Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Жедел тамыр жетіспеушілігі синдромы



бет87/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Жедел тамыр жетіспеушілігі синдромы

Жедел тамыр жетіспеушілігі – тіндердің және мүшелердің қанайналымының бұзылуымен жүретін, пеифериялық қанайналымының бұзылуы. Талу, коллапс, шок түрінде айқындалады.

Талу (обморок) – сананың кенеттен қысқа мерзімді бұзылуы. Жүрек және тыныс алу жүйелерінің қызметінің ми гипоксиясы нәтижесінде әлсіреуі және тез арада қалпына келуі.

Этиологиясы: ыстық күн, қобалжу, ауырғандық, дене қалпын өзгерту, физикалық күш түсу.

Клиникасы: көздің қарауылтуы, құлақтың шулауы, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, терлеу, терінің бозаруы, бірнеше секундтан бір минутқа дейін есінен танады.

Коллапс – артериалдық қан қысымның кенеттен тұрақты төмендеуі және жалпы қан көлемінің өзгерісіне байланысты перифериялық қан айналымның бұзылуымен, тамыр тонусының төмендеуімен сипатталады.

Себептері әр түрлі болуы мүмкін, көбінесе олар басқа аурулардың асқынуы болып табылады.



Коллапстың үш түрін ажыратады: кардиогендік (миокард инфарктысы, миокардиттер т.б.), тамырлық (улану, қызба) және геморрагиялық (қан кетуде).

Көп жағдайларда коллапс кенеттен жедел түрде дамиды. Бастапқыда айқын әлсіздік, бас айналу, құлақта, басында шудың болуы; тоңу, аяқ-қолдарнының салқындауы, көз алдының бұлдырлануы, көздің көруінің нашарлауы. Санасы көбінесе сақталады, бірақ пациенттер тежеліп қоршаған ортаға қызығушылықсыз болып сыртқы тітіркендіргішттерге жауап бермейді.



Ауыр жағдайларда санасы біртіндеп жойылады. Бетінде, аяқ-қолдарының құрысу байқалу мүмкін. Рефлекстер төмендеп жойылады, көз қарашықтары кеңейіп, жүрек қызметі әлсірейді, пациент өлімге ұшырауы мүмкін.

Коллапстың ең маңызды белгісі қан қысымның төмендеуі. Систолдық, диастолдық және пульстік қысым төмендейді. Көбінесе коллапста артериялдық қан қысымы 80мм сын.бағ. төмен, ал алдында артериялдық гипертензия болса бастапқы кезінде АҚҚ қалыпты болуы мүмкін. Коллапстың өте ауыр ағымында АҚҚ анықталмауы да мүмкін.



Шок – мүшелердің қызметіне қажетті оттегі жеткіліксіз болатын жағдай. Тітіркендіргіштердің ағзаға шектен тыс әсер етуіне байланысты, мүшелердің және тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің кенет бұзылуынан, дистрофияның, ацидоз және тін некрозы дамуынан пайда болатын симптомдар жиынтығы.

Тітіркендіргіштер экзогенді немесе эндогенді болуы мүмкін. Жиі шокогенді фактор ретінде ауырсыну сезімі болады. Шок терминімен этиологиясы әртүрлі клиникасы ұқсас жағдайлар белгіленеді.



Шокка тән белгілер: артериалдық гипотония, олигурия, психикалық бұзылыстар, лактацидоз. Және шокта негізгі аурудың белгілері анықталады.

Шок ағымы диссиминацияланған тамыр ішілік қан ұю синдромымен, мезентериальды ишемиямен, миокард жиырылғыштығының бұзылуымен, бауыр және бүйрек шамасыздығымен асқынуы мүмкін.



Ем болмаған жағдайда шок көбінесе өлімге әкеледі. Кардиогендік және септикалық шокта өлім көрсеткіші 50% дан жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет