Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет7/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
Деформацияланған пісіру құрылымдарын жөндеу, 5ddcb76d5d423 1574745965
Емдеудің түрлері.

Тәртіппен емдеу. Пациенттің жағдайына байланысты қатаң, жартылай төсек, жалпы төсек тәртібі тағайындалады.

Диетотерапия - емдәммен емдеу. Емдік емдәмдердің 15 түрі болады. №1, 2 асқазан ауруларында, №5 бауыр ауруларында, №7 бүйрек ауруларында, № 9 қантты диабетте, №10 жүрек ауруларында т.б

Минералды сумен емдеу - минералды су сілтілі және қышқыл болады. Пациенттерге асқазанның қышқылдығына байланысты тағайындалады. Кейбіреуінде несеп айдайтын эффектісі болады.

Қымызбен емдеу. Қымыз бұл биенің ашытқан сүті. Антисептикалық, иммунитетті өте күшті, көтеретін әсері бар.

Медикаментозды емдеу. Дәрі-дәрмекпен емдеудің бірнеше түрі болады.

  1. Этиологиялық емдеу - ең біріншіден аурудың себебіне әсер ететін дәрілер тағайындалады. Мысалы: бактериальді инфекцияларда - антибиотиктер, сульфаниламитер, туберкулезде - изониазид және т.б.

  2. Ппатогенездік емдеу - ауру барысында өзгерген мүшелердің функциясына әсер ететін ем.

Симптоматикалық емдеу. Аурудың белгілі симптомдарына әсер ету, мысалы: жөтелге - қақырық түсіретін микстура, бас ауырғанда - парацетамол т.б.

Физиотерапиялық емдеу - кейбір көрсеткіштерге физиотерапиялық әсер беру. Бұл массаж, диатермия,УВЧ, ультракүлгін сәулелері, ультрадыбыс, сумен емдеу және т.б.

Психогенді емдеу - тағайындалған емге пациенттің сенімін тудыру, оны сендіру, әсіресе препараттарды аз дозада қабылдау қажеттігін. Кейде гипнозбен, аутотренинг, психотерапиямен емдеу қажет.

Фитотерапия - шөптермен емдеу, шырындармен емдеу әр түрлі жеміс жидектің шырынымен емдеу, ара өнімдерімен емдеу - бал, прополис, металлотерапия, рефлексотерапия, уринотерапия, магнитотерапия және т.б.

Емдегенде полипрогмазиядан аулақ болу: өте көп мөлшерде дәрі дәрмек тағайындамау. Әсіресе аллергиялық реакциялардан сақ болу керек және дәрілік заттың қабылдау уақытын, мөлшерін, балалар дозасын білу керек.

Алдын алу (профилактика) - бұл аурулардың дамуына мүмкіндік бермейтін шаралар кешені. Жеке және жалпы алдын алу болады. Жалпы алдын алу бұл өкімет жүргізетін шааралар. Бұл диспансерлер, санаторийлер салу, вакцинация, ревакцинация, флюорографиялық зерттеу жүргізу. Жалпы халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру. Радио, теледидар, журналдар арқылы санитарлық тазалыққа үгіттеу. Ішкі аурулармен ауыратын пациенттерді диспансерлік тіркеуге алу. Пациенттерді жылына 1-2 рет бақылап алдын – алу (рецидивке қарсы) емдеу тағайындау, санаторлы- курорты емдеуге жіберу.

Жеке алдын- алу- Әр адамның жеке бас гигиенасын сақтауы, санитарлық мәдениетін көтеру, жыл мерзіміне сай киіну, экологияға қамқорлықпен қарау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет