Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет71/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
Деформацияланған пісіру құрылымдарын жөндеу, 5ddcb76d5d423 1574745965
Жүректің пальпациясы
Оң қолдың алақанын жүрек тұсына көлденең қойып жүрек ұшы соққысын зерттейміз, оның орналасуын, көлемін, биіктігін және күшін анықтаймыз. Қалыпты жағдайда 5 қабырға аралықта 1-2 см бұғана орта сызығынан ішке қарай орналасады. Митральды стенозда кеуде сарайында жүрек ұшы тұсында діріл байқалады оны «мысық пырылы» деп атаймыз.
Артериялық пульстің пальпациясы. Артериялық пульс деп ырғақты түрде артерия қабырғасының систолаға сәйкес кеңіп диастолаға сәйкес басылуын айтады. Пульстің пайда болуы артерия ішіндегі қысымның өзгерісіне байланысты. Қалыпты жағдайда артерия қабырғасының кеңіп тарылуы көзге көрінбейді, соңдықтан оны тексеріп білетін негізгі жол – пальпация тәсілі.

Пульсті көбінесе білек артериясын тексеру арқылы зерттейді, келесі қасиеттерін анықтайды: ырғағы, жиілігі, тығыздығы, толықтығы, шамасы. Қалыпты жағдайда пульс ырғақты, минутына 60 – 80 рет, тығыз, толық.

Экстрасистолияда кейбір пульс толқындары анықталмай пауза болып қалады. Жыпылықтау аритмияда пульс толқындарының ырғағы бұзылады. Пульс жиілесе - тахикардия дейді, ал сиресе - брадикардия. Пульс жиілігі жүрек жиырылуынан қалыңқы болса оны «пульс дефициті» дейді.

Артериальды гипертонияда пульс тығыз болады, артериальды гипотонияда – жұмсақ, әлсіз болады. Толықтығына қарай толық және әлсіз пульс болып бөлінеді және әлсіз пульстің қылдай пульс деген түрі болады, ол жүректің өте әлсіреуін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет