Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет99/153
Дата11.01.2022
өлшемі235,3 Kb.
#110826
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153
Байланысты:
Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы

Ішектен қан кету. Ішектен кеткен қанның түсі қызыл болады. Қанның ішектен тез не аздап кетуі мүмкін. Тез кеткенде коллапс дамиді, ал аздап кеткенде анемия даму мүмкін.

Қан кетудің себептері:



  • ішек қабырғасында жара болу

  • ішек қабырғасында қан айналымның нашарлауы

  • геморрагиялық диатездер


Анамнез. Анамнез белгілі схема бойынша жиналып, ішек ауруларына тереңрек көңіл бөлу керек, тамақтану ережесін, аллергияларын, зиянды әдеттерін, қолданылған дәрілер, ауырған ауруларын, жақын тума туыстарының денсаулығын анықтау керек.
Ішек ауруларында кездесетін синдромдар:

  1. Диспепсиялық- диарея, қатпа, метеоризм

  2. Ауырсыну

  3. Геморрагиялық (ішектен қан кету)


Объективті тексеру.
Қарау. Ішек ауруларында ұзақ уақыт сіңіру процесстері бұзылғаннан адам жүдеу, бозарған, аяқтарында ісінулер болуы мүмкін.

Анемия әсерінен, терісі құрғақ бозарған болады, өйткені темір сіңбейді. Ерін бұрыштарының тілмесі - витаминдер сіңу процесстері бұзылып гиповитаминоздың белгілері.



Ішті қарау. Конфигурациясына көңіл бөлу керек, іштің терісінде венозды торлар болу, метеоризм әсерінен кеуіп тұру мүмкін. Пациентке ішпен демалуын сураймыз, іштің ауырсынуында терең демалмайды.

Пальпация. Ішектің зерттеуінде пальпация негізгі әдістің біреуі болып саналады. Пальпация ережелері: пациент арқасында бос жату керек, қолы бос дене бойында немесе кеудесінде, жастықсыз, аяқтары бүгілген, ашыңқыраған, бөлме жылу болу керек. Зерттеуші тұрып эпигастрий аймағымен бүйірлерін зерттейді. Беткей пальпациядан кейін терең пальпация Образцов-Стражеско әдісімен жүргізіледі. Пальпацияны бір қолмен жүргізеді, оң қол сипайды, сол қол үстінен басып тұрады. Көлденең тоқ ішекті тексергенде асқазанның астынан кіндік маңайында жоғарыдан төменге қарай, қийма тәріздес және соқыр ішекті, мықын аймағында ішінен сыртқа қарай.

Тік ішекті тазалау клизмасынынан кейін пациентті тізе - шынтақ позасына қойып, майланған екінші саусақпен тік ішекті тексереді, саусақ сфинктерді өткеннен кейін әйелдерде жатырдың қынап жағын, ер адамдарда простатасын анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет