалдыра білді.