Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Кеуде сарайының деформациясы



бет49/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Кеуде сарайының деформациясы омыртқаның қисайғанында, кездеседі: сколиоз - омыртқа шетке қарай қисаяды, кифоз - омыртқа артқа қарай қисайып бүкір болады, лордоз - алдыға қарай, кифосколиоз - шетке және артқа қарай.

Кеуде сарайы түрінің өзгерісі қос жақты емес, бір жақты болуы мүмкін. Кеуденің бір жағының кішіреюі- пневмосклерозда. Кеуденің бір жағының ұлғаюы плевра қуысына ауа не сүйықтық жиналғаннан.



Дем алудың түрлері:

  1. Кеудемен дем алу- дем алуға қабырға аралық бұлшық еттер қатынасады. Көбіне дем алудың бұл түрі әйелге тән.

  2. Ішпен дем алу, не диафрагмалық дем алу еркектерге тән.

  3. Аралас дем алу ол қарт адамдарға тән.

Тыныс алу жиілігі: қалыпты жағдайда сау адам 1 минутына 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алу жиілеуі - тахипноэ, сиреуі – брадипноэ, уақытша тоқтап қалуы – апноэ. Қалыпты жағдайда тыныс алудың жиілеуі дене қызметінен, тамақ ішкеннен кейін және әр түрлі психикалық факторлардың әсерінен болады. Патологиялық жағдайда дем алудың жиілеуі өкпенің дем алатын бетінің азаюынан және дем алғанда кеуденің шаншуынан болады. Қалыпты жағдайда тыныс алудың сиреуі ұйқы кезінде болады/ваготония/. Патологиялық жағдайда дем алудың сиреуі бас сүйек іші қысымының өсуінен және уланудан болады.

Сау адамның дем алуы ырғақты, тереңдігімен ұзақтығы бір қалыпты болады. Бір дем алған ауаның мөлшері 300 - 800 мл болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет