Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Жүрек- тамыр жүйесі зақымданған пациенттерді тексеру



бет91/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Жүрек- тамыр жүйесі зақымданған пациенттерді тексеру


Шағымдары:

  1. Ентігу (тұрақты, мезгілімен), тұншығу

  2. Жүрек тұсында ауырсыну (ұзақтығы, орналасуы, иррадиация, пайда болу шарты)

  3. Жүрек қағу, шалыс соғу

  4. Аяқтарында ісінулер

  5. Жөтелу, қан қақыру

  6. Диспепсиялық шағымдар




Ауру анамнезі:

  1. қауіпті факторлар

  2. себептер

  3. аурудың басталуы ж/е дамуы

  4. емдеу




Өмір анамнезі:

  1. Тұқым қуалаушылық

  2. Зиянды әдеттері

  3. Еңбек, тұрмыс жағдайы

  4. Жүйке-психикалық күш түсу

  5. Мамандық

  6. Салқын тию

  7. Жиі баспалар




Науқасты тікелей зерттеу:

Қарау

Пальпация

Перкуссия

Аускультация

  1. тері цианозы

  2. ентігу

  3. ісінулер

  4. веналардың ісінуі

  5. мойын веналарының ісінуі

  1. жүрек ұшының соққысы

  2. пульс

  1. жүректің шекарасы

  2. бауырдың ұлғаюы

  3. асцит

  1. Жүрек ырғағы

  2. Жүрек тондары

  3. Жүрек шулары







Аспапты және лабораторлы зерттеу әдістері

1. Қанның жалпы анализі

2. Қан б/х: ақуыз, фибриноген, холестерин, СРБ, протромбинді индекс, трансаминазалар



3.Иммунологиялық зерттеу әдістері

  1. Артериальды қысымды өлшеу

  2. Рентгенологиялық зерттеулер /скопия,графия/

  3. Сфигмография

  4. ЭКГ

  5. ФКГ

  6. Жүректі ультрадыбыспен зерттеу /УДЗ/

  7. Спирометрия

  8. Эхокардиография




Ас қорыту жүйесі зақымданған пациенттерді

тексеру әдістері
Өңеш.
Сұрастыру арқылы келесі симптомдар анықталады.

Дисфагия – бұл өңеш арқылы тамақ өтудің бұзылуы, тамақты қиналып жұту мен тамақты жұта алмау. Бұл шағым негізінен өңештің тарылғанынан болады. Өңештің тарылу себептері органикалық және функциональды болып, екі топқа бөлінеді.

Органикалық себептер - қылтамақ, жедел және созылмалы эзофагит, өңештің күюі мен күйіктен кейін тыртықтануы және өңеш дивертикулы жатады.

Функциональды себептер - өңештің түйілуінен болады, өңештің бұлшық еттерінің инервациясы бұзылғанда немесе невроздарда. Функциональды дисфагия ұстамалы түрде болады, қою тамақ сұйық тамақтан жақсы өтеді.

Өңеш бойының ауырсынуы эзофагитке, өңештің күйгеніне тән. Ауырсыну жауырын аралығына қарай тарайды.

Құсу. Өңеш ауруларында құсу өңештің тарылғанынан болады. Қабылдаған тамақ өңештің тарылған бөлігінің жоғарғы жағында жиналып, құсу тамақ ішкеннен шамалы уақыттан кейін басталады. Құсар алдында жүрек айну болмайды. Өңеш құсығының көлемі 100 -200 мл ден аспайды, себебі одан көп көлемді тамақ өңешке симайды. Құсықтағы тамақ жұтқан күйіндегіндей өзгермеген болады, шіри бастаған белгі береді (шірік иісі болады). Құсықта тұз қышқылы және пепсин болмайды.

Сілекей ағу - эзофагитте, өнештің тыртықталып тарылуынан, қатерлі ісіктерде кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет