Лейкоцит формуласы. Лейкоцит түрлерінің пайыздық ара қатынасы лейкоцит формуласы деп аталады. Барлық лейкоциттер саны 100% болып саналады.
Нейтрофилдер - 50-70% құрайды,
Жас нейтрофилдер: таяқша ядролық-2-5% , жас 0-1%.
Жетілген нейтрофилдер - сегментоядролық: 51-67%. Нейтрофилдер ағзада бактерияларға қарсы қорғаныс қызметін атқарады.
Эозинофилдер - 2 - 4% құрайды. Эозинофилия - көбеюі ішек құрттарында, есекжемде, аллергоздарда, бронх демікпесінде.
Базофилдер - 0,5 - 1% . Жедел лейкозда, бруцеллезде болады.
Лимфоциттер - 23 - 25% құрайды. Лимфоцитоз - инфекционды ауруларда, вирустарға қарсы кездеседі.
Моноциттер - 4-8% құрайды. Қорғаныс функцияға, фагоцитозға қатысады. Моноцитоз - туберкулезде кездеседі.
Қан ағу уақыты - 2-5 мин тромбоцитопенияларда, геморрагиялық синдромда ұзарады, гемофилияда қалыпты немесе кішкене ұзарады.
Қан ұюы уақыты - 6-8 мин, гемофилияда ұзарады
Достарыңызбен бөлісу: |