Объективті зерттеу. Қарау. Жалпы қарағанда науқастың жалпы келбетіне көңіл бөлу керек: терісі қан кетуден бозарып тұрады, асқазан обырында науқас жүдейді, терісі бозғылт, жер түстес, көз қарасы мұңайлы.
Ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысын қарағанда тістің бүтіндігіне, тұтастығына көңіл бөлінеді. Тісі толық болмаса науқас тамағын дұрыс шайнамайды деген қорытынды шығарылады, кариозды тіс болса ол инфекция ошағы болып саналады.т ілді қарағанда тіл үстін түбіне дейін көреді,ол өте көп мәлімет береді:
таза ылғалды - қалыпты жағдайда және асқазан ойық жарасының ремиссия кезеңінде