Диспепсиялық шағымдар: тәбеттің нашарлауы, ауызда ащы дәм болу, кекіру, жүрек айну, құсу, қатпа не іш өту, іш кебу, іштің құрылдауы. Бұл шағымдар ас қорыту жүйесінің басқада мүшелерінің ауруларында кездеседі.
Қызу көтерілу өт қабының және өт жолдарының қабынуында, бауыр абсцессінде, рагінда, белсенді гепатитте байқалады.
Тері қышымасы терідегі нерв талшықтарының қанда көбейген өт қышқылымен тітіркенуіне байланысты пайда болады. Қалыпты жағдайда өт қышқылы бауырдан өтке бөлініп шығады. Өт қышқылдарының қанға өтуі сарғаюдың механикалық, сирегірек паренхиматозды түрлерінде кездеседі, кейде сарғаю алдында басталады және қышу өте тұрақты болып түнге қарай күшейіп отырады.
Сарғаю - терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сары түске айналуы, қанда жинақталған өт пигменттерімен боялғаннан дамиды. Сарғаю тез не баяу дамуы мүмкін.
Бауыр үсті сарғаю - бұл эритроциттердің гемолизінен болады: токсикалық улануларда.
Нақты бауыр сарғаю - бұл гепатоциттердің зақымдануында: гепатит, бауыр циррозында.
Бауыр асты сарғаю (механикалық сарғаю) - бұл өт бауырдан шығып, іркілгенде: өт қабында, өт шығару жолдарында. Өт тас ауруында, ісіктерде.
Достарыңызбен бөлісу: |