Патогенез – аурудың даму механизмін, ағымын және аяқталуын зерттейтін ғылым.
Симптом - аурудың бір белгісі. Мысалы, жөтел - бронхиттің симптомы, шөлдеу- қант диабетінің, жүректе ауырсыну- стенокардияның , ентігу- жүрек жетіспеушілігінің.
Симптомдар субъективті және объективті болып бөлінеді.
Субъективті симптом - науқас адам ауруының белгісін сезіп, ауруы туралы өзі айтып жеткізу.
Объективті симптом: бұл тексерген кезде анықталған белгі, жалпы қарауда, пальпация, перкуссия және аускультацияда анықталады. Мысалы: көгеру, ісіну, бауырдың ұлғаюы.
Синдром - өзара тығыз байланысы бар ұлпалармен жүйелердегі патологиялық өзгерістерді көрсететін симптомдар. Мысалы: ісіну синдромы (ісінулер, асцит, терінің бозаруы немесе көгеруі), диспепсиялық (жүрек айну, лоқсу, қусу, іш өту)
Диагностика – ауруды тексеру тәсілдері туралы ғылым. Бұл терминнің ішіне пациентті толық тексеріп диагнозын қою кіреді.
Диагноз - ауру туралы медициналық терминмен айтылатын аурудың қысқа түйінін айтады.
Диагноздың түрлері:
Болжамалы диагноз - ауру туралы информация толық жиналмаған кезде қойылады, көбінесе қабылдау бөлімінде.
Клиникалық диагнозды - ауру туралы барлық мәліметті, соның ішінде зертханалық, аспаптармен зерттеулер жинағанда қояды.
Қорытынды диагноз - дифференциалды диагноз жүргізілген кезде қойылады.
Дифференциалды диагноз деп осы қойылған диагнозбен кейбір симптомдар ұқсастығы бар барлық болжамды диагноздарды тізімнен шығару әдістері.
Аурудың емі. Диагноз қойылғаннан кейін пациентке емдеу тағайындалады. Ол комплексты болады, медикаментті терапиядан басқа оның ішіне тәртіп сақтау, диета, физиотерапия басқада дәстүрлі емес емдеу әдістері кіреді. Емханада жүргізілетін емдеу- амбулаторлы, стационарда- стационарлы, санаторияда- санаторлы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |